Төлепберген Жамиля Баубекқызы
51 гимназия 11 «В» сынып оқушысы
Ақтөбе қаласы
Қазақстан — қызғалдақтың отаны. Қызғалдақтар көктемде түрлі-түсті түстерімен елді мекенімізді кілемдей құлпыртып, қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді. Көктем бастала келе, қызғалдақтардың маусымы басталады.
Халқымыз қызғалдақ гүлдерін әсемдіктің, нәзіктіктің символы ретінде бағалап, дүниеге келген қыз балаларына Қызғалдақ атымен атайды. Қазақ үй-жиһаздарына, ыдыс-аяққа, ұлттық киімдер, қыз-келіншектердің ұлтттық киімдерінде, қыз балалардың әшекей бұйымдарында, киіз үй әбзелдерінде қызғалдақ оюларының түрлерімен өрнектейді Үш, ,төрт, бес жапырақты қызғалдақ элементтерімен өрнектеп сәндейтін болған.
Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі, оның 18-і сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлер болып табылады. Олардың арасында тек Қазақстанда ғана кездесетін түрлері бар. Мәселен, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы сияқты түрлері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында және Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының оңтүстік — шығыс жағында, Шалқар ауданы шығысында өседі. Сонымен бірге Қызылорда облысында Арал теңізі маңында Борщов қызғалдағы кездеседі. Бұл қызғалдақ- өте әдемі, сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынды. Осы түрлердің барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастауымен 25 метрлік қызғалдақ мүсіні орнатылды. Себебі қызғалдақ қаланың символы саналады. 2018жылы 21қараша айында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Бұл мақалада «Қазақстан –алма мен қызғалдақтың отаны» деп дәлелдеген. Елбасының бастамасымен Қазақстанның жеті қырына Қызғалдақ гүлі енді.
Елдің сәні,
Қызғалдақ гүл құлпырған
Жердің сәні -деп халқымыз қызғалдақты аса қадірлеп,нәзіктікке балап, сәнге, балауса қызға теңеген.
Бұл гүлдер табиғат сүйер қауым үшін көктемнің жарқын, айқын сәттерін бейнелейді. Олар жәй ғана гүл емес, сонымен бірге ел мәдениетінің, туризм саласының бір бөлігі, әсіресе Қазақстанның символдарының бірі. Қазірде Қазақстанда бұл гүлдердің жойылуының қаупі бар. Осыған орай, гүлдерімізді қорғау мақсатында олардын өсетін аймақтарында арнайы қорғауға алынған. Сондықтан да еліміздің болашағы үшін табиғатты аялап, сақтауға тырысайық.
Көктем гүлі-қызғалдақ
Қыр гүлі- қызыл сары қызғалдақтар,
Сан түрлі әсем ойға саласыңдар.
Жайқалып жердің көркі алуан дақтар,
Табиғат шебер өрнек саласыңдар.
Гүл көктем көздің жауы қызғалдақтар.
Сағынып қапты дала көктем гүлін
Ал қызыл бала мінез қызғалдақтар.
Әр қазақ бұйымында мәңгі сақтал!