«Абай іліміндегі «жүрек» концепті» ашық сабағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс магистранттары:

Сералина А.К. және Шуктаева Д.М.

 

Абай ілімі әрқашан қазақ мәдениеті мен әдебиетінің маңызды элементі болып табылған . Көптеген жылдар өтсе де Абай философиясы қазіргі таңда өзекті болып қала береді. Қазіргі уақытта Абай ілімі туралы білімді келесі ұрпаққа беру маңызды. ҚазҰУ әрдайым осы үдеріске үлес қосуға өз күшін салады.

15.03.2024ж. Филология Факультеті, Шетел Филологиясы Және Аударма Ісі Кафедрасы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Шетел Филологиясы мамандығының 2 курс магистранттары Шуктаева Д.М., Сералина А.Қ және ф.ғ.к., доцент Мұсалы Л.Ж. “5B011900 – Екі Шет Тілі” мамандығының 1 курс студенттерімен «Абай іліміндегі «жүрек» концепті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың рухани мұрасына терең бойлап, оның жүрек туралы ойларын қазіргі заман тұрғысынан қарастыру және өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды бағалауға баулу болды. Абай “Қара сөздерінде” жүректі адамның рухани өзегі, моральдық сананың қайнар көзі ретінде сипаттайды. Ол адамгершілік, сүйіспеншілік, әділеттілік сияқты қасиеттердің жүрекке тәуелді екенін атап өткен. Сабақ барысында осы идеялар терең талданды.

Ашық сабақтың соңында қатысушылар пікір алмасып, жүректің тек биологиялық емес, рухани әрі әлеуметтік мәнін талдады. Олардың ішіндегі идеялар: Жүректің адамның ішкі жан дүниесінің орталығы екенін, Абай іліміндегі әділет, мейірім және махаббат сияқты қасиеттердің бастауы жүрекке негізделгенін, Жүректі тек сезім емес, ақыл мен ар-ожданның үйлесім тапқан өзегі ретінде қарастыру керектігін атап өтілді. Абайдың жүрек концепті қазіргі заманның моральдық мәселелерін шешуде де өзекті екенін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған бұл ашық сабақ Абайдың рухани мұрасын зерттеуге тың серпін беріп, қатысушылардың жүрекке деген көзқарасын жаңа қырынан байытты. Мұндай шаралар жастардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруінде маңызды рөл атқарады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *