Қазақстан бойынша жұмыссыздық статистикасы
- Жұмыссыздықтың өсуі жалпы елдегі барлық салаларға әсерін тигізеді.Жыл сайын елімізде бұл мәселе күрделеніп келе жатыр.
2023 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі шамамен 4.9% деңгейінде болды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8-10% аралығында. Елімізде осы жұмыссыздықты төмендету үшін әртүрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда, соның ішінде кәсіби оқыту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында.
Жалпы қалалар бойынша есептесек, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Алматы қаласында, Түркістан облысында және Шымкентте тіркелді. Мәселен, Түркістан облысында жұмыссыз халықтың саны 2,3%-ға, 42,6 мың адамға дейін, Алматыда 3,4%-ға, 53,2 мың адамға дейін өскен.
Сарапшылардың айтуынша, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары – 5,4 пайыз. Ал ерлердің 4,4 пайызы жұмыс істемейді.
Жалпы, мен болашақ әлеуметтік жұмыскер ретінде осы жұмыссыздық мәселесін қолға алғым келеді. Қазір ҚазҰУ https://www.kaznu.kz/студенті ретінде тұрғылықты түрде зерттеуді бастауды жоспарлап отырмын.
Халықтың жұмыспен қамтылуы зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың I тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі әлі де өте өзекті болып отыр, әсіресе жастар мен ауылдық жерлерде. Сол себептен еңбек нарығын жақсарту үшін түрлі бағдарламар мен іс-шаралар ұйымдастыру, білім беру және кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс деп ойлаймын.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті»
Әлеуметтік жұмыс мамандығы 3 курс
Баязит Айдана
Жетекші Авсыдыкова Куралай
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718