Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау

Ибраимова Гульмира

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту. Үйренген сөздерден сөйлем құрату. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, сүйікті ойыншықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы: Балалармен үстел айналасында дастарқан басында отырып ойыншықтар туралы әңгімелеу.

Жұмбақ жасыру.

Ішін желмен толтырдым,

Қуалап жүріп болдырдым.  (доп)

— Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.

— Сендерде қандай ойыншықтар бар?

— Сенің ең жақсы көретін ойыншығың не?

— Ойыншықты қайдан алдың?

— Ойыншықты кім жасайды?

— Қане, балалар, біз енді ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар,қараңдаршы қандай әсем, әдемі ойыншықтар.

Әр бала ойыншықты сипаттап береді. Сатушы сол ойыншықты алып береді.

— Балалар ,мұнда көптеген қуыршақтар бар екен. Балалар қуыршақтың әдемі әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Сонымен бірге балалар  қуыршақтың да сендер  сияқты екі көзі, екі аяғы, қолы бар.

— Қане балалар, кім айтады? Қуыршақтың көйлегінің  түсі қандай?

— Қуыршақ қалай жүреді?

— Ал енді мына ойыншық не деп аталады?

— Ыдыс–аяқ.

— Біздер ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?

— Мамаларымыз тамақ пісіреді. Ата-әжелеріміз шай ішеді.

— Балалар, кім ыдыс-аяқ туралы тақпақ айтады?

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шәй құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? Ыдыс-аяқ

— Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?

— Бүгін саяхатқа қайда бардық?

— Ойыншықтар дүкеніне бардық

— Дұрыс айтасыздар. Қандай ойыншықтар көрдік?

— Доп, машина, трактор, қуыршақ, ыдыс-аяқ.

Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *