Пән | Алгебра және анализ бастамалары |
Мұғалім | Ибатов Женис Ермекович |
Мектеп, сынып | БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретн мектебі. 10-сынып |
Сабақ тақырыбы | Күрделі функцияның туындысын табу |
Сілтеме | Блум таксономиясы, оқулық. |
Жалпы мақсаттар | а) оқулық: оқушыларға күрделі функцияның туындысын табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, күрделі функцияның туындысын табу есептерін шешуді үйрету. ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту; б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижелері | — Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін жазып бере алады; — Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі; — Күрделі функцияның туындыларын таба алады; — Есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады. |
Негізгі идеялар | — Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау; — Уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру; — Өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру. |