Кәсіп бастауға қалай 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алуға болады?

Кім грант ала алады?

Грант алу үшін бірқатар шарттарға сай болуы керек.

Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер бола алады:

тіркелген жұмыссыздар;

жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне үш жылдан аспауы керек).

Бұл жағдайда өтініш беруші келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

көпбалалы отбасы мүшелері (күйеуі, әйелі);

мүгедектігі бар адамдар;

«қандас» қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;

қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;

аз қамтылған отбасы мүшелері;

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар.

Үміткерде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты (үш жылдан аспайтын) болуы керек.

 

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру үшін:

порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;

өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

 

Порталға қалай тіркеледі?

Порталға электронды пошта немесе ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады.

Enbek.kz порталында бұрын тіркелген аккаунтыңыз болса, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Пайдаланушыны сәйкестендіріп, тіркеуді аяқтау үшін ЖСН көрсету керек.

Одан кейінгі қызметтерді алу ұшін ЭЦҚ қажет ЭЦҚ болмаса оны eGov порталынан қашықтан алуға болады.

 

Бизнес-жоспар қалай жасалады?

Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет.

 

Грантты қандай мақсаттарға алуға болады?

Грантты қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады.

Бұл ретте жұбайынан, жақын туыстарынан сатып ала алмайды, жалға ала алмайды.

 

Грант ақшасын қандай мақсаттарға жұмсауға болмайды?

Гранттар:

тұтынушылық мақсаттарға;

кредиттік қарыздарды өтеуге;

жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға;

жер учаскелерін сатып алуға;

акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

 

Грант жеңімпаздарын кім және қалай таңдайды?

Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың шешімдері негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.

Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар  келесі критерийлер бойынша бағалау парағын толтырады:

бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;

өткізу нарықтарының пысықталуы;

бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;

кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі;

жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты критерийлерге сүйеніп қабылдайды.

 

Байқау нәтижесін қайдан білуге ​​болады?

Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *