мен таңдаған мамандық

Құрманбай Данель

Болашақ мамандықты таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Өйткені, жұмысыңыздан пайда алу ғана емес, ең алдымен істеген ісіңізден рахат алу керек. Біз өміріміздің көп бөлігін осыған арнауымыз керек.

Қазіргі таңда мен журналистиканың ошағы, яғни Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі журналистика факультеті, медиакоммуникация мамандығында оқып жатырмын. Медиакоммуникация – медиа мен коммуникация яғни, қоршаған орта мен қоғаммен байланысты ұштастыра отырып, халыққа адал қызмет ету.

Бағдарлама тек шығармашылық және технологиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар басқару дағдыларын меңгерген медиа-продюсерлерді, әмбебап медиа мамандарын дайындайды. Бағдарлама журналистика, БАҚ менеджменті, деректерді талдау, режиссура және медиа өнімді жасау негіздері бойынша оқытуды біріктіреді. Оқу бағдарламасы веб-дизайн, медиа экономикасы, шығармашылық салалардағы жобаларды басқару, медиамаркетинг, шығармашылық жазу, аудиомонтаж, фото және бейне түсіру, музыкалық бейне өндірісі және фильмдер өндірісі сияқты пәндерді қамтиды.

Бағыттың түлектері БАҚ әлемінде жұмыс істей алады және мамандықтардың кең спектріне назар аудара алады: тележүргізуші, радиожүргізуші, продюсер, редактор, дизайнер, бренд-менеджер, оқиға-менеджер, арт-директор, IT маманы және т.б. Бұл дәстүрлі журналистика мен аналитика, менеджмент, жарнама, цифрлық платформаларда кітап шығару, компьютерлік ойындар, анимация шығаратын компаниялар, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен мобильді қосымшалар болуы мүмкін.

1-курста осы мамандық бойынша негізгі пәндер медиакоммуникация негіздері (постмодернизм, журналистік этика және адалдық, сыни пікір және оған қарсы тұру) және қазақ журналистикасының тарихы (алғашқы газет, журналдар, радио оралықтар, руна, алғашқы қазақ журналистері) болды.

Бұл мамандық белсенді, ізденімпаз, көпшіл адамдарға өте қолайлы. Кең дүниетанымы бар және соңғы оқиғалардан хабардар болуға ұмтылатындар үшін. Дегенмен, мұндай жұмыста шығармашылық жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен үйлесетінін түсінуіңіз керек. Кәсіби журналист материалда жазылған немесе айтылған әрбір сөз үшін жауапты, ол ақпаратты аудиторияға объективті түрде жеткізе білуі керек. Медиакоммуникация мамандығы болашақ журналисттерге көптеген мүмкіндіктер сыйлайтыны анық.

ҚазҰУ

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *