11 жасар тележүргізуші қыз

Журналистика-ізденісті талап ететін, қайсарлық мінез керек мамандық. Cұраныс жоғары, бірақ екінің бірі жете алмайтын мамандық көзі. Тіліннің таза, сауатты, сөзі салмақты журналисттің жұмысы мен еңбегі қашан да жоғары бағаланады. Ал бұл салаға түсетін жастардың көбі тележүргізуші болуды таңдайды екен. Себебі, олар танымал адамдардан сұхбат алып, халыққа қоғамда болып жатқан жаңалықтарды жеткізуді армандайды. Олардың қатарында өзім де бармын. Сол себепті өзімнің 5 жыл бұрынғы тележүргізуші болған тәжірибеммен бөлісе кетейін.

Мен 2018 жылы Mangystau.tv арнасында «Балдырған» атты бағдарламаны үзбей көретінмін. Ол жердегі тележүргізушілер көрермендерге белгілі бір ертегіні жасырған еді. Мен ол бағдарламаны қызығып қарап отырып, жасырған ертегінің дұрыс жауабын айтқан болатынмын. Кейін менің жауабым дұрыс болып, олар мені өз бағдарламасына қонаққа шақырды. Сөйтіп, келесі күні Ақтау қаласының сағатымен түскі 12:00 де тікелей эфирде өз сұхбатымды берген едім. Сонымен қатар, жүргізушілермен әңгімеміз жарасқаны соншалықты, маған олар бағдарламаны бірге жүргізуге ұсыныс тастаған болатын. Мен қуана-қуана ұсыныстарын қабылдадым. Солай шілденің 3-і күні, Аделия өзінің тілші ретіндегі ең алғаш жобасын бастаған еді. Шынайы камера, суфлер, грим, микрафон, студия және теледирдан көріп жүрген тележүргізушілер тура жанымда болды. Өте қызық сезім екен. Тікелей эфир ойдағыдай өтуі үшін, студиядағы әрбір адамның тыңбай еңбек еткенін өз көзіммен көрген болатынмын. Бір түсінгенім, жауапкершілігі мол жұмыс екен. Біріншіден, сөзіңді қайталап, өзіңді тексеруің қажет. Одан соң, камераға бойыңды үйретуді де ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, техникалық ақаусыз эфир өте сирек кездеседі. Егер де техникалық ақаулар болған жағдай да тығырықтан шығар жолды сценарийден бөлек өзің ойлап табуың тиіс. Яғни, телекөрермендерге ештеңе білдіртпей, әрі қарай емін-еркін жобаңды жалғастыруың қажет.

Кез-келген бағдарламаның атқарар өз жауапкершілігімен артар жүгі бар. Мыңдаған көрермендер назар салып, көз тіккен соң, тележүргізушінің алдында мол жауапкершілік тұрады. Сондықтан тележүргізушінің жұмысының қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Эфир кезінде жұмыс істеушілерден ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Дегенмен, эфирді ойдағыдай алып шығу оңайға соқпайды. Сол себепті, ең алдымен тележүргізушіні өзін-өзі ұстай білуі қажет екенін түсінген болатынмын. Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен тележүргізушіге қажет міндет екен.

Aмантайқызы Аделия

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *