Адам досымен мықты

Пәні: Дүниетану

Күні: 

Сынып: 3

Мектеп: №16

Мұғалімнің аты-жөні: Козбакарова  Акзер

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: 2.3. Адамдар досымен мықты

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1. Сыныптың өзін – өзі басқару ережелерін түсіндіреді және өз нұсқасын ұсыну.

3.1.2.4. Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.

3.1.2.2. Түрлі көзқарастар ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.

 

Сабақтың мақсаттары Барлық білім алушылар біледі:

Сыныптың өзін – өзі басқару ережелерін түсіндіреді және өз нұсқасын ұсына біледі

Білім алушылардың көпшілігі түсінеді:

Түрлі көзқарастар ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіреді

Кейбір білім алушы қолданады:

Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері Сыныптың өзін – өзі басқару ережелері және өзінің нұсқасын ұсынады, ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсініп, мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын біледі.
Құндылықтарды дарыту Достық, денсаулық, педагогикалық қамқорлық

 

Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, орыс тілі

 

АКТ қолдану дағдылары Ноутбук, үнтаспа, интерактивті тақта

 

Тілдік құзыреттілік Этика – этика – ethics

Достық – дружба – friendship

 

Бастапқы білім Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?

«Блум түймедағы» әдісі арқылы бастапқы білімнен жаңа сабаққа түсемін

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

І Психологиялық ахуал орнату

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ үйрену, ұғу – ұлағат.

Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

ІІ Топқа бөлу

Өлеңдегі «жұрағат», «ұлағат», «адамдық», «адалдық» сөздерін жазып таңдату арқылы  оқушыларды топқа бөлу.

ІІІ «Блум түймедағы» әдісі

Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.

1. Қарапайым сұрақтар.

Отбасына қаржы қайдан келеді?

2. Анықтаушы сұрақ.

Отбасылық қаржы қайда жұмсалады?

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ.

Отбасылық табыс деген не?

4. Шығармашылық сұрақтар.

Отбасылық шығыс деген не?

5. Бағалау сұрақтары.

Отбасы шығыс қаражатын тиімді қалай жоспарлауға болады?

6. Тәжірибелік сұрақтар.

Сенің туған күніңді тойлауға берілген қаражатқа кімді шақырар едің?

ІV Сабақ тақырыбын хабарлау

Адам досымен мықты

Сабақ мақсаты:

Сыныптың өзін – өзі басқару ережелері және өзінің нұсқасын ұсынады, ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсініп, мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын біледі.

 

Өлең мәтінін тақтадан көрсету

 

 

«жұрағат», «ұлағат», «адамдық», «адалдық» сөздерін кеспе қағаздарға жазу

 

 

сұрақтар жазылған

А4 қағазы

 

 

Сабақтың ортасы

Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделген 3 сатысы  бойынша

1.бейнелік

2.белсенділік

3.таңбалық

 

 

Тыңдалым айтылым

Бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу)

13минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылым

Белсенді (жұмыс үрдісінде білім алу)

10минут

І Кинометафора әдісі бойынша  «Адал ниетті достар» мультфильмін көрсету

ІІ «Балмұздақ таяқшасы» әдісін қолдану. Оқушылар түсінігін сұрақ – жауап арқылы білу.

«Балмұздақ таяқшасын» суырған білім алушы таяқшада жазылған білім алушыға тақырыпқа байланысты сұрақ қояды.

1. Мультфильм не туралы екен?

2. Олар бір – біріне кімдер?

3. Қандай еңбек етті?

4. Достар не ойлады?

5. Қандай әрекетке барды?

6. Достық ниет қандай болуы керек?

 

Критерий:

Сыныптың өзін – өзі басқару ережелері және өзінің нұсқасын ұсынады, ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсініп, мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын біледі.

 

Дескриптор:

. 1 Мультфильмді көру арқылы мәтінді түсінеді.

2 Мәтін кейіпкерлерін анықтай алады.

3 Екі достың іс – әрекетін бақылай алады.

4 Адал ниетті достардың қандай болатынын түсінеді.

5 Достықтың түрлерін ажырата алады.

6 Мәтінге байланысты сұрақ қоя алады.

7 Мәтінге қатысты сұраққа жауап бере алады

 

«Отшашу» арқылы білім алушыларды ынталандыру.

 

 «Топтас, бірік, талқыла» әдісі арқылы постер қорғайды.

1, 2 топ. Достарыңмен бірге сабаққа дайындалғанда және басқа да уақытта әдептілік ережелерін сақтаған абзал.    Тәртіп – адам бойында қалыптасатын тәрбиенің үлгісі. Мәселен, сен және сенің достарың мектепке кешікпей келесіңдер, мұғалімдеріңе орындарыңнан тұрып ізет көрсетесіңдер, осының бәрі әдептілік үлгісіне саналады.

3, 4 топ. Достық сөзінің мағынасы өзара сыйластық пен ортақ мүддеге құрылған жақын қарым – қатынасты білдіреді.

Достықты сақтау үшін мінез – құлықтың әдептілік қағидаларын сақтаудың маңызы зор. Өзіңе өзгелердің қандай қарым – қатынаста болғанын қаласаң, өзің де өзгелерге сондай құрметпен қара.

Дескриптор:

1 Достық сөзінің мағынасын түсінеді.

2 Әдептілік туралы біледі.

3 Әдептіліктің үлгілерін түсінеді.

4 Әдептілік қағидаларын сақтайды.

5 Өзара қарым – қатынасқа құрметпен қарайды.

 

Оқушыларды бас бармақ және мақтау, мадақтау арқылы ынталандыру.

 

https://www.youtube.com/watch?v=5UCkLkBCNhQ&index=15&list=PLXKHWw89yDA0BBjV3ZGcaEisZP0O2jND4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А3 қағазы

 

 

 

 

 

 

 

 Тілдік құзыреттілік

1 минут

Оқушылар түсінігін толықтыра отырып, сөздердің орыс және ағылшын тілінде айтылуын үйрету.

Этика – этика – ethics

Достық – дружба – friendship

 
Сергіту сәті    

1 минут

 «Айна»

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады).  Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Үнтаспадағы әуен
Жазылым

Таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу)

3мин

Сұрақтарға жауап жазу

Дескриптор:

1 Сыныптас досының атын жаза алады.

2 Сыныптас досын сипаттай алады.

3 Достың адамгершілік қасиетін анықтай алады.

4 Әдемі, таза жаза алады.

 

Смайликтер және мақтау, мадақтау арқылы ынталандыру

Оқулық дәптері
Сабақтың соңы

Рефлексия

5минут

 

«Шеңбердегі доп» әдісі

Топтағы білім алушылар бір-біріне кішкене допты лақтырады  Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

Әр топқа бас бармақ көрсету және жылы сөздер

Қалыптастырушы бағалау жүргіземін

 

 

 

 

 

 

 

 

Дифференциация (саралау)  – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауды қалай жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

1 Тапсырма

Сыныптағы өзін-өзі басқару ережесін сипаттайтын сөздерді белгіле ().

• Сенің сыныбыңда өзін-өзі басқарудың қандай ережелері бар?

• Сен қай ережелерді өзгерткің немесе толықтырғың келеді?

 

2 Тапсырма Мағынасы суретке сәйкес сөзді анықтап, сәйкестендір. Сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.

• Дос, достық сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?

• Адамдар неге достасады?

• Нағыз достар қандай болады?

• Қиын сәттерде досыңның саған немесе сенің досыңа көмектескен кездері болды ма? Мысалдар келтір.

• Егер сенің досың болмаса не болады?

Достарыңның бар болуының қандай маңызы бар?

 

 

 

 

. Қамқорлық

Достық

Кикілжің

 

3 Тапсырма Берілген жағдаятты оқы.

Жұбыңмен жағдаятты шешу жолын талқыла.

Сен Гауһармен бір партада отырасың. Ол үнемі көңілсіз жүреді. Ешкіммен сөйлеспейді. Сыныпта достары жоқ. Сабағы да күн санап нашарлап барады.

• Гауһарға қалай көмек беруге болады?

• Сен мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынар едің?

 

 

 

Дескриптор

Білім алушы

— өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайтын сөздерді анықтайды;

— сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін атайды;

— сынып ережесінің өзіндік нұсқасын ұсынады.

 

Білім алушылар қол шапалақтайды

 

 

 

 

 

 

Дескриптор Білім алушы

— суретке сәйкес сөзді анықтайды;

— достықтың мағынасын сипаттайды;

— адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын түсіндіреді

 

Жарайсың! Жақсы орындадың! Жылы сөздер айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

Білім алушы

–          Берілген тапсырманы оқиды

–          Мазмұнын түсінеді

— жағдаятты шешу жолдарын ұсынады.

 

Білім алушылар қол шапалақтайды

 

Қалам және қарындашпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздігін сақтау

 

 

https://uroky.kz/b-d-nietanu-3-synyp-alyptastyrushy-ba-alau-a-arnal-an-tapsyrmalar-zhina-y/

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *