менің президентім

Біздің Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы аз жазылған жоқ. Күнделікті баспасөзді айтпағанда, ол кісі туралы түрлі кітаптар, шығармалар жиынтығын құрайды емес пе? Елбасы шығармаларының қайсысы болмасын ұлт көшбасшысының адам ретіндегі көп қырлы тұлғасын көрсетеді. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, мен де осы кішкене шығармада «Менің Президентім» жайлы өз ойымды білдіруді жөн санадым.
Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан қарапайым еңбек адамдары ретінде, бала Нұрсұлтанды еңбек сүйгіштікке тәрбиелегені барша қазаққа үлгі болатындай.
Адами болмыстың, тектілігі, ақылы, парасаты, мейірімі, отбасының бастауы.
Дана халқымыз: «Адамның бақыты — еңбекте» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады.
Қиындыққа мойымай, еңбекке ерте араласып, атасының тәрбиесімен, анасының сүтімен келген халықты сүю, құрметтеуді Президентіміздің бүгінгі келбетінен анық көрінеді.
Осы келбетін қазақы тәрбиемен қанға сіңген парасаттылық, адамгершілік және тектілік деп неге тебіреніп айтпасқа.
Қиын-қыстау жолдан өткен Ұлт көшбасшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрып, еліміздегі өзге ұлттардың өкілдеріне өздерінің мәселелерін жағдай жасағанына таңданбау мүмкін емес.
Ырыс пен абыройдың алды еңбекпен, маңдай термен келетінін өнегелі өмірімен дәлелдейді. Сол бір соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ата-анасына қызылша егуге көмектесіп, оны арбамен қант зауытына өткізіп, еңбек күн тапқаны қазір біреуге таңданарлық оқиға болса, ол шын мәніндегі өмірдің шыңдауы болатын еді. Иә, рас Президентіміз айтып жүргендей ештеңе оңайлықпен келмейді. Нұрсұлтан атаны еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Еліміздің өркендеу жолында тәуелсіздік алған күннен бастап кемеңгер тұлға басқарып келеді.Кемедегінің жаны бәр демекші,кемені басқарушы да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі. Сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. Қазақ халқының тарихында Нұрсұлтан атаның игі ісі алтын әріптермен жазылар, бірақ біздер сан жылдарғы ата-бабамыздың арманы болған тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан бақытты жас ұландармыз! Қазағымның жазиралы кең даласын, кімдер баспады десеңші!
Бізге тәуелсіздік соғыссыз, қантөгіссіз келді. Ол нағыз мақтаныш емей не? Тәуелсіз байтақ елім .Тәуелсіздік-халықтың тойы,елдің тойы.Дәуір жалының мығым ұстап,тізгінін бекем қаға білді –деп,елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,қазіргі таңда егемен қазақ елін бүкіл әлем тануда.Осыдан мың жарым жылдай бұрын біздің бабаларымыз Солтүстік Еуразияның төсінде,тұрақ-мекенін ауыстырмай ғұмыр кешіп келді,қазір біз де тап сол өңірде өмір сүріп жатырмыз.Ата-бабамыздың үш ғасырға созылған арманының жүзеге асқаны,оған өзіміздің куәгер болуымыз біз үшін шексіз қуаныш. Өйткені, бізде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бар!
Еліміздің өркенін өсіруге көшті жалғастыруды, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды борышым деп санаймын. Міне жаңа дәуірге тәуелсіз ел болғанымызға 26 жыл.Нысаналы бағытымыз, өркендеу жолымыз бар.
Болашақтың бесігіне айналған Астана тәуелсіздік кезеңінің басты куәгері. Қаймана қазақтың бас қосар ордасы. елорда төрінде өткізген ЭКСПО-2017 көрмесі сырттан келген шетелдіктерге елімнің туын тіккен өркениет өнер туындысын паш ететінін, нағыз қаймана қазақтың жомарттығын көрсетіп, асқақ рухты екенімізді дәлелдеді. Бұл да біздің Президентіміздің қосқан зор үлесі. Президентіміздің бастаумен біздің Отанымыз Қазақстан барша әлемге танылды.Біздің Нұрсұлтан ата-ғасыр тұлғасы.
Мен өз елімнің өркендеуіне , гүлденуіне өз үлесімді қосамын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *