Inkscape векторлық графикасының редакторы

Байболова Зарина Нұралынқызы

Сабақ жоспары                7 сынып                             

Күні:                       Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Inkscape  векторлық графикасының  редакторы

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың  Inkscape  бағдарламасының  интерфейсін  қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен  командаларды қолдана  білу  дағдыларын  қалыптастыру

Оқыту мақсаты:Inkscape бағдарламасымен және векторлық редактор интерфейсімен танысады; практикалық жұмыс арқылы векторлық графиканы құру технологиясын меңгереді; графикалық файлдарды ашуды және (SVG) редакторының форматында сақтауды үйренеді; жеке объектілер мен объектілер тобын жұмыс үстелінде қозғалту үшін ерекшелейді; керексіз объектілерді тауып өшіре алады;
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар
: Inkscape бағдарламасын ашады, редақтор элементтерін анықтайды және векторлық редактордың негізгі мүмкіншіліктерін қолданады. Суреттерді сақтай алады.

Басым көпшілігі: Inkscape бағдарламасын жүктейді және аяқтайды. Құжаттың қасиеттерін: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б.анықтайды, құю түстерін орнатады және алып тастай алады; Inkscape  бағдарламасының  құралдарын пайдаланып компьютерде тапсырмалар  орындай алады;

Кейбірі: Inkscape  бағдарламасында   әртүрлі  бейнелерге құралдар мен командаларды  қолданып өз ойларынша сурет салады.

Көрнекілік: ДК, Inkscape векторлық графика редакторы, проектор, интерактивті тақта,

Сабақ кезеңдері:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу, оқу –құралдарын тексеру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әрқайсымыз бір-бірімізге атымыздың бірінші әрпінен басталатын тілек тілейік. Мысалы менің атым Дана – денсаулық тілеймін т.с.с.

Енді сендердің тілектерің орындалу үшін «Тілек ағашына» тілек ленточкаларын байлайық.

Бүгінгі сабағымыздың девизі:

Ұжыммен ойлайық

Дәлелді қолдайық

Ынтамен күресіп

Жеңісті болайық!

 

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.«Миға шабуыл»

  1. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаларды атаңдар?Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
  2. Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар?
  3. Қандай пішімде сығымдау қолданылады?
  4. Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер?
  5. Қалай ойлайсыңдар, графикалық файлдың пішімі оны жасаған программаға байланысты ма?

III. Тарихи мәліметтер.
Сурет адам өмірінде әрқашан маңызды орын алған.  Ежелдегі адамдар жазу болмағанда өз өмірлері туралы жартасқа, кез келген затқа суреттер арқылы кейінгі ұрпаққа мәлімет қалдырып отырған, сондықтан сурет олар үшін өте маңызды болған.
Білімді өзектендіру.

     Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. «Графика» грек сөзі «графо» — жазамын дегенді білдіреді.  «редактор» латын сөзі «редактус», реттелген сурет.

Inkscape(Инкскейп)  – тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өдеу редакторы /WWW. inkscape. org/
Мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Inkscape  векторлық графикасының  редакторы. Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты?

Оқушыларға мақсат қою үшін тірек сөздер:
• Біз………………танысамыз..
• ……………………үйренеміз
• …….…………….жасаймыз
III.Жаңа сабақ.

ЖИГСО  әдісі арқылы мәтін бөліктеріне бөліп, постер жасату

Ресурстар арқылы білімдерін пысықтау

 

  Бекіту

 

(практикалық жұмыс, оқулық 112 бет) /1-10 балға дейін/

Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындау. Оқушы балдары бойынша мұғалім бағасы

Сергіту сәті:

 

IV.Қорытынды бағалау:

Топтағы жиналған күлтегін мен салынған суреттер арқылы бағалау

V.Рефлексия

  • Мен бүгінгі  сабақта не білдім…….
  • Маған қызықты болды……..
  • Маған қиындық  тудырған…….
  • Бүгінгібілгенімдіболашақтаөмірде…………… пайдаланымын
  • Менітолғандырған………….

Үйге тапсырма: §21, сұрақтарға жауап беру,

4-5  сұраққа дәптерде жазбаша жауап беру

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *