Uly Dala: қалалық және әлеуметтік зерттеулер журналының екінші нөмірі жарық көрді
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ Uly Dala қалалық және әлеуметтік зерттеулер ғылыми журналының екінші шығарылымы шықты. Екінші нөмір өзекті тақырыптары мен жан-жақты талдаулары арқылы зерттеушілер мен оқырмандардың назарын аудара алды.
Журналды басып шығарудың негізгі мақсаты қалалық және әлеуметтік зерттеулер саласындағы өзекті іргелі және қолданбалы ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жариялау болды. Әр шығарылым сайын журналдың өзектілігі артуда, өйткені көптеген шетелдік ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарын біздің журналда жариялауға ниет білдіруде.
Бұл нөмір Қазақстандағы жылқы шаруашылығы мен ат спорты ойындарын жаңғырту, күн мен жылқы бейнелерінің символизмі, мақта шаруашылығы, жерге иелік ету және Орталық Азияның оңтүстігінде топырақ сапасын сақтау және т.б. мәселелеріне арналған. Сонымен бірге сәулетші Абдель-Вахед Эль-Вакиль туралы деректі фильмге шолу жасалды. Мақала авторлары биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын көрсететін өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөліседі.
«Сіздердің назарларыңызға «Uly Dala: қалалық және әлеуметтік зерттеулер журналы» пәнаралық журналының екінші нөмірін ұсынамыз. Журналымыз жаңа бола тұра, біз кеңінен қанат жаюға тырыстық – журналға түрлі авторларды: аттары танылған және жаңа авторларды тарттық. Дегенмен, біздің тарапымыздан көп күш жұмсалмай, нөмір дәстүр мен модернизмнің симбиозы проблематикасы, сондай-ақ шаруашылық түрлерін, петроглифтер мен қалалық фольклор жанрларын тарихи қайта өңдеу және қайта ойлап шығару мәселелері төңірегінде «шоғырланған» болып шықты», – деп жазады журналдың бас редакторы Алима Бисенова.
Қазақстанның елордасында өткен бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дәстүр мен қазіргі заманды біріктірген маңызды оқиға болды. Көшпелі халықтардың бай мәдени мұрасын қалалық кеңістікте көрсетудің бірегей мүмкіндігі жергілікті тұрғындар мен халықаралық қонақтардың қызығушылығын тудырды. Сондықтан да Көшпенділер ойындары тақырыбы журналдың екінші санында басты орынға шықты. Мереке салтанаты мен қарқынына қаныққан қала көрінісі әсерлі жарыстар мен мәдени іс-шаралар үшін тамаша орта болды.
Журналда экожүйелерге Тамғалы ежелгі жартасына салынған суреттерден бастап қазіргі ұлттық дискурсқа дейінгі символизм мәнмәтінінде қарауға мүмкіндік беретін пәнаралық тәсілдерге ерекше назар аударылады. Мақалалардың бірінде Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін адамдарда пайда болған жылқы шаруашылығының «деколониалдық опция» ретінде жандануы қарастырылады. Ақпарат берушілердің көбі жылқы шаруашылығын ұлттық дәстүрмен байланыстырады және өздерін «ата-баба ісін жалғастырушылары» деп санайды.
«Соңғы жылдары қалалардың қарқынды өсуі қала өмірінің сапасына байланысты жаңа сын-қатерлерге әкелді. Ғылыми журналдарда жарияланған зерттеулер құрылыс тығыздығы, қоғамдық көліктің қолжетімділігі және ластану деңгейі сияқты қалалық кеңістіктердің проблемаларын жария етудің маңызды құралына айналды. Бұл зерттеулер қала тұрғындарының күнделікті өміріне әсер ететін сыни аспектілерді анықтауға көмектеседі және қала жоспарлаушылары мен билік органдары үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ оқыту бөлімінің басшысы Айсұлу Сәрсекеева.
Журналдың электрондық нұсқасы мына сілтеме бойынша.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718