Супермаркет
Колхозбек Гауһар Асқарқызы
Тақырыбы: «Супермаркет»
Мақсаты:«Постомат»,«Банкомат»,«Өз орнына орналастыр», «Супермаркет» ойындары – қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ойыншықтар, муляждар, үлестірмелі суреттер
Шаттық шеңбері:
Армысың,Алтын Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, көк Аспан!
Армысыз құрметті қонақтар!
Армысың жан достар!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос! (Шеңберде тұрып,қайталайды.Бір-біріне жылуын сыйлайды.
Тәрбиеші: –Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қазір қыс мезгілінің қай айы?
Балалар: – Қазір жылдың қыс мезгілі. 3 ай – желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қаңтар айы.
Тәрбиеші: – Балалар тақтаға қараңыздаршы не көріп тұрмыз? Суретте қай қаланы көріп тұрмыз?
Балалар: – Ақтау қаласы.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар бұл сендердің өскен жерлерің Ақтау қаласы.Ал енді мынау қандай дүкен?
Балалар: – Дана супермаркеті.
Тәрбиеші: –Дүкеннің ішінде нелер бар балалар? Нан, тамақ,керекті заттар және мынау не балалар? Балалар бұл – банкомат, постомат.
Таңғажайып сәт: Ұялы телефонға хат келеді. -Бұл кімнен болды екен? Телефоныма хабарлама келген сияқты. -Ой балалар бізге постоматтан 5 – топқа өте қызықты сәлемдеме жіберіпті. Ал, балалар сендер постоматты қалай қолдануды білесіңдер ме?
Балалар: – жоқ!
Тәрбиеші: – Олай болса балалар постомат деген қазіргі таңда барлығы заманауи технологиямен жабдықталған дүние. Яғни адамдардың жұмысын жеңілдету үшін, бізге қажетті заттарымыз тездетіп жеткізетін құрылғы. Оның суреті мынадай болады, келген сәлемдемемізді біз кюар арқылы аламыз. (Банкомат картасы шығады). Балалар бұл карталарды пайдалану үшін қандай құрылғы керек ?
Балалар: – Банкомат терминалы! (ақша шығаратын құрылғы)
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл банкомат терминалы бізге ақша шығару үшін қажет. Ал енді сендермен ойын ойнайық.Ойынның аты «Өз орнына орналастыр» Мен сендерге құрылғының суретін екі жаққа бөліп қоямын, сендер сол суреттерге қарап ажыратып, бөліп қоясыңдар.
Ойын: «Өз орнына орналастыр»
Шарты: карта мен теңгені қай құрылғымен пайдалану керектігін ажырата білу.
Сергіту сәті: «Жеті ұл» (әуен: Күй)
Сәл демалып, тыныс ал
Тақпақ тьыңдап ұғып ал
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі -Дүйсенбі
Екіншісі – Сейсенбі
Үшіншісі – Сәрсенбі
Төртіншісі – Бейсенбі
Жұма деген – Бесінші ұл
Алтыншы ұл – Сенбі
Жетіншісі – Жексенбі.
Ойын: «Қанталапай» ( Әуен: Күй)
Тәрбиеші: – Алақай, алақай ойын таптым талапай.Ал енді Қанталапай ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: мен талапайдың сөзін айтып асықты шашқан кезде сендер асықты жинап аласыңдар. Кім неше асықты жинады санап,санмен көрсетесіңдер. Кім көп асық жинайды сол жеңімпаз болады.
Қорытынды.
Тәрбиеші: – Балалар бүгінгі ойын ұнады ма? Дүкенге бармай ақ сауданы қалай жасауды үйрендік пе? Сендердің жас ерекшеліктеріңе сай келмейді дегенменде болашақта қалай пайдалануды білетін боласыңдар.

