Менің құқығым мен міндеттерім

Менің құқығым мен міндеттерім

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға
үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға
міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың
өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі
жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде.
Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық
төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге
келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп
аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы –
Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз
де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен
барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар,
сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен
мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат
болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Ахметбекова Айгуль Алимкановна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *