Шөлейт және шөл

Молдагулов Ғылымбек Семейханович

Cабақ тақырыбы: Шөлейт және шөл.

Мақсаты. Оқушыларға Қазақстанның шөлейт және шөл зонасының ерекшеліктерін түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарын оқу материалдарын пайдаланып мағлұматтар беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың географиялық тапсырмаларды салыстыруға, оны талдау жасауға, топпен, жеке жұмыс істеуге үйретіп  және өз көзқарастарын айтып, оны жаза білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғауға және оған қызығушылықпен  қарауға, ұжымдасып жұмыс істеуге, елін және жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талда жасау, топпен жұмыс, бір-бірін бағалау, диалогтық топпен әңгімелесу.

Пән аралық байланыс: тарих, биология, химия

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық: Қазақстанның физикалық географиясы – 8 сынып  Қазақстанның физикалық картасы, сұрақтар, суреттер, слайд: «Шөлейт және шөл», интерактивті тақта, кескін карта т.б.

               Сабақтың барысы. 

 1.Ұйымдастыр кезеңі. 

Оқушылармен сәлемдесу, журналдағы тізім бойынша түгендеу, дайындықты анықтау, кезекші сайлау және оқушылардың назарын сабаққа аударуда сергіту сәті өткізіледі. Оқушыларды «Тобыңды тап!» бойынша топқа бөлінеді және әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Топ басшылары арасында жереби (дорбашаға салықған нөмірленген асықтар) арқылы сабақты бастау үшін рет саны анықталады. Әр топ өзінің ұранын орындайды. Топтық жұмыс 4 турдан тұрады. Топ мүшелерінің берілген әр сұраққа жауабы 1 балмен бағаланады.

І. топ «Барыс»

ІІ топ «Сұңқар»

ІІІ топ «Арлан»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

І тур. «Белес»

«Сен маған, мен саған!» ойыны бойынша 3 топ өткен сабақтан алған білімін тексереді. Әр топ оқушылары орманды дала мен дала зонасына байланысты  бір-біріне сұрақтар қояды және оған тез арада жауап береді.

1. Қазақтанның табиғат зонасын картаны пайдаланып атап көрсетіңдер?

2. Орманды дала зонасында қандай жануарлар мекендейді?

3. Қазақстанның орманды дала зонасының көршілес елдермен айырмашылығы қандай?

4. Дала зонасында қандай өсімдіктер өседі және жануарлар мекендейді?

5. Дала зонасының топырағы қандай типтерге бөлінеді?

6. Ормады дала және дала зонасының топырағы қандай шаруашылыққа пайдалы?

Үй тапсырмасын қорытындылап, оқушылар жауабын есепке алу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Әңгіме – дәріс. Жаңа сабақ әңгіме — дәріс беруден басталады.

2.Тірек сызбамен жұмыс. Тірек сызба мен карта арқылы шөлейтті және шөлді аймақтың басты географиялық белгілері көрсетіледі.

Табиғат зоналары:

                                                                                                      

 

 

Шөл –

* географиялық орны,

*климаты,

* топырағы,

* өсімдіктері,

*жануарлары,

*өзен — көлдері

 

Шөлейт –

*географиялық орны,

*климаты,

* топырағы,

* өсімдіктері,

*жануарлары,

*өзен — көлдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тур. «Асу»      

Топ оқушылары мәтінмен жұмыс жасайды. «Өз ойларыңды дәлелдеңдер!» ойыны бойынша әр топ оқулықтағы мәтінмен танысып, ал соңынан шөл және шөлейт зоналарына сипатама береді. Топ оқушылары ойларын жинақтауда постер құрастырып, оның нәтижесі баяндалады.

Сергіту сәті: оқушылар ырғақты жаттығулар орындайды.

ІІІ тур. «Өткел»

Оқулықтағы мәтінді пайдаланып төмендегі кестені «Кім жылдам!» ойыны бойынша орындау. Әр топ Венн диграммасы бойынша шөлейт және шөл зонасының ұқсастығын мен айырмашылық белгілерін анықтап жұмыс дәптерлеріне жазады.

                      Ұқсастығы

                      Айырмашылығы

 

 

 

ІV. Сабақты қорытындылап бекіту. тур  «Бекет»        

Сабақты қорытындылап бекіту мақсатында «Не білдік, нені түсіндік!» ойыны бойынша әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

1. Шөлейт және шөл дегеніміз не? Она қалай ажыратуға болады?

2. Құмды шөлдердің аттарын атаңдар?

3. Картадан Қазақстанның шөлейтті және шөлді аймақтарды көрсетіңдер?

4. Шөл мен шөлейт зоналардың топырағының құрамы қандай және қалай таралған? Картадан көрсету?

5. Шөл мен шөлейт зоналарының жануарлары қорғануға қалай бейімделген?

6. Шөл мен шөлейт зоналарының өсімдіктер дүниесі қандай?

7. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

8. Шөл өзендері суының аздығы қандай себептерге байланысты болады?

10. Шөлді табиғат зонасы мен шөлейтті зонаның айырмашылығы қандай?

Атлас картадан шөлейт және шөл зоналарын кескін картаға түсіреді.

VІ. Бағалау.

Топ оқушылары әр оқушының жасаған іс-әрекетіне байланысты өздерінің бағасын қояды. Мұғалім осы бағалар негізінде оқушылардың білімдеріне пікір айтып, қорытынды жасайды.

VІІ. Үй тапсырмасы. 

1.Шөлейт және шөл – тақырыпты оқып, оны айтып түсіндіру. 2. Тақырыпқа байланысты өздік жұмыстар түрлерін: ребус, тест сұрақтар т.б. құрастырып орындау. 3. Шөлейт және шөл зонасын атластан кескін картаға түсіру

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *