Журналистика факультететіндегі жаңа мамандық “Драматургия
Драматургия (грекше dramaturgia) – қандай да бір халықтың
немесе жазушының белгілі бір дәуірі мен кезеңдегі драмалық
шығармаларының жиынтығы.
Қазақ сөз өнерінде драматургия 20 ғасырдың басында
қалыптасты. Қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық
кештері ұлттық сахналық өнер мен драматургияның бастамасы
болды. Бұлардың тәжірибелері отандық драматургияның пайда
болуына, ұлттық драмалық шығармалардың жазылуына ықпал
жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы сахналық
талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның
дүниеге келуіне негіз болды.
Төңкеріс қарсаңында және одан кейін Ж. Аймауытов, М. Ду-
латов, К. Тоғысовтың, Қ. Кеменгеров, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ж.
Шанин, т.б. алғашқы драмалық шығармалары ұлттық
драматургияның жанрының негізін қалады. Еуропалық үлгідегі
драматургияның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында
алғаш рет талпынған Ж. Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы
(«Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану») 1916-17ж., ал
«Ел қорғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» 1920-25 жылдар ішінде
жазылды. Бұларда сол уақыттағы қазақ қоғамындағы тұрмыс-
салттан бастап, әлеуметтік оқиғалар суреттелген.
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген
С.Сейфуллин болды. Оның «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар»
пьесаларында драма лайықты сипат сақталған. Бұл аталған
пьесалардың үгіттік бағытына, көркемдік және тарихи шындықтың
тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнографиялық
бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы
ретіндегі Ж.Шаниннің «Шахта» пьесасы бірнеше рет жөнделіп,
өңделген нұсқасында жұмысшыларының өмірін, саяси күреске
араласуын суреттейді.
XX-ғасырдың 20-шы жылдарындағы отандық драматургияда
әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солар-дың
бірі (1926ж.) Қ. Кемеңгеровтың «Алтын сақина» мен «Ескі оқу»
пьесалары қазақ драма театрының сахнасында қойылды.
Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б. Май-
линнің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтың «Сүйіскендер»,
«Перизат-Рамазан»,
Р.Молабаевтың «Үй тұтқындары», «Ғұрып күні», С.Абланов-
тың «Күн түспейтін қатын», А.Тоқмағанбетовтың «Екі заңы»,
т. б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында
ұзақ сақталғаны – «Перизат-Рамазан» және А.Оспанов пен Е.
Өтеулиннің «Зарлығы».
XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы драматургияда трагедия
жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың басым көпшілігі
тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр
репертуарынан берік орын алған Ж.Шаниннің «Арқалық батыр»
трагедиясы-отандық драматургиядағы фольклорлық материалды
игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық
шығармалары да сахнаға шықты. Олар – «Торсықбай» мен
«Айдарбек», бұлардың сюжеттерінің желісі-ауыз әдебиетінің
негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен
өрбейтін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері.
Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушы-
лардың бірі-Б.Майлиннің көптеген шағын шығармалары театр мен
үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда
«Шаншар молда», «Ел мектебі», «Неке қияр», «Айша», т.б. Бұларда
комедияның шағын үлгілері-скетч, водевильге тән түрлері
кездеседі.
Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен да-
муына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов XX-ғасырдың
20-жылдары «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қара-
гөз» пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында
да өткен замандағы қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын сурет-
теп, сан қилы кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады.
Күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан «Еңлік- Кебек»
халық жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеулерден кейін
ұлттық драматургияның қайталанбас классикалық дүние-сіне
айналды