Шығармашылық ЭССЭ

                     

              КММ «Айшуақ» санаториялық бөбекжай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бала дамуындағы ойынның маңызы» тақырыбындағы шығармашылық эссе

 

 

 

 

 

                             

 

                            

                                                       

                                                                                                      Дайындаған тәрбиеші

                                                                                                      Ж.Дүзенова

    

                                                                   

 

 

 

 

 

 

                                        Ақтау қаласы   

                                                        2023 жыл

 

 

                      

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе бөлім:

Басты ұстаным-«Мәңгілік ел»

Ойын – бала іс — әрекетінің негізгі түрі

 

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Ойынның маңызы
  2. Ойынның психологиялық және физиологиялық негіздері
  3. Ойынның түрлері
  4. Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

       Баланы ойын өсіреді

 

 

ІV. Ұсыныс,  пікір.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала дамуындағы ойынның маңызы

 

«Ойынның ерекше бағалы болуының

мәні баланы еңбекке, белсенділікке

тәрбиелейді»

А. С. Макаренко

І. Кіріспе бөлім

Мәңгілі ел – болашақтың басты ұстанымы. Елбасы өз жолдауында елді  ұрпақ  мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше қазақ елінің ұлттық идеясы-мәңгілік ел екендігін айтты. Бұл орайда педагог тәрбиеші қауымына үлкен жүк арттырып отыр. Дамыған елдің адамы -нағыз патриот : өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін, әдебиетін, тарихын біледі, қадір тұтады. Елбасымыз қазақстандық патриотизм туралы, әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту, қалыптастыру туралы тектен-тек айтып жүрген жоқ. Патриотизм біздер үшін-қуатты күш. Оның негізінде  рух, намыс жатыр. Бұл қазақтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың таяу жылдардағы бетке ұстар идеясы, өмірлік нысанасы.

Менің басты ұстанымым- «Мәңгілік ел» тақырыбында шығармашылық  эссемде кездейсоқ айтылған емес. Бөбекжайымда тәрбиеленушілерімнің туғаннан