Исламтану қандай мамандық?
Исламтану мамандығы, 4 курс, Сайлауова А.С.
Ғылыми жетекші: PhD доктор Әлтаева Н.С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті #www.kaznu.kz
Әрбір адам жеке тұлға.Жеке тұлға жаңа өміргекелгеннен кейін,өмірдің сарынына ілесе білу керек.Кез келген адамның өзіне жақын,міндетті түрде бір мамандығы болары сөзсіз.Әр жеке тұлға өз таңдаған мамандығының білгірі болу ол үлкен жетістік. Қазіргі таңда заман дамуына сай көптеген салалар түрлерін байқауға болады.
Мен қазіргі танда Алматы қаласындагы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетініңстудентімін.2018 жылы біздің оқу орнымыз Елбасының құптауымен жаңа бір маман иелерін дайындайтын бір мамандыққа толыққан болатын.Мен осы оқу орнының Философия және саясаттану факультеті,Дінтану және мәдениеттану кафедрасы,Исламтану мамандығының биылғы түлегімін.Осы мамандықты біздің елімізде үш жоғарғы оқу орынында бар.Бұл не үшін керек?Оның болашағы жоқ дейтіндерде баршылық.Бірақта қазіргі дамыған елімізде өз саласының білгірлері көп болса артық емес.Сонымен қатар әлеуметтік саланың дамығаны баршаға белгілі.Осы әлеуметтік желі арқылы адасып жатқан қаншама адамдар бар.Осындай дін саласында білімнің жоқтығынан,көптеген жат ағымдар мен қате көзқарастар елдің,бүкіл адамзат баласының болашағына үлкен зиянын тигізеді.Осындай қателіктердің алдын ала білуіміз керек. Жетіліп келе жатқан жаңа буын бұл болашақтағы жастарға тура жолды сілтеушілер. Осы жас буындарға ең алдымен мамандықты дұрыс таңдай білу керек. Мамандық, бұл біздің –өміріміздегі маңызды кезең мен жолдардың бipi. Мамандық таңдау өмірдің ең қиын, әрі өте жауапты шешімдерінің, бірі болып табылады. Исламтанумамандығы туралы көп еститінім ол- бітіргесін жұмыс табылама деген сауалдар өте көп.Оның басты себебі бұл жаңа мамандық.Еңбектенген әрбір жанға кез келген істің жемісі болары анық. Исламтану мамандығын тәмәмдаған кез келген адам Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада,Алматы қаласының Дін Ңстері бойынша Департментінде, ҚР БҒМ ҒК-да,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да,Қазақстанның орта және жоғары білім беру мекемелерінде,әкімшілікте,діни ұйымдарда,(ҚМДБ,мешіт,медрессе-колледж),ІІМ,ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман бола алады.Мен өзімнің оқыған мамандығым мен оқу орнымды мақтан тұтамын. Қазақ елінің әрбір азаматы мен азаматшасы осындай жақсы оқу орнында оқуға лайықты.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718