ХХ-ғасыр басындағы азаттық идеяларының жаршысы-«Қазақ баспасөзі»

Сапарбек Саят 105-топ,

журналистика факультеті

 

ХХ-ғасыр басындағы азаттық идеяларының жаршысы-«Қазақ баспасөзі»

 

XX ғасырдың басы қазақ халқы үшін әлеуметтік-саяси ояну кезеңі болды. Бұл уақытта «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Садақ» секілді басылымдар қоғамның түрлі салаларын қамтыды: ағартушылық, әлеуметтік мәселелер, саяси қозғалыстар мен ұлт бірлігін нығайту. Олар тек ақпарат беруші емес, халықты оятушы құралға айналды. Әр газет өз мақсаты мен бағыт-бағдарына сай қызмет атқарды.

 

  1. Ағартушылық және білім беру.

 

Газеттер мен журналдар халықтың сауатын ашуды басты міндеттердің бірі ретінде қойды.

 

  • «Айқап» журналы білім мен ғылымды қоғам дамуының негізгі тетігі деп таныды. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді.Бұл журналда жастарға білімнің маңызын түсіндіру арқылы халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсаты болды. (ақпарат-bilimnews.kz)
  • «Садақ» журналы жастардың ағартушылық ортасы ретінде қызмет атқарды. Бұл қолжазба журнал білім алуға ұмтылушы қазақ студенттерінің арасында танымал болды және олардың ізденістерін қолдады. Шығарушылар бұрынғы Алашорданың белді мүшелері болғандықтан, көпшілік газет-журналдардың идеялық бағыты ұлттық сипаттан ажырамады.

(ақпарат-abai.kz/)

 

 

  1. Саяси және ұлттық сана-сезімді қалыптастыру

 

XX ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлт-азаттық қозғалыстарды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Басылымдар ұлттық сананы ояту үшін қоғамдық-саяси мәселелерді ашық көтере бастады. Газет-журналдар қазақ халқының күнделікті өміріндегі өзекті мәселелерге де назар аударды.

 

  • «Қазақ» газеті ұлттың бірлігіне ерекше көңіл бөлді. Оның редакторлары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы жер мәселесі, ұлттық мүдде және өзін-өзі басқару қажеттігін ұдайы талқылап отырды. Газет патша өкіметінің отаршыл саясатына қарсы бағытталған материалдарды жариялап, қазақ қоғамын дербестікке ұмтылуға шақырды.

 

  • «Сарыарқа» газетінде ол жарық көрген күннен бастап терең ойлы, ағартушылық, ұлт азаттық идеяларын ту еткен, отарлық езгіге қарсы, қазақ ұлтының экономикалық, саяси, рухани өрлеуі жалынды еңбек етіп жүрген ұлт зиялылары қызмет етті. Олар газетте халықтың тұрмыс-тіршілігін, елде болып жатқан жағдайларды кеңінен қамтыған мақалалар легін жариялап тұрды. Сондай-ақ Алашорда үкіметін құру, қазақ мемлекетінің негізін қалау секілді маңызды мәселелер қозғаған саяси мақалалар да жазды.

( https://bilimger.kz/  )

 

XX ғасыр басындағы қазақ баспасөзі ұлттың рухани, әлеуметтік және саяси дамуына зор ықпал етті. «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Садақ» секілді басылымдар арқылы қазақ зиялылары халықты отарлық езгіге қарсы тұруға шақырып, білім мен мәдениетті насихаттады. Бұл басылымдар ұлт-азаттық қозғалыстың ақпараттық тірегіне айналып, болашақ тәуелсіздік жолында маңызды рөл атқарды. Олардың басты қызметі — ағартушылық, ұлттық бірлікті нығайту және қоғамдық пікір қалыптастыру болды.S

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *