Жүздердің зерттелуі

Жүздердің зерттелуі…
Автор: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дəуіріндегі қалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері – жүздер болды жəне дəстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жəне Кіші жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында əлі ортақ пікір жоқ,мүмкіндігінше соны зерттеу барысындамыз. Біз көптеген түсініксіз пайымдарға жолықтық. Əрине, бұл жағдай ізденістеріміздің ауырлығын жəне жауапкершілігінде байқатты.
Жалпы Еуропа мен Ресейдің тарихи жазба əдебиеттерінде қазақ халқының жүздерге бөлініп орналасқаны туралы мəліметтер сиректеу. Тек, орыс ғалымдарының, саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде көрсетілген. Мысалы орыс дипломаты М.Тевкелев қазақтардың үш жүзге бөлініп жайласқанын жазған. (1) И.Кириллов, П.И.Рычков, В.П.Татищев, И.Г.Георги, А.Левшин жəне т.б. Ресей ғалымдары көбінде қазақтардың үш жүзге бөлінетінін атап өтумен ғана шектелген. (2) В.В.Вельяминов — Зернов, қазақтың жүздері ХVI ғасырдың екінші жартысында Ақназар ханның тұсында бөлінген десе, (3) В.В.Бартольд үш жүздің пайда болуы – қазақтардың көшпелі шаруашылығының негізінде пайда болғандығын жалпылама айтқан, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уəлиханов қазақтың жүзге бөлінуі ХV – ХVI ғғ. Моңғол ұлыстарының негізінде шыққанын, бұл жүздердің этностары –қазақ халқы екенін жазған.(4)
«Жүз» атауы. «Жүз» араб тілінде біртұтас нəрсенің бөлігі, саласы деген ұғымды береді. Бірақ, «жүз» энтонимі түрік тілінде кең жəне тар мəнде қолданыла береді. Адамның беті, келбеті деген сөзге қатысты «келбеті келген адамнан кеңес сұра»-деген сөз бар, яғни бет жүзі келісті адамның жаман болмайтынын меңзейді. Соған қоса қылыштың, пышақтың жүзі деген сияқты сөздер тұрмыста жиі кездеседі. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса, «жүз» сөзінің бір нəрсенің бөлігі деген кең мəнде алып, айқындауымыз қажет. Біздіңше, бұл жерде «жүз» атауы географиялық ұғым. Түріктер, оның ішінде қазақтар өз жерлерінің табиғи –географиялық ерекшелігіне қарай, бөлек қоныстанған. Оның əр бөлігіне «жүз» деген атама берген.
Б.з.б. ІІІ ғасырлардағы деректерде Қытайдың батысындағы Гансу мен Шығыс Түркістанның Оңтүстігінде өмір сүрген Кіші жүз атты тайпалардың өмір сүргендігіайтылған, Кейін осы Кіші жүздің күшейіп, осы аталған өлкенің тарихына үлкен үлес қосқаны да тілге тиек етілген.
Кіші жүздің жайлаған жері Гансу (Қытай) мен Шығыс Түркістанның оңтүстігі екенін айта келіп, ғұндар Ұлы жүздерді Шығыс Түркістаннан батысқа қарай қуғанда, олардың қалып қойғандары — Кіші жүз деген мəлімет береді. Бұл айтылған пікір шындыққа сай емес. Негізінде Кіші жүз түріктерінің батыс шекарасы Қара теңіздың солтүстік жағалауынан Батыс Қытайға дейін созылып
Азия халықтарының арасында жүзге бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тəн болғандықтан бұл тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның
Орта
нəтижелерін шығарудың рөлі өте жоғары.

жатқан. Шығыс Түркістанда Ұлы жəне Кіші жүздер бірге қоныстанған. Сондықтан Шығыс Түркістан түріктердің ежелгі жерінің бір бөлігі. Сол кездің өзінде Кіші жүзге кірген хундардың (ғұндардың) жері Қаратеңіз солтүстігіне дейінгі ұлан – байтақ кеңістікке орналасқан. Солардың бір бөлігі батыс қытай шекарасына дейін келген. Оларды үйсіндердің қалып қойған бөлігі деудің қисыны жоқ. Өйткені, Қытайлықтар батыс көршілері – түріктердің мекенін жетік біле алмаған. Тек, өздеріне жақын саяси, экономикалық жəне мəдени байланыста болған түріктер туралы мəліметтер жинаған. Түріктер өз жерлеріне Қытайлықтарды жібермеген.
