1 маусым. Бақытты балалық шақ!»

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ!»

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

            Армысыңдар , бармысыңдар

            Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

            Алдыменен алайық амандасып,

            Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

 

Тұмар би ансамбльі

Қазақ би

 

Бүгін бізде мереке қуанышта балалар дей отыра орталығымыздың орталығымздың түлектерін алыңыздар.

 

Жүргізуші: Түлектеріміздің сіздерге арналған өнерлерін тамашалаңыздар.

Түлектер Вальс

 

Жүргізуші: Құрметті « Оңалту орталығымыздың » көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.

            Баршамызды бала тілмен баурайтын

            Бала деген бір бақыт қой самғайтын

            Ата- ананың арманы мен тілегін

            Бала емес пе  бал бұлақтан жалғайтын

 

Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін орталығымыздың басшысына береміз.

Ата-аналарды марапаттау.

Тедди аниматор

Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 — маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар,Қояндарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.

Тедди:

«Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп би билеп алайық»

Би: «Балабақша»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де өте керемет билейді  екенсіңдер, көңіліміз бір көтеріліп қалды.
                            

                               Өнері де өрілген,
                              Биіктерден көрінген
                              Бишілерді шақырсақ

Би: «Гүлдер»

«Сұңқар» тобының тәрбиеленушілер

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!Оңалту орталығымзға өздерінің өнерлерін алып келген қонақтарымыз бар екен қарсы алайық.

Би: “Диско”

 Жүргізуші:

                      Балалардың бақшасында бүгін той

                      Балаларды қорғау күні біліп қой

                     Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп

                     Кел, қосылып ән шырқайық,

Ән: “Топ Топ Балақан”

Орталығымыздың «Достық» тобының тәрбиеленушілер.

Жүргізуші:

                        Гүлмен келсін келер күн.
                        Бала бағы бар елдің
                        Балалардың күлкісі
                        Көркі, сәні әлемнің.

Би: Бақа

Орындайтын Қыран тобымен Бәйтерек тобының бүлдіршіндері

Ата-аналарды марапаттайды.

Орталығымыздың Маманы Ән айтады. «Бакыт деген»

(Шар шашылады)

Жүргізуші: Осымен Балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Балалардың сыңғырлаған күлкісі кетпесін. Еліміз аман. Жұртымыз тыныш болсын.

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх