Білім беру бағдарламасының сапалық көрсеткіштерінің бірі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев «Ғылымның дамуы өркендеуге жол ашады» мақаласында ғылыми зерттеулердің жаңа технологиялардың, экономиканың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, ұлттық қауіпсіздіктің нығаюына жол ашатындығын айтып ҚазҰУ-нің ғылыми инновациялық қызметтегі кешенді жетістіктерін тізіп шыққан болатын.
- – 06.04.2024 философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.Бұл кафедарада дінтану, исламтану, мәдениеттану, мәдени антропология білім беру бағдарламалары дайындалады. Биылғы конференцияда білім алушылар қазіргі Қазақстандық қоғамдағы дін,әлемдік, аймақтық мәдени үдерістер, ықпалдар туралы мәселелер туралы ойларын ортаға салып, мәселені шешудің теориялық ұсыныстарын ортаға салып, креативті пікірлерімен бөлісті.Ғарыштық жылдамдықтай өмір қарқынында жас маманға ең қажетті құзыреттіліктің бірегейі ретінде аналитикалық ойлай отырып шешім қабылдау дағдысы болып қала береді. Университет қабырғасында ғылыми-зерттеу жұмысымен қарқынды айналысу білім алушыда осы дағдыны қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Филос.ғ.к. Аликбаева М.Б.,Мәдениеттану білім бағдарламасының 2-курс докторанты Исламбеков Ә.Б.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718