Қытаймен шекаралас Кіші йузілер Тибет халықтарымен араласып, өзара бауырлас болғаны туралы да деректер кездеседі.Кіші жүз құрамындағы рулар мекендеген тайпалардың ертеден келе жатырғаны даусыз, бұл жөнінде азда болса, деректер бар яғни, Қытай деректеріндегі мəліметтерге қарағанда, антикалық заманда Орталық Азияда мекендеген түріктердің арасында Кіші жүздердің болғанына күмəн келтіруге болмайды. Олар сан жағынан да аз болмаған. Кіші жүздердің атты əскерінің саны 10000-нан – 12 000-ға дейін болғанына қарағанда, олардың халқының саны да əжептеуір болғанға ұқсайды. Олар бірде тибеттіктерге, бірде қытайлықтарға көмек беріп тұрғаны айтылған. Соған қарағанда, Кіші жүздер өздерінің жауынгерлігімен ерекшеленгендіктен, көршілері олармен санасып отырғаны байқалады.
Орта жүз туралы антикалық жəне ертедегі орта ғасырлардағы тарихи деректерде кездеспейтіндіктен, жоғарыда тек Ұлы жəне Кіші жүздерге тоқталдық. Орта жүз бойынша ертедегі мəліметтерді тек қазақ ауыз əдебиетінде, ру, тайпа шежірелерінде кездеседі. Барлық қазақ халқының генеологиясын үш арыстан таратады: Ақ арыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз) жəне Бекарыс (Кіші жүз). Жүздердің жайласған мекендері географиялық тұрғыдан ғана айтылып, Орта жүздің осы күнгі Орталық Қазақстанды мекендегені баяндалады.
Бұл жүз туралы жазба деректер Ресей империясының Қазақстанды отарластыруымен байланысты айтылады. Əсіресе, ХVІІІ ғ. бірінші жартысынан бастап, біздің елімізге келген Ресей дипломаттарының, мен саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде Орта жүздің тарихына қатысты мəліметтерді кездестіреміз. Олардың арасында А.И.Тевкелев өзініңқағазға түсірген деректерінде Орта жүздің ру, тайпаларға бөлініп жайласқан мекендеріне тоқталған. Орта жүз қазақтары алты тайпалардан құрылған: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ (5). Бұл саясаткерден басқа да Ресейден Қазақстанға келген зерттеушілердің еңбектерінде қазақ халқының жүздерге бөлінуі туралы азды –көпті мəліметтерді кездестіреміз. Бірақ олардың қалдырған деректеріне сын көзбен қарап, ой елегінен өткізіп пайдаланған абзал. Өйткені, қазақ халқының жүздерге бөлінулеріне қуатты көршілеріміз – Жоңғар хандығы бастаған Хиуа, Қоқандықтар жəне Орыс жəне Қытай патшалықтарының алысты болжаған билеушілерінің ықпалдары аз болмаған. Бұл мəселелер біздің болашақтағы зерттеулерімізге негізгі обьекті болады деген ойдамыз. Ол үшін мұрағат жəне басқа да зерттеу еңбектеріне нақты сүйенеміз – деп, ойлаймыз. Олар жергілікті халықтың тілін, ділін білмеген, тек көрген – естігендерімен шектеліп, оны қағазға түсіріп қалдырған. Бұндай

кемшіліктер олардың басым көпшілігене тəн. Солай болса да, осы деректердің құнды тұстарын дұрыс пайдалануымыз қажет.
Енді Орта жүздің шығу тарихы туралы өз пікірімізді ортаға салайық.Орта жүз тарихыМонғолимпериясыныңыдырауынанкейін,жалпытүріктердіңөзара енші алысып, жеке -жеке халық болып бөлініп шығуымен байланысты қараған жөн. Қазақтар да өзінің ежелден мекендеген жеріне ие болып, Орталық Азияның қақ ортасындағы ежелгі мекенінде шаңырақ көтерді.
ХІVғ. аяғында қазақтар қара шаңырақтың, кең байтақ үлкен жердің иесі болды. Оны өзінің Отанына айналдырған Қазақстан (Қазақ елі) деген қасиетті атпен келе жатыр. Осындай ұлан -ғайыр жер тек қазақ халқының еншісіне тиген. Басқа бөлініп шыққан қандастарымыздың біреуінде де осындай кең жер жоқ. Түрік əлемінің ең құнды, асыл қасиеттерін, ділін сақтап қалған қазақ халқы. Сондықтан, ертедегі «Алты алаш» кезінде жүзге бөліну дəстүрін сақтап, Қазақстан жерін табиғи –геогпафиялық ерекшеліктеріне икемделіп, үшке бөлініп тіршілік еткен. Бұл жүздер жерлерінің табиғи ерекшеліктерін жетік меңгеріп, соларға икемделіп қоныстанған жəне негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, қосымша заттай жəне рухани мəдениеттерді жалғастырып, оны үздіксіз дамытып отырған.Қазақ жүздерінің бөлінуі тек табиғи –географиялық ерекшеліктеріне қарай болып, рулар мен тайпалар өздерінің ертеден мекен еткен аймақатырында тіршілігін жалғастыра берген. Орта жүздің құрамындағы қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, уақтар өздерінің құтты қоныстарында антикалық жəне ертедегі орта ғасырдан бастап мекендеген. Алайда, олардың көпшілік бөлігі ертеде Ұлы жүздің одағына кірген болса, қалғандары Кіші жүздің ішінде араласып, бірге жасаған. Осы тəртіп Моңғол империясының ыдыраған кезеңіне дейін сақталған.Кейінгі кезде Орта жүз бойынша жаңа деректер жиналып, біздің бұл пікірлеріміз толықтырылар деген үміттеміз.
Жоғарыдағы келтірілген деректерге қарағанда, б.з.б. VІІ ғ ғасырларда Орталық Азияны жүздерге бөлініп, түріктер мекендеген. Жүздердің пайда болуына Шыңғыс хан ұрпақтары, яғни қазақ халықтарының ішінде күні бүгінге дейін ешбір ру – тайпаларға еңбей келе жатырған жеке əлеуметтік жік – төрелер мен сұлтандардың ұрпақтарының орны ерекше екенін ескеруіміз қажет – ақ. Ұлы жүзге Орталық Азияның оңтүстік – шығыс аймақтарына кіретін ұланғайыр жерлер кіріп, Шығысы Қытаймен, оңтүстігі Ауғаныстан, Үндістанменен шектескен. Аттары аталған аймақтарда ерте замандарға Қаңлы жəне Үйсін мемлекеттері ұзақ жылдар өз үстемдіктерін жүргізген. Ұлы жүзге қараған жерлерде ежелден отырықшылық басым болып, табиғи –географиялық ерекшеліктеріне байланысты суармалы егеншілік кең өріс алған. Б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүздің жерінен шығыстан батысқа қарай Ұлы жібек жолы өтіп, сан алуан елдердің өзара қарым –қатынастарын қалыптастырған. Бұл пікірлерді дəлелдейтін жазба жəне археологиялық деректер жеткілікті. Сондықтан да, бұл аймақтар отырықшы өркениеттің мейлінше дамыған бай өлкесі болып саналады. (6)Ұлы жүз аумағына Сырдариядан бастап, Жетісу жері түгел кірді. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін алып

жатты. Оған қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа — рулары енді. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оны келесі тайпалар одағы – Əлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан) құрады.Əрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мəдениеті жағынан да, биологиялық – генетикалық тұрғыдан да басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Мұны антрополог ғалымдар əлдеқашан дəлелдеген. XIV – XV ғасырларда бұл тайпалар түркі тектес халық болып топтасты да, кейін «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі аяқталады.
Көне замандардан бері, Орталық Азияның солтүстік жəне батыс аймақтары Кіші жүзге қараған. Оның батысы Қаратеңіздің солтүстік жағалауынан, шығыста Қытаймен жалғасып жатқан жерде, ертедегі сақ (скиф) пен ғұндардың ұрпақтары мекендеп, Кіші жүзге қараған. Біз тоқталып отырған деректерге қарағанда, хундар мен қытайлықтардың арасында саяси, экономикалық жəне мəдени қарым – қатынастар мейлінше күшті болған. Себебі, екіэтникалықтопҚытайелініңбатыскөршісіболған. Қытайдеректеріндебұлар туралы деректердің мол екенін жоғарыда айтқанбыз. Қытайлықтар ең жақын көршілерін жақсы білгенмен, батыс, оңтүстік аймақтарды мекендеген түріктерді жетік біле бермеген. Ғұндар кезіндегі Қытайдың батысын, яғни шығыс Түркістанды мекендеген Кіші жүздер, батыстан — шығысқа созылып қоныстанған болгар, печенек, қыпшақтардың шығыс бөлігі деген пікірге келуге болады. Кіші жүздің қоныстанған аймақтарының өздеріне тəн ерекшеліктері мол. Өте кең аймақта малды мыңдап өсіріп, егіншіліктің көпшілігі жаңбырдың беретін ылғалына негізделіп дамытқан. Бұл жерді мекендеген түріктер ежелден қыстауы мен жайлауларын қолайлы жерге орналастырып, өздерінің көп салалы шаруашылығын дамытып отырған. Кіші жүз түріктері де ертеден үлкенді – кішілі мемлекеттіктерге бөлініп тіршілік еткенін айтқан едік. Олардың ішінде империя дəрежесіне жеткен Ғұндар мен Көк түріктер болғаны əлімге белгілі. Олардың тұрақты мекендері мен қалалары да болғанын археологиялық зерттеулер дəлелдейді. Ғұн империясы кезінде Қытайлықтар Ұлы қорғанын салуға мəжбүр болғаны тарихта мойындалған.(7)Сонымен, антикалық заманда түріктерді «Алты алаш» кезінде, Орталық Азияның табиғи –географиялық ерекшелігіне қарай екі аймаққа бөліп қоныстанғанын байқаймыз. Ұлы жəне Кіші жүздер барлық түрік тілдес этникалық бөлімдердің бəрін қамтитын «Алты алаш» ұғымына кірген қандастарымыз саяси, экономикалық жəне мəдени байланыста болғандықтан, қажетті жағдайда «Түріктің көктуының» астына жиналған. Осы бірлікті сақтау оңай болмаған. Оны орнықтыру үшін Ғұн империясының көсемдері Тұман хан, оның ұлы Мете, Көк түріктер кезіндегі Білге қаған қажырлы, қайратты күштер жұмсаған.
Бұл тарихи тұлғалар өз мақсаттарына жетіп, империя құрған. Бірақ, бұл ұлы күштер ұзаққа бармай, түріктер үлкенді –кішілі мемлекеттерге

бөлінгендіктен, əлсіреп, сырттан тиген құралды күштерге қарсы тұра алмай, елін, жерін қорғауда, талай қиыншылықтарды бастарынан өткергенін тарих біледі. Олай болса біз жан−жақты зерттелген бұл тақырып толығымен өз шешімін тапты деп əлі де болса айта алмайтын көрінеміз. Шежіре əр адамның жоғын тауып береді, ата – бабасының ерлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт мүддесіне мұра қалдырған жандар екенін көрсетеді. Шежіре – ұлттық шежіре болуы керек, ол əр адамның шығу тегі арқылы бүкіл қауымды, халықты таныстыру арқылы табыстыруы керек. Қазақ елі əлі рулық санада жүр, сондықтан да ұлттық деңгейге шығу керек. Шежіре ендеше ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, ұлттық сананы қалыптасыруға бағытталған. «Бөлінгенді бөрі жейді» — деген қанатты сөз баршаға мəлім болса да, барлық халықтың бірлігін сақтау оңай шаруа емес екені белгілі.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Казахстан в XV– XVIIIвв. 1969 г. 59 стр.
2. И.Г. Андреев. Описание средней орды Киргиз – Кайсаков. 1998 г. Б. Ирмуханов.
К вопросу о происхождении Казахского народа. 2012 г. 295 – бет
3. В. Вельяминов – Зернов. Исследование о Касимовских Царях и Царевичах. 1863г.
4. И. Андреев. Көрсетілген еңбек, 51 – бет
5. И. Андреев. Көрсетілген еңбек. 297 – бет
6. Гумилев. От Руси к России. 2007 г. 317 – 321 стр.
7. Қытай тарихы. 2001 ж. 48 – бет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *