Отбасындағы тепе-теңдік

 «Тұран» университеті,«Журналистика және аударма ісі»

                                                                       кафедрасы,                                                                                                         «Журналистика» мамандығының 3-курс студенті Биртаева Ақниет

Әкеге – құрмет, анаға – ізет, балаға – мейірім.Алайда Қазақстанның Конституциясында адамды жынысына қарай кемсітуге немесе артықшылық беруге тыйым салынғанын естен шығармаған дұрыс. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ әйелдер» құрылымының Франция және Мексика бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі атты» жаһандық форумда әйелдердің теңдігі мен қауіпсіздігін қорғауға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған игі істі толық қолдайтынын айтты. Гендерлік саясаттағы мемлекетіміздің басты бағыты Президент айтқандай, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін, отбасы және демографиялық, әлеуметтік дамуы негіздерін жаһандық үрдістермен қабыстыра отырып, дамытуды көздейді. Сондай-ақ егер қазақтың ата дәстүрінен,әдет-ғұрпы мен салт-санасынан, ана мен балаға қамқорлығынан хабардар адам болса, гендерлік теңдік идеясының анау айтқандай қорқынышты емес екенін аңғаруына болады. Егер «Қазақ жесірін жылатпаған, жетімін қаңғытпаған» деген тәмсілдің тереңіне бойлай алған адам да қазақтың жалғызбасты ана мен қамқорлықсыз балаға деген көзқарасындағы ұлттық қағидалар мен құндылықтардың қандай болғанын түсіне алар еді. Алайда саясаттағы ең нәзік мәселе гендерлік теңдік мәселесін көбіне еркек пен әйелді бір-біріне қарсы қойып, қазақтың ұлттық ұғымымен тайталастырғысы келетін көзқарасқа тойтарыс бере отырып, қазіргі отбасында өршіп тұрған зорлық-зомбылық, ажырасу мәселесін реттеудегі негізгі құрал ретінде жүзеге асырудың маңызы зор. Жоғарыда айтқанымыздай, отбсында зәбір көрген ана, қадірі қашқан әке, қамқорлықсыз қалған бала мәселесі бар және оған көз жұма қарауға болмайды. Отбасындағы тепе-теңдікті сақтау,бала тәрбиесіне әке мен ананың тең жауапкершілігін қамтамасыз ету, өзара түсіністік пен сыйластықты үйлестіру бәрі де халқымыздың отбасы шырқын бұзбау, шаңырақты шайқалтпау деген ізгі ниетімен қабысып жатқан өмірдің өз заңы. Сондықтан тепе-теңдік балансын бұзбаудың заманауи формасы гендерлік саясат мәселесімен үндесе, отбасындағы үйлесімділікті сақтау күн тәртібінде шығып отыр. Биыл сәуірдегі статистикаға сәйкес елімізде 19 832 737 адам болса олардың 48,8 пайызы ерлерді, 51,2 пайызы әйелдерді құрап отыр. Бұл көрсеткіш еліміздегі еңбек бөлінісі, отбасын құру және басқа да көптеген факторлардың өзгеруіне өз әсерін тигізетіні анық. Статистикаға сенсек, елімізде жылына 140 мың отбасы шаңырақ көтерсе, оның 50 мыңы ажырасып кетеді екен. Яғни ажырасу үлесі жалпы тіркелген неке санының 34,4 пайызын құрайды. Бұл бір жылда неке қиған әрбір үшінші отбасының ажырасып кететінін көрсетеді. Сондықтан ажырасудың алдын алу, отбасы институтын нығайту саясатын сауатты жүргізу де мемлекет үшін өзекті болып отыр. Сәйкесінше мемлекет отбасына қолдау көрсетудің әлеуметтіккепілдіктерін одан әрі жетілдіруге де мүдделі. Ол үшін мемлекетіміз гендерлік саясат аясында дәстүрлі отбасы институтын нығайтуға, адамзаттық және ұлттық, гуманистік негіздерге сүйеніп, адамдардың зорлық зомбылықсыз, жынысына қарай алалаусыз лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету, балалар құқықтарының негізгі қағидаттарын насиқаттау арқылы, әлеуметтік салаларда, қоғамда, отбасында тең құқылы, сыйластық пен құрмет түсінігін қалыптастыруды көздейді. Бұл үрдіс халқымыздың ұлттық отбасы құндылығында ойып орын алған «Әкеге–құрмет, Анаға-ізет,Балаға–мейірім» қағидасымен үндес, негізгі бағыт екенін мойындауымыз керек.

Бұнымен не айтқым келеді.Қазіргі таңда отбасылық құндылықтар төмендеп отбасы мүшелерінің негізгі міндеттері жоғалып баруда. Яғни әлсіз тұсты пайдалану.Бұл бала,ана негізгі екі отбасы мүшесі.Соңғы жаңалықтарда кәмилетке толмаған қыз балалардын зорлануы,ұл балардын буллингке ұшырауы,әйел адамдардын қорлануы туралы істер көп қозғалуда.Бұндай жағдайлардын орын алмауы үшін әуел бастан отбасыда негізгі қағида тепе-теңдік болуы керек.Яғни ешкімді әлсіз тұсқа баламау әр адамның заң жүзінде дәрежесін қорғау ,отбасы қағидасын сақтау міндеттелуі керек деп санаймын. Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *