«Жауапты тұтыну және өндіріс»: тұрақты даму мақсаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары:
Сералина А.К. және Сақтаған Ш.С.
Эдвайзерлері: Байелі А.Ж. және Алпысбаева А.Е.
Қазақстандағы жауапты тұтыну мен өндіріс тұрақты даму стратегиясының негізгі аспектісі болып табылады. Бұған экологиялық таза тәжірибелерді қолданатын әртүрлі салалардың қызметі кіреді. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университеті де студенттер арасында жауапты тұтыну мен өндірістің дұрыс дамуына бар күшін салуда.
Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университеті өз студенттері арасында жауапты тұтыну мен өндіріс, соның ішінде су көзін үнемдеп қолдану, пластикалық өнімдерді қайта өңдеу, жарық көздерінің шамамен тұтынылуын насихаттайды. Университеттің факультеттері мен зерттеу топтары ТДМ жобаларына белсенді қатысып, тұрақты және инновациялық болашақты құруға ерекше үлес қосуда.
15.03.2024ж. Филология Факультеті, Шетел Филологиясы Және Аударма Ісі Кафедрасының ұйымдастыруымен “Тұрақты Даму Мақсаттары” жобасы аясында Шетел Филологиясы мамандығының 1 курс магистранттары Сақтаған Ш.С., Сералина А.Қ және аға кеңесші Байели А. Ж.,топ жетекшісі Алпысбаева А.Е. “6в02303-Аударма Ісі” мамандығының 2 курс студенттерімен “Жауапты тұтыну және өндіріс” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Университетте өткізілетін ашық сабақ тұтыну және өндіріс мәселесіне саналылық пен көңіл бөлу қағидаларына негізделген. Жалпы, осының бір бөлігі ретінде университет студенттері мен қызметкерлерді қалдықтарды сұрыптауға және мәселе туралы көбірек білуге ынталандыратын әртүрлі іс-шаралар мен қызметтерді ұсынады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түрлі қоқыс жәшіктеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді, соның арқасында студенттер қоршаған ортаның ластауын азайтуға үлес қосуда. Экология және жауапты тұтыну тақырыбы бойынша жыл сайын жүйелі шаралар өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық университеті осы тақырыпты жарыққа шығаруға және танымал етуге бағытталған студенттердің бастамаларын қолдайды. Жыл сайын университетте студенттер мен профессорлар көшедегі қоқыстарды жинайтын және сол арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын іс-шаралар ұйымдастырады. Қорыта айтқанда, әлем жауапты тұтыну және өндіріс маңыздылығын қолдап келе жатқандықтан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кез келген бастамаларды қолдап, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп келеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718