АЙДЫ БАҒЫНДЫРҒАН ҚАЗАҚ ҒАРЫШКЕРЛЕРІ

Әбдуохап О.У.Әл-Фараби  атындағы

ҚазҰУ, 2 -курс магистранты

                                                                                         

Бүгін адамзат тарихында болған үлкен тарихи оқиғаға куә болған күн дәл осыдан  63 жыл  бұрын адамзат баласы аспанға ұшып айға бас қойған күн. Сол кезден  бастап адамзат тарихында жаңа дәуір басталды. Кейіннен тәуелсіздік таңы атқан тұста елімізде де ғарыш саласына ерекше мән берілді. 1961 жылы 12-сәуірде, Юрий Гагарин Байқоңырдан ғарышқа ұшуы міне, сол күннен бері, сәуірдің 12-сі Дүниежүзілік космонавтика күні  деп аталынды. Бұл күннің орны біз үшін де бөлек.

1961 жылы 12-сәуір. «Восток» ғарыш кемесі Юрий Гагаринді алып, зеңгір көкке қарай тартты. 108 минут шексіз кеңістікте болып, жерге оралды. Гагариннің осы сапарынан соң, 500-ден астам адам аспанда болыпты. 10 мыңға тарта зымыран зулапты көкке қарай.Ғарышкерлер жерге оралады. Алайда, адамды, аппаратты көкке жеткізген көліктер сол аспанда қалып қоятыны бар.

Осы уақытқа  дейін жер шарындағы 7 млрд адамның 600-ге жуығы ғарышқа ұшқан. Оның үшеуі қазақ. Тоқтар Әубәкіровтің ізімен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов орбитаға аттанды. Айға сапар барысында 39 дан астам ғарыштық эксперимент жасалды. Осының арқасында Қазақстанның ғарыш ғылымын халықаралық қауымдастық мойындады.

1991 жылы 2 сәуірде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшып,  қазанның 10-ында Жерге қайтып қонды.Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы авиация институтын бітірген.

      Талғат Мұсабаев – қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкері. 1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Айдын Айымбетов 2015 жылғы 2-ші қыркүйекте ғарышқа ұшып, үшінші қазақ ғарышкері атанды.  «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыштық кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан елорда уақытымен сағат 22:37 минут өткенде аттанды. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер, №1 бортинженері Сергей Волков, Дания Корольдігінің астронавты Андреас Могенсен және №2 бортинженері Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов болды.10 күнге созылған сапарда Айдын Айымбетов ғарыштағы 5-інші ұлттық ғылыми зерттеу бағдарламасын орындады. Алғашқы 4 бағдарлама 1991 жылы Тоқтар Әубәкіровтің және 1994, 1998, 2001 жылдары Талғат Мұсабаевтың ғарыштық сапарларында атқарылған еді.

Заманына сай адамы демекші мінекей еліміздің қаншама жастарына өнеге болатындай айды бағындарған ғарышкерлеріміз баршылық. Жаратушының өзіде  біз қазақтарды жарылқап тұрғандай «Айға ұшар жолды»  қазақ елінде болуының өзі ешқандай дәлелдеуді талап етпейтіндей.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *