Естен кетпес 4 жыл…

 Студенттік өмір ең бір естен кетпес жастық шақтың керемет кезеңдерінің бірі.Университет табалдырығын жаңа аттаған боз балалардың өмір деп аталатын кітаптың  жаңа парағы басталады. Бұл жаңа өмірде балалық шақты ұмытып үлкен өмірге қадам басады. Өмірдің ащысы мен тәттісін бірге көреді. 4 жыл 4 күн сияқты өте шығады. Оны бағалай білу керек. Неге осы студенттік өмірді бәрі жастық шақтың тәтті кезеңі деп атайды? Себебі біреулер өздерінің алғашқы махаббатарын кездестіреді, біреулер биік белестерге қол жеткізеді.
  Студент болу деген жауапкершіліктің екі есе өскенің білдіреді. Сенің баған өзінің білімділігі мен талпынысына байланысты. Оқутышылар бізге тек бағыт-бағдар беретін жандар. Әрі қарай іздену өз қолымызда. Университетте мектеп кезеңдегі балалықты артта қалдырып үлкен өмірге жауапкершілікпен қарау керек. 
   Менде 1-курс студентімін. Мен ең алғаш келгенде көптеген қиындықтар болды. Мысалы мен корпустарды шатастыра беретімін,кабинеттердің сандарын шатастыратынмын, автобустарға кешіге беретінмін. Бірақ қазір мен үйреніп алдым. Өзіме көптеген жаңа достар таптым. Өзімді жаңа қырымнан аша бастадым. Группаластарымен тез тіл табысып кеттім. Университеттегі ұйымдарға қатысып жатырмын. Мен өзімнің бойымдағы ұялшақтық қасиетімді жеңе бастадым. Себебі жаңа ортада жаңа дос табу үшін жақсы тіл табыса білу керек. Ол үшін бойындағы ұялшақтықтан арылу керек. Мен 4 айға ғана оқысамда өзіме көптеген жаңа мәліметтер алдым. Мен барлық іске жауапкершілікпен қарайтын болдым. Өз бетімше ізденуге үйрендім. Бір орында қалып қоймай өзімді жаңа бағыттарда көріп жатырмын. 
   Стуленттік өмір тек оқудан ғана тұрмайды . Сонымен қатар қызықты оқиғалардан тұрады. Өзімнің басымнан өткен қызықты оқиғаны айтып берейін. Біз группаластарымызбен театр барамыз деп шештік. Ол кезде мен әлі қаланы жақсы біле білмейтінмін.  Үйден шығып аялдама бара жаттым. Мен театрдың қайда екенінде білмеймін. Бір кезде бір автобус келді. Сол автобусқа отырдым. Қарасам автобус мүлдем басқа жаққа қарай кетіп бара жатыр. Мен ішімнен ойлап қоямын мынау автобус нақты барама екен деп. Бір кезде автобус қаладан шығып бара жатты. Менің ішімде ала-дүлей, не істерімді білмей қалдым. Бір аялдамадан түсіп қалдым. Жан-жағыма қарасам адамдар өте аз екен. Достарыма хабарласып айтайын десем мен өзімнің нақты қай жерде екенімде білмеймін. Солай аялдаманың жаныңда 10-15 минуттай тұрдым. Алдымнан бір екі әже келе жатыр. Мен сол кісілерге жақындап театрға дейін қандай автобус баратын сұрадым. Ол кісілер маған қандай автобус баратын айтты. Мен сол автобусқа отырып әрең дегенде театрға жеттім. Міне осындай кішкентай қызықты оқиға болған. Тағы бір қызықты оқиға ол емтиханға кешіккен күн болатын. Мен емтихан өтетін корпустарды шатастырып алған болатынмын. Емтихан 8-корпуста болатын мен 5-корпусқа бардым. 5-корпусқа барсам ешкім жоқ. Маған сол кезде күзетші тәте айтты емтиханның басқа корпуста болатын. Мен тез-тезден такси шақырып өзім кешігіп барам. Корпусқа жүгіріп кірем. Барсам емтихан әлі басталмапты. Менің қуанышымда шек болмады. Міне менің студенттік өмірім осылай басталды тіпті америкалық телесериал дерсін. 
  Мен студенттік туралы әлі көп нәрсе біле бермеймін. Бірақ менің студенттік өмірім жаңа басталды. Мен өзімнің студенттік өмір деп аталатын кітабімнің әрбір бетін ұмытылмастай етіп толтырғым келеді. 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. күшті! балғындық сезіміне беріліп оқыдым, керемет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *