Тұғыры биік тәуелсіз – Қазақстаным!

Аминова Оразгуль Омирзаковна

Тақырыбы: «Тұғыры биік тәуелсіз – Қазақстаным!»

Мақсаты:

  1. Балалардың дене белсенділігін арттыру арқылы олардың денсаулығын нығайту.
  2. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен шапшаңдығын дамыту.
  3. Рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен жабдықтар:

  • Қазақстан туы, шарлар, жалаушалар.
  • Ағаш ат, конустар, асықтар,қамшылар.
  • Музыкалық сүйемелдеу (қазақтың патриоттық әндері).

Өткізілетін орны:

  • Спорт зал.

 

Оқу әрекетінің кезеңдері      

                 Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

                                                  Ұйымдастырушылық кезеңі

 

 

Балалар залға жалауша ұстап, әуенмен кіреді. Үш қатарға бөлініп тұрады. Жалаушалармен қимыл-қозғалыс жасайды. Үш қатардан бір қатарға сапқа тұрып, амандасады.

– Балалар, бүгін біздің еліміздің ең маңызды мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған дене шынықтыру оқу іс- әрекетін   өткіземіз. Сіздер – Қазақстанның болашағысыздар! Кел, бірге елімізге деген махаббатымызды қимыл-қозғалыстарымыз арқылы көрсетейік!

 

– Ән ұран

Жалпы дамытатын жаттығулар:

•         Қолға қамшыны алып саппен жүру, қамшыны жоғары көтеріп аяқтың ұшымен, қамшыны алға созып жүру – 4 рет.

•         Орындыққа отырып қамшымен оңға және солға иілү – 4 рет.

Қамшымен қолды алға созып екі аяқты кезекпен орындыққа қою – 4рет.

•         Қамшымен орындық айнала жүгіру – 4 рет.

 

 

 

-Балалар қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ән ұранды айтады.

 

 

 

 

 

 

-Жаттығуларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Эстафеталық ойындар:

1.« Тенге алу» ойыны

Әр топтан бір бала шығып, ағаш атпен шауып келіп, әуеннің ырғағымен  шеңберді айналып, шауып шапшаңдықпен теңгені іліп алу қажет.

Қатысушылар кезекпен орындайды.

 

2.    «Тудың сапары»

•         Балалар Қазақстан туын ұстап, асықтар арасынан жүгіріп өтеді. Туды келесі балаға береді.

3.    «Белбеу тартыс»

«Белбеу тартыс» ойыны. Әр топтан бір баладан шығып, шеңбердің ішіне тұрады. Белдеріне арқан жіп байланады. Белгі берілгеннен кейін, әр бала екі жақа қарай тартады. Шеңберден бірінші тартып шыққан бала жеңіске жетеді.

    

 

 

 

 

 

4.«Асық» ойыны

Әр топтаң бір бала шығып жерде жатқан сақиналарға асықты қойып шығуы қажет. Белгіні айналып қойған асықтарын жинап шығып эстафетаны келесі балаға тапсырады.

 

Балалар ортаға шығып, тәрбиешімен бірге «Көк тудың желбірегені» әні айтып, барысында кезекті шоу құрады.

 

 

Қоштасу:

•         Балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, жеңімпаз топты марапаттау.

•         Барлығына кішкентай сыйлықтар тапсырылады.

Күтілетін нәтиже:

1.       Балалар белсенді және ынталы қатысады.

2.       Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі жақсарады.

3.       Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы білімдері артады.

 

 

 

 

 

-Балалар ойынды ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар ойынды ойнайды. 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *