Қазақстан бойынша жұмыссыздық статистикасы

Қазақстандағы жұмыссыздық статистикасы елдің экономикалық жағдайын бағалауда маңызды рөл атқарады.  Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылы жұмыссыздықтың деңгейі шамамен 4,9%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда қалыпты сақталып отыр.

Жұмыссыздық көрсеткіштері:

-2023 жылғы жұмыссыздардың саны: 450 мың адамды құрайды.

-Жұмыспен қамтылғандардың саны: шамамен 9,3 миллион адам.

-Жастар арасындағы жұмыссыздық: (15-28 жас аралығы) орташа есеппен 3,7%-ды құрайды.

Аймақтық жұмыссыздық көрсеткіштері туралы айта өтсек, Қазақстанның әр аймағындағы жұмыссыздықтың деңгейі біркелкі емес:

Маңғыстау облысы – 5,7% (жоғары деңгей).

Түркістан облысы – 5,3%.

Алматы қаласы – 5,0%.

Астана қаласы – 4,5%.

Елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жұмыссыздық деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Бұл жағдай еңбек нарығының аймақтық даму деңгейіне байланысты болып отыр. Өнеркәсіптің әркелкі дамуы, ауылдық жерлердегі жұмыс орындарының тапшылығы және урбанизация жұмыссыздықтың аймақтық деңгейіне әсер етуші негізгі факторлар болып табылады.

Жалпы, мен болашақ әлеуметтік жұмыскер ретінде осы жұмыссыздық мәселесін қолға алғым келеді. Қазір ҚазҰУ https://www.kaznu.kz студенті ретінде тұрғылықты түрде зерттеуді бастауды жоспарлап отырмын.

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі әлі де өте өзекті болып отыр, әсіресе жастар мен ауылдық жерлерде. Мемлекет еңбек нарығын жақсарту үшін білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы түрлі қадамдар жасауда. Алайда, тұрақты экономикалық өсім мен аймақтық даму, жастарды қолдау арқылы жұмыссыздық деңгейін одан әрі төмендету қажет.

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті»

Әлеуметтік жұмыс мамандығы 3 курс 

Баязит Айдана

Жетекші Авсыдыкова Куралай

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *