Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару
«Жақсы басшы эмоцияны басқара біледі, ал ұлы басшы оны шабытқа айналдырады.»
Джон Максвелл
Қазіргі заманда ұйымдардағы эмоциялық күйді басқару жұмыс тиімділігін арттырудың маңызды факторына айналды. Эмоциялар қызметкерлердің қарым-қатынасына, шешім қабылдауына және жалпы жұмыс атмосферасына тікелей әсер етеді. Ұйымдағы эмоциялық басқару – бұл эмоцияларды тану, бақылау және дұрыс бағыттау арқылы ұжымдағы үйлесімділікті қамтамасыз ету үдерісі. Ең маңыздысы біз бұл құнды дүниені ғылыми тұрғыдан қарастырып, тереңіне үңілдік. Себебі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жалпы психология», «Басқару психолоиясы» сияқты пәндер оқытылады. Асылы, «Филология» факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығының магистранты ретінде «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасынан психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның басшылығымен «Басқару психологиясы» пәнін оқудамыз. Осы пән аясында эмоциялық интеллекттің – адамның өз эмоцияларын және басқалардың эмоцияларын түсіну, тану және басқару қабілеті екенін меңгердік. Бұл қасиет әсіресе көшбасшылар үшін өте маңызды, себебі ол:
- Қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға;
- Қақтығыстарды тиімді шешуге;
- Командалық жұмысты жақсартуға ықпал етеді. Дэниел Гоулманның зерттеулері бойынша, көшбасшының эмоциялық интеллекті жоғары болған сайын, ұйымдағы жалпы атмосфера мен өнімділік деңгейі де жоғары болады.Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару әдістері
- Қызметкерлердің эмоцияларын тану. Жұмыс барысында қызметкерлердің эмоционалдық жағдайына назар аудару маңызды. Мысалы, стрессті, мотивацияны төмендететін жағдайларды алдын-ала анықтап, шешу қажет.
- Позитивті эмоцияларды қолдау. Марапаттау жүйесін енгізу, жұмыс процесінде қызметкерлерді мадақтау және ашық пікір алмасуды қамтамасыз ету – жұмыс орнында позитивті эмоционалдық жағдайды қалыптастырады.
- Қақтығыстарды басқару. Қақтығыс кезіндегі эмоцияларды бақылау және шешім қабылдау – ұйымдағы үйлесімділікті сақтау үшін маңызды. Мұндай жағдайларда қызметкерлерге тыңдау және бейтарап шешім табуға мүмкіндік беру керек.
- Стрессті азайту шаралары. Стрессті басқару үшін релаксация жаттығуларын ұйымдастыру, демалыс уақыттарын тиімді жоспарлау, жұмыс жүктемесін теңестіру маңызды.
- Эмоциялық интеллектті дамыту тренингтері. Қызметкерлерге және көшбасшыларға арналған тренингтер эмоцияларды басқару қабілетін арттырып, ұжымның эмоционалдық тұрақтылығын күшейтеді. Эмоцияларды басқарудың артықшылықтары өте көп, атап айтар болсақ: Өнімділікті арттыру: Позитивті эмоциялар қызметкерлердің жұмысына мотивация беріп, өнімділікті арттырады. Ұжымдық ынтымақтастық: Эмоциялық тепе-теңдік командалық жұмысты жақсартады. Қызметкерлердің адалдығы: Эмоциялық қолдау көрсетілетін жұмыс орнында қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығы артады. Қақтығыстардың азаюы: Эмоцияларды басқару қақтығыстардың санын азайтып, олардың шешілуін жеңілдетеді. Қорытындылай келе, ұйымдағы эмоциялық күйді басқару – қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға, жұмыс орнында оң атмосфераны құруға және ұйымның жалпы табыстылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды процесс. Эмоцияларды тиімді басқару ұйым көшбасшыларының маңызды міндеті болып табылады және ол ұйымның ұзақ мерзімді жетістіктерінің негізін қалыптастырады.
Жубаназарова Н.С. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1-курс магистранты Әліқұл Назерке.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718