Төлеген Айбергенов — лирик ақын

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 4- бөлім. Достық пен татулық-таптырмас бақыт

Мұғалімнің аты-жөні: Тілеубаева Тоғжан Мергенбайқызы

Мектеп:

Күні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы Төлеген Айбергенов — лирик ақын
Осы сабақта қол жеткізілетін  оқу мақсаттары 8.1.5.1.тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау;

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

Сабақ мақсаты 1.     Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

2.     Тірек сөздер арқылы өлеңнің негізгі ойын анықтау;

3.     Тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу;

Бағалау  критерийі ·       Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

·       Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

·       «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар Қажетті сөз тіркестері: Бір тойым,қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін

Пікіталас үшін пайдалы сөз оралымдары: менің ойымша, меніңше, дегенмен, мен бұған келісемін/келіспеймін, себебі…

Құндылықтарға баулу Өлеңдегі негізгі ойды ашу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін білуге баулу;

—        шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

—        өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

—        қарым-қатынас жасау қабілеті құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыс Сабақ мазмұны әдебиеті пәнімен кіріктірілген, пікірталас әрекеті қоғамтану, әлеуметтану салаларымен байланысты
Алдыңғы білім Оқугшылар бұған дейін тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтауға дағдыланған, тірек сөздерді табу біліктері қалыптасқан, алайда көзқарастарын білдіру дағдыларын шыңдауды қажет етеді
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.

 

Алдыңғы білімге кері байланыс

ТЖ. «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар үш-үштен топтасады, бір оқушы мазмұндайды, екінші оқушы тыңдайды, сұрақ қояды, үшінші оқушы жазып алады. Сосын рөлдер ауысып отырады

 

Топтастыру. «Шақыру билеті, той гүлі, киіз үй» суреттері бойынша топқа бөлінеді.

 

С. «Миға шабуыл» әдісі

—        Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

—        Салт-дәстүрлерге байланысты не ұйымдастырылады?

—        Сендер қандай тойларда болдыңдар?

—        Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты: Т.Айбергеновтың «Бір тойым бар» өлеңімен танысу, негізгі ойын анықтау.

Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

Оқу мақсаттарымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалымалды жұмыстары

С. Сөздікпен жұмыс

Сөздердің синонимдік қатарын анықтайды.

Сәби — младенец

Қарт – старец, старик

Той – праздник, свадьба

Жеңге – сноха

Ұран – клич, девиз

Кемпір – старуха

Етегін — подол

Сабылдыртам измучить

 

Тыңдалым кезеңі

С. Өлеңді мұқият тыңдап, басты ақпараттарға назар аударыңыз.

 

Бір тойым бар

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ…бірақ…

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам…

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін…

Т.Айбергенов

 

Тыңдалымнан кейін

Ж. «Негізгі бес сұрақ» әдісі

Берілген сұрақтар бойынша жауап беріңіз.

1.Өлең не туралы?

2.Той қашан болады?

3.Тойдың ұраны қандай?

4. Қарттарға нені сағындыртады?

5. Сәбилерге кімді үлгі етеді?

 

Бағалау критерийі:  •        Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Дескриптор:

—        сұрақтарға жауап береді;

ҚБ. Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді. Сұрақ қою, түсіндірме

 

ЖЖ. «Кластер» әдісі

Өлеңдегі тірек сөздерді тауып, негізгі ойын анықтаңдар.

 

Ықтимал жауаптар: бір тойым, қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін

 

Бағалау критерийі: тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

Дескриптор:

—        өлеңнен тірек сөздерді табады;

—        негізгі ойды 1 сөз/сөз тіркесімен көрсетеді;

ҚБ. Өзара бағалау.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі.

1-қабат – түсінгені туралы

2-қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек, қалай өзгерту керек.

3-қабат – болашаққа ұсыныс береді, маған ұнады, алайда ……..

Жазылым тапсырмасы.

Жақын достарыңызды жинап той өткізу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Осындай той достықты нығайтуға септігін тигізе ме? Өз ойыңызды осы өлең жолдарын дәлел ретінде қолданып жазыңыз. Жұмысыңызда біріңңғай мүшелерді, төл сөздерді, сұраулы сөйлемдерді қолдана отырып тыныс белгісінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Сөз көлемі 70-80 сөз.

 

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы бірнеше оқушы өз ой толғауларын оқиды. Қалған оқушылар өздері қызықтырған жердегі тыныс белгі қалай қойылғанын сұрайды.

 

«F» бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар.

·       Тыныс белгілерді орынды қолданады

·       Өз ойын жеткізе алады

·       Өлең жолдарынан дәлел келтіреді

Жаңа сөздерді қолданады

 

Ж. «ПОПС» формуласы

«Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға өз пікірлеріңді білдіріңдер.

 

Бірінші сөйлем. Менің ойымша ……………..

Екінші сөйлем. Себебі мен оны ………….. деп түсіндіремін.

Үшінші сөйлем. Оны мен ……………….. фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.

Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ………. деген түйін жасадым.

 

Диалог және қолдау арқылы саралау:

А. Бұл оқушылар дәлелдеме келтіріп, пікір білдіруге жетелемейтін нақты сұрақтар бойынша ғана жауап береді.

В. Бұл оқушыларды ойды ашып айтуға бағытталған ашық сұрақтар арқылы мұғалім дәледі көзқарас айтуға жетелейді.

С. Бұл оқушылар формулаға сүйеніп, өз ойларын ашық айтады.

 

Бағалау критерийі: •         «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді

Дескриптор:

—        клишені қолданып сөйлейді;

—        пікіріне өлеңнен дәлелдер келтіреді;

ҚБ. Өзара бағалау. «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиожазба

 

Г.Косымова «Қазақ тілі мен әдебиеті» электронды оқулығы, «Мектеп» баспасы, Алматы қаласы 2018 жыл.

 

http://expert.mektep.kz/ru/shop/48649-8_klass/49630-aza_tl_men_debijet/1

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

Рефлексия. «Шығу парағы» әдісі

1.     Бүгін сабақта не білдіңдер? Бұрын не білетін едіңдер?

2.     Қанша жаңа сөз үйрендіңдер?

3.     Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер ме?

«Шығу парағын» пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

парақтар
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау, құндылықтарды сіңіру
Сыныптағы саралау жұмысы диалог және қолдау арқылы арқылы жүзеге асырылды. Жеке жұмыс барысында барынша қолдауды қажет ететін оқушылар дәлелдеме келтіріп, пікір білдіруге жетелемейтін нақты сұрақтар бойынша ғана жауап берсе, орташа қолдауды қажет ететін оқушыларды мұғалім ойды ашып айтуға бағытталған ашық сұрақтар арқылы дәледі көзқарас айтуға жетелейді. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар формулаға сүйеніп, өз ойларын ашық айтады. Сыныптағы бағалау оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстарына кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Керібайланысберуде мұғалім бағалау критерийлері мен дескрипторды негізге алады. Қалыптастырушы бағалау«Мадақтау сэндвичі», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы жүргізіледі. Сабақ соңында «Шығу парағы» әдісі негізінде жүргізілетін рефлексия келесі сабақты жоспарлауға негіз болады. Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психлгиялық дамуларын сақтау мақсатында  «Жылы лебіз», «Үш қадам сұхбат», «Миға шабуыл», «Негізгі бес сұрақ», «Кластер», «ПОПС формуласы» сияқты белсенді әдістеріне негізделіп құрылды.  Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталған.
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *