Жыланша заттардан айнала жүгіру

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастыру оқу қызметі:Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Жыланша заттарды айнала жүру және жүгіру

Мақсаты:Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, жыланша заттарды айнала жүруді, жүгіруді  үйрету.

Керек  құралдар:Сылдырмақ,ысқырғыш,доп, орындық, круг,уақ доп

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аюлар мен аралар»

Әрекет кезеңдер Нұсқаушының қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекстік-коррекциялаушы

Балаларды сап түзетіп,қатарға тұрғызады.

Амандасады.Тік тұрыңдар,түзеліңдер! Оңға бұрылып,саппен жүріңдер! Нұсқаулықты  орыңдаңдар! Аяқ ұшымен жүру, қол белде, өкшемен жүру, қол желкеде. Нұсқау бойынша орындату. Сылдырмақтың көмегімен 2 қатарға бөліп тұрғызу. Жалпы дамытушы жаттығуын орындатады.

1Бас,иық жаттығуларын орындатады.

2.Бел,кеуде жаттығуларын орындатады.

3.Қол-аяқ жаттығуларын орындатады

 

Негізгі оқу қызметі  бойынша нұсқаушы кеглилерді тізбектеп орналастырып, заттардан жыланша айнала жүруді және жүгіруді   түсіндіріп,ойынды  үйретеді.

 

Қимыл-қозғалыс: «Аюлар мен аралар».

Ойын шарты: Балалардан 5-6 баланы аю қылып сайлайды. Қалғаны аралар. Арқанды  шеңбер қылып орман қылады.8-10 м шабындық болады. Нұсқаушының белгісінен кейін бал аралар бал жеуге ызыңдап шығып, балға қонады.  Араның ұшып кетісімен аюлар шабындыққа бал жеуге шығады. Сол кезде аралар ызыңдап келіп, аюларды шағып алады.Арадан қашқан аюлар орманға қарай қаша жөнеледі.

Тыныс алу жаттығуларын жасатады.

Балаларға бүгінгі оқу  қызметі барысынан сұрақтар қойды.Іс-қимыл қозғалыстарын байқау арқылы балаларды мадақтады.

Сау болыңыздар!

Балалар 1 қатармен сап түзеп,қатарға тұрды. Амандасты. Нұсқаулықты орындады.Саппен жүре келе 2 қатарға тұрды .

Жалпы дамытушы жаттығуын орындады.

 

Жалпы дамытушы жаттығуларын бірнеше рет қайталайды.

 

Балалар жыланша заттардан айнала жүруді және жүгіруді үйренді.

 

 

Балалар «Аюлар мен аралар» ойын кезінде  үйренді..

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жаттығуын жасады.

 

Жауап берді.

Қуанды.

Сау болыңыз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *