ПСИХОЛОГИЯНЫҢ САНА ЖӘНЕ БЕЙСАНА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіеліміздің алдыңғы қатарлы, жетекші университеттерінің бірі. Университет іргетасы 1934 жылы құрылған, биыл университетімізге 90 жыл толып отыр. Кең ауқымды бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде мамандар даярлайтын еліміздің көп бейінді жетекші университеті бола отырып, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде алатын орны ерекше. 2021 жылы Университет әлемдегі үздік университеттердің QS рейтингінде түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 201-250 үздіктің қатарына кірді. “Жұмыспен қамтылған түлектер үлесі” көрсеткіші бойынша Университет әлемде 55-ші орында. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің жоғары екенін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін көрсетеді. Еуропа мен Орта Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындары туралы ақпараттарды қамтитын британдық QS EECA 2022 агенттігінің нұсқасы бойынша үздік жоғары оқу орындарының  ТОП-100 тізіміне Республика бойынша 7 білім ордасы енген болатын. Көшбасшы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды.

      Бүгінде еліміздегі жетекші оқу орнының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде  студент жастарды психологиялық тәрбиелеуге және рухани-адамгершіліктіқалыптастыруға арналған әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар өтеді. Қазіргі кезеңде қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелердің алдын алу үшін, студенттердің психологиялық тұрғыда дені сау болып дамуы үшін университет деңгейінде түрлі іс- шаралар өткізілуде. Соның бірі 1-курс студенттеріне психология пәнінің өткізілуі болып есептеледі. Бұл пәннің аясында студент жалпы тұлға болып қалыптасу, қандай да бір жағдайда конфликтке тап болса , ол ситуациядан қалай шығу тәсілдерін, адамдармен коммуникация орнату, басқару психологиясын және т.б. меңгеріп шығады.Қазіргі таңда жастар, көптеген психологиялық кітаптарда сана және бейсана ұғымдары көп қолданылады. Көп адамдар бұл терминдерді түсінгенімен мағынасына, қызметіне, маңызына терең үңіле бермейтіні анық.

       Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым-қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, қайғыру көрінісін табады. Адамға қатысты және оның айналасындағылардың барлығына сананың қатысы бар. Сана айналадағы өмірдің барлық өзара байланысын бейнелейді, әлемнің бейнесі бірдей жүйе ретіндеіс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынас формасы реттеледі. Сана іс-әрекеттің субьективті жағдайларында көрініс табады. Сана адамның психикалық әркетінің барлық формаларын қосады: сезіну, қабылдау, ойлау, сезім мен ерік. Осы психикалық құбылыстың әрқайсысы, өзінің сапалы ерекшеліктерімен, жеке, бөлек емес, сананың тұтас бірдей жағы немесе бөлігі болып табылады. Сана обьективті бола келе, саналы түрде индивидтің өзі ретінде, басқа адамдарға тіл арқылы жетеді. Ойды жеткізу формасы ретінде тіл арқылы адам өзін басқа табиғаттан бөле алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды қолдана алады. Сана – адам индивидінің негізгі анықтамасы.

          З. Фрейдтың пікірінше , адам психикасы айсберг тәріздес болады және судан төбесі ғана көрінеді – ол біздің санамыз. Бірақ негізгісі судың астында жатыр және ол бейсана болып табылады. З. Фрейдке келісе отырып, бейсана дегеніміз – «сана саласынан бейсана саласына ығыстырылатын, елігудің қара қазаны» қорғаныс реакциялары болып табылады. Эмоциялы жағдайды құрайтын біздің ниеттенуіміз бейсанада пайда болады. Қазіргі заманның ғалымдары бейсана көрінісін төрт топқа бөледі. Санаүсті – творчестволық тапсырмаларды шешуде,тұлғаның психикалық белсенділік деңгейінің жеке саналы-ерік бақылауына берілмейтін құбылыс. Іс-әрекет түрткілерінің ұғынылмайтын (мән бағдары мен бағаланбайтын мотивтер) тұлғалық мәні бар болашаққа ниеттенуі. Іс-әрекетті орындау тәсілдерін ұғынылмайтын басқарушы (автоматтандырылған мінез-құлықтың стереотиптері мен операциялық бағдарлар), оның жүруіне тұрақты және бағытталған мінезінің қамтамасыз етілуі.Субсенсорлық қабылдау көрінісі – іс-әрекеттің психикалық бейнеленуінің тікелей формасы. Бейсаналық деңгейде болатын процеспен сананың пайда болуын қамтамасыз ететін процесс арасында «динамикалық тепе-теңдік» болады. Бұл тепе-теңдік мидың функционалдық жағдайының өзгеруіне , сол немесе басқа жақтарға жылжытылады. Егер миға түскен ақпараттар бейсаналық талдауда олардың үздіксіз әрекетін тоқтатса, сана функциясының өзі де мүмкін емес жағдайға жетеді. Бейсаналық деңгейде сау адамның ішкі мүшелерінің шартты- рефлекторлы іс-әрекеттері жүреді.

        Психологиядағы сана мен бейсаналық туралы осы мақаланы қорытындыласақ,  бұл ұғымдарды түсіну психологиялық ғылым мен практиканың дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Психиканың саналы және бейсаналық деңгейлері арасындағы айырмашылық пен байланыс адамның мінез-құлқы мен мотивациясынтереңірек талдауға және түсінуге мүмкіндік береді. Бұл білімді білім беру процестерінде, әсіресе жоғары білім беруде қолдану студенттердің психологиялық және адамгершілік тәрбиесінің тиімдірек болуына ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ, сана мен бейсаналық туралы теориялық білімді психологтар мен білім беру мекемелерінің практикалық қызметіне біріктірудің маңыздылығы атап өтіледі. Бейсаналықпен жұмыс істеу, оның механизмдері мен саналы мінез-құлыққа әсерін түсіну психологиялық көмек пен өзін-өзі реттеу әдістерін едәуір жақсарта алады, бұл өз кезегінде қазіргі әлемнің сыни-қатерлеріне барабар жауап бере алатын үйлесімді тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Нәтижесінде, саналы және бейсаналық арасындағы динамиканы зерттеу адам психикасын түсінудің жаңа көкжиектерін ашады, бұл сөзсіз психотерапия, білім беру және өзін-өзі тануда тиімдірек тәсілдерге әкеледі.

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Аманбек М.Ж., 1-курс студенті Менеджмент мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *