23
Медиадизайн мамандығы
Медиадизайн — бұл ақпаратты визуалды және графикалық тәсілдермен ұсыну, яғни мәтін, сурет, бейнемазмұн, анимация және басқа да мультимедиялық элементтерді үйлестіріп, тиімді және эстетикалық жағымды түрде көрсету процесі. Медиадизайн түрлі платформалар мен медиа құралдарында ақпаратты жеткізу үшін қолданылатын дизайнның ерекше түрі
1. Түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану.
2. Түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану.
3. Фотосурет өнерінің технологияларын меңгеру, фотосуреттерді өңдей білу, фоторепортаждар жасау, түрлі жанрларда фотоақпарат ұсыну.
4. Танымал технологиялар негізінде өзіндік авторлық түпнұсқа дизайн-макеттер, фирмалық стиль жасау; фото-дизайнда, моушн дизайнында, инфографикада және анимацияда соңғы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану.
5. Ақпаратты тарату технологияларын, цифрлық маркетинг негіздерін меңгеру, көрнекі ақпаратты қабылдау психологиясын білу, қарым-қатынастың коммуникативтік технологияларын және дизайн психологиясын меңгеру.
6. Қазіргі визуалды коммуникация саласындағы сапалық өзгерістер мен жаңа тенденцияларды іс жүзінде жүзеге асыру.
Бағыты:
Білім беру бағдарламасы бұқаралық ақпарат құралдарын әзірлеу бойынша дизайнерлік міндеттерді шешуге, медиа-басылымды, оның фирмалық стилін жасауға, шығармашылық қызметте графикалық композицияның негізгі заңдарын білуге және қолдануға, шығармашылық дизайн жасай білуге, БАҚ дизайнының компьютерлік бағдарламаларын меңгеруге, жарнамалық материалдарды, сайттарды жасауға және қалыптастыруға қабілетті дизайнер-маманды кәсіби даярлауға бағытталған.
Журналистика факультеті “Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының” 3-курс студенті Мөлдір Амангелді