Өсиетке құштар бол

Турсынбаева Катира Акитаевна

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: КОММУНИКАЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ:  «өсиетке құштар бол»

МАҚСАТЫ:

Балалардың жеті ата туралы түсініктерін тереңдету халқымыздың  үш биімен таныстыру. Өз халқына оның ұлы адамдарына деген құрмет,мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Балаларға тіл қасиетін шағын әңгімелер,мақал-мәтел, шешендік сөздер мағынасын түсіндіру арқылы  сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер:

би,шешендердің суреттері,альбомдар.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап алу,әңгімелесу,сөздік әдістер.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

«Күннің де көзі ашылды,

Көкте шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

«сәлеметсіз бе» -деп біздер

Үлкенге сәлем берейік.»   Сәлемдесу.

 

-Ал балалар қане бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

(қолдарын жүрекке қойып)

Ахмет: «Ақылың болса арыңды сақта. Ақылды бол»

Нұрлы: «Оқы да біл, ойна да күл. Білімді бол».

Алина: «Бастаған істі тастама» Ұқыпты бол.

Аяла:  «Үлкенге құрмет кішіге ізет»  Ізетті бол.

Айша: «Үлкенді сыйласаң елге сыйлы боласың»   Сыйлы бол.

«Ер елінде, гүл жерінде»  Гүлдей әдемі бол.

Аян:   «Жақсы дос үшін жан пида»  Адал бол.

«Жолдасыңды тастама, жолда Данабай қаласың» Сөзіңе берік бол.

«Еңбекпен ер өседі»  Еңбекшіл бол.

«Шыдамдық, еңбек ,алғыр ой,  Анық досың біліп қой»    Білімді бол.

«Әдепті бала ,арлы бала»  Әдепті бол.

«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» білімді бол.

«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені» Инабатты бол.

«Отанын сүйген отқа жанбайды»  Отаншыл бол.

«Бейбіт елде береке бар»  Берекелі бол.

«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»  Жақсы досың көп болсын.

«Еңбек ер атандырады»  еңбекшіл бол.

 

«Азамат туған жерімен тұғырлы,халқының салт-дәстүрімен

ғұмырлы» Халқын ойлайтын азамат бол.

«Ердің туы намыс»  намысшыл бол.

«Батыр туса- елге ырыс»  Ел қорғайтын батыр бол.

«Адал ұл ер болып туса –ел тірегі»    Еліңнің тірегі бол.

-Өте жақсы балалар , бір-біріңе керемет тілек айттыңдар, қабыл болсын., ал енді айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдаршы.-Қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп  айтып  береді.

-Қыс туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

 

Ақпан.

Бұрқыратып ақ ақарды,

Көрдіңдер ме ақпанды?

Жыл аяғы кеп қалды

Дауысы тым өктемді,

Борандатып өткенді,

Бұлт боп көкке шөккен-ді

Қыс мінезі тым қатал,

Оған сірә, кім батар?

Қорқып ,ерте күн батар.

-Қане балалар, сыртта  ауа райы салқын болса да,біздің алақанымыз жылы,бір-бірімізге алаұан жылуымызды жіберейік.  (алақан жылуы,балалар отырады).

-Балалар біз бүгін………………..  (есік қағылады) Кім болды екен? Иә кіріңіз…..

(Джек кіреді)

-Балалар бұл бізге Англиядан қонаққа келген Джек ағай .Сәлеметсіз бе,жоғары шығыңыз.

Джек- Сәлеметсіздер ме, мен Қазақстан халқы туралы балалардың айтқандарын жазып алсам ба деп едім.

-Балалар Джек ағайымызды ортаға шақырып біз Отанымызды  қалай құрметтеп , сүйетінімізді,халқымыздың өсиет сөздері  туралы  айтып берейік.

-Ал енді балалар, 1,2,3 санау соңында қандай сан естідіңдер?

-3 саны.

-1,2,3,4,5,6,7 санау соңында қандай сан естідіңдер?

-7 саны.

-Әр мезгілде неше  ай бар?

-3 ай.

-Бір аптада неше күн бар?

-7 күн.

-Әжелер,апалар жұма күні неше шелпек пісіреді?

-7 шелпек.

-Қарақшы жұлдызы нешеу екен?

-7 қарақшы.

-Қанша ата дәстүрі бар екен?

-7 ата дәстүрі.

 

-Жеті санына байланысты қандай мақал бар?

-«Жеті атасын білмеген, жетесіз».

-«Жеті атасын білген, жеті жұрттың қамын ойлар».

-Дұрыс айтасыңдар,3саны мен 7 саны  қазақ  халқында қасиетті сандар болып есептеледі. Осы сандарға байланысты елде көптеген даналық ойлар бар. Елді көп аралап, халқына көп көмектескен, сараң байларды алдап,күлкі –мазақ еткен ертегі кейіпкері кім еді? Естеріңе түсіріңдерші.

-Алдар ата.

-Мінекей дұрыс айттыңдар ,сол Алдар атамыз елден естіген даналық сөздерді күнделігіне түсіріп жазып жүріпті.Қане соны айтып өтейік.

 

 

Диас:                        Үш тәтті.

1.Ананың сүті.

2.Баланың күлкісі.

3.Туған жер.

 

Аружан:Үш артық

  1. Адалдық.
  2. Еңбексүйгіштік.

3.Өнерпаздық.

 

Рамазан:            Үш байлық.

1.Халқы.

2.Отаны.

3.Ана тілі.

 

Ахмет:Үш белгі.

1.Бала-артта қалған із.

2.Бақыт ұзатылатын қыз.

3.Дәулет қолға ұстаған мұз.

 

-Енді жеті санына байланысты қандай  дәстүрлер бар?

 

Аяла: Жеті күн.

1.Бүгін.                   5.Арғы күні

2.Ертең.                6.Азна,

3.Бүрсігүні.            7.Соңғы күні.

4.Кеше.

 

Аян:                           Жеті ата.

 

1.Ата.                    5.Немере

2.Баба.                    6.Шөбере

3.Әке.                     7.Шөпшек

4.Бала.

 

Аяжан:                      Жеті жұрт.

 

1.Отаны.                    5.А тілі

2.Елі.                           6.Ата-анасы

3.Жері.                        7.Туған-туыстары.

4.Халқы.

-Халқымыз қуана қарсы алатын Наурыз тойында , дәмді етіп пісіретін наурыз көже ге де жеті түрлі дәм салынатыны туралы айтып өтейік.

 

1.Тұз.                         5.Кеспе

2.Су.                           6.Бидай.

3.Ақ.                           7.Күріш немесе тары.

4.Сүр ет.

 

-Иә ,балалар қазақ халқы жеті санына ерекше мән берген.

1бала:        Қазақшылық жолымен,

Жеті атаны білемін.

Білмей тұрған баланы,

Мазақ етіп күлемін.

2 бала:  Жеті атасын айтады.

-Иә жеті атаны білу –тек қана өзінің ата-бабаларын емес  ,үш байлықтың бірі  ұлы,атақты адамдарын білу керек.

-Халқымыздың ұлы, атақты адамдары кімдер?

-Хандар мен билер.

-Батырлар мен ақындар.

-Әншілер мен күйшілер.

-Хандар  мен билерді атаңдар.

-Абылай хан, Тәуке хан,Кенесары хан.

-Әйтеке би,Қазыбек би,Төле би.

-Батырларды атаңдар.

-Махамбет, Исатай, Амангелді батыр.

— Әншілерді  атаңдар.

— Ақан сері,Біржан сал,Әміре.

-Күйшілерді атаңдар.

-Құрманғазы,Дина, Тәттімбет.

 

-Балалар өте жақсы. Халқымызда «жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер» деген мақал бар.Халқының ұлы адамдарын, олардың өнегелі  істерін  білген адам ғана  олардан үлгі алып ,отанына ,еліне, жеріне,халқына, ана тіліне,ата-анасына,туған туыстарына қамқор болып қызмет етеді екен. Сендер бүгін халқымыздың  үш атақты  ұлымен танысасыңдар. (тақтаға үш бидің суретін ілу.) Бұл кісілер ертеде өмір сүрген.Олар біздің аталарымыздан да үлкен сондықтан  біз оларбізге  баба болады. Бұл кісілердің есіміне би сөзі қосылып айтылады : Төле би,Қазбек би,Әйтеке би. Би деген сөз –билік айтушы, үкім шығарушы деген мағынаны білдіреді. Адамдар арасындағы дау жанжалдарды шешіп, жәбір көрген адамдарды қорғау үшін әділ, ақылды  адамдар аз болмаған. Сол бабаларымыздың айтқан биліктері, шешендік сөздері осы күнге дейін мирас болып бізге жеткен екен. Бабаларымыз, үш бидің айтқан сөздерін  еске түсірейік.

 

Төле бидің айтқаны:

 

Шешендіктен не пайда,

Артында із қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына  пайдаң тимесе.

 

Қазбек бидің айтқаны:

 

Үй жанында биік төбең болса,

Ерттеулі аттан кем емес.

Отбасыңда  білгір қартың болса,

Жазылған хаттан кем емес.

 

Әйтеке бидің айтқаны:

Елім, анам, жұртым тыныш,

Батыр ұрпақ аман бол.

Өсіп-өнер өрендерім,

Арқа сүйер панам бол.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *