«Код да Винчи» — бұл жай ғана фильм емес, бұл сізді тарихтың терең құпияларына тартатын зияткерлік өнер туындысы. Дэн Браунның бестселлер романына негізделген Рон Ховардтың туындысы көрермендерді Лувр мұражайының үнсіз дәліздерінен бастап, ежелгі символдар мен шіркеудің жасырын сырларына толы әлемге саяхат жасатады.
Луврдағы түн: Әлемдік өнердің орталығы болған Лувр мұражайы түнгі тыныштықта кенеттен үрейге толады. Куратор Жак Соньер өлім аузында өз денесін жұмбақ кодтарға айналдырып, мұра ретінде құпия жолдаулар қалдырады. Бұл трагедия терең құпияларды ашуға себеп болған алғашқы сәт еді.Том Хэнкс сомдаған Роберт Лэнгдон мен Одри Тотуның нәзік, бірақ өткір Софи Невёсы бірге бір жұмбақтан екіншісіне ауысып, шындықты іздеуге кіріседі. Әрбір көрініс оларды ежелгі дәуірден қалған тылсым символдар мен Леонардо да Винчи туындыларында жасырылған құпиялардың сырын ашуға жетелейді.
Өнердегі сырлы кодтар – фильмнің көркі.
Да Винчи шығармалары — фильмнің нағыз «жұлдызы». Әрбір салынған сызық, әрбір реңк пен көлеңке — бұл тек өнер емес, бұл нағыз құпия хаттар! Мысалы:
- «Мона Лиза» — жұмбақ күлімсіреудің астарында не жасырынған? Бұл сұрақ фильмнің бойына ерекше толқу сыйлайды.
- «Құпия кешкі ас» — бұл діни өнердің жауһары ғана емес, жасырылған символдар мен шындыққа бастар жол!
Фильмде дін мен ғылым арасындағы үздіксіз күрес бейнеленеді. Шіркеу тарихының қараңғы тұстары, жасырын қоғамдардың құпиялары, Мәриям Магдалина туралы даулы теориялар көрерменнің санасын сан түрлі ойға жетелейді. Фильм дін мен шындықтың шекарасын қайта қарастыруға мәжбүрлейді.Сол себептен кейбір көрермендердің көңілінен шықпауы мүмкін.Мысалы, Үндістанның Ченнай қаласында жергілікті христиан және мұсылман топтарын тыныштандыру үшін фильмге екі айға тыйым салынды. Бұл фильм Қытайда тыйым салынған.
«Код да Винчи» — бұл көркемдік пен шындықтың арасындағы шебер. Бір жағынан, ол бізді өнер мен тарихтың керемет әлеміне жетелейді, ал екінші жағынан, шіркеу және діни ұйымдар тарапынан үлкен сынға ұшырайды. Қатаң пікірлерге қарамастан, фильм өз көрерменін таңғалдырып, олардың қиялын баурап алды. Неліктен көру керек? Егер сіз құпияларды шешуге, тарихтың терең қатпарларына үңілуге және өнердің шексіздігін сезінуге құмартсаңыз, «Код да Винчи» сізді бей-жай қалдырмайды. Бұл фильм тарих, дін және адамның шексіз танымдық ізденісі туралы нағыз интригалық саяхат.