Дұрыс қарым-қатынас – жақсы өмір кепілі
Ділдабек Әсия Нұрболатқызы
Дұрыс қарым-қатынас – жақсы өмір кепілі
ҚазҰУ әлемнің ең үздік жоғары оқу орнының бірі әрі бірегейі. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Университетімізде 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби білім берудіңкөп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар білім алуда. Біздің университетіміз әлемнің ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасады. Университетімізде екімыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден аса академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. ҚазҰУ студенттерді мамандығы бойынша біліммен қамти отырып, қоғамдық ортаға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретеді және ең бастысы өзімізді танып, көрсете білуге көмектесетін орта қалыптастырады.
Университет қабырғасында студенттер түрлі пәндерді оқи отыра өмірге деген көз-қарастары өзгеріп, өздерінің жаңа қырларын ашып, адамдармен қарым-қатынасы толық реттелді. Қазіргі таңда өмірде неше түрлі адам кездеседі. Әсіресе университетке жаңа келген студенттеркөптеген таныстықты басынан өткереді. Жаңа таныстық барысында қарым-қатынастыңпсихологиясын білу өте маңызды деп білеміз. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес.
Тұлғааралық қатынас – әрбір халық пен ұлттың этностық қарым- қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзара әрекет етуіне: адамдардың бірін-бірі түсінуі мен қабылдауы; тұлғааралық тартымдылық; өзара әрекет пен мінез-құлық жатады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлға аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1. конъюктивті – адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс- әрекетке итермелейтін сезімдер;
2. дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Тұлғааралық қарым-қатынас технологияларын түсіну, білу, оларды дұрыс қолдана алу бизнестегі алғышарттардың бірі болып табылады.
Қорытындылай келе, адамның өмірі қарым-қатынаспен тікелей байланысты. Жақсы өмір сүргіміз келсе адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуымыз керек. Студенттердің жан-жақты білім алуына осындай жағдай жасап отырған ҚазҰУ Қазақстанның, көптеген әлемдік рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.
Андабаева Г.К., э.ғ.к., доцент
Ділдабек Асия, «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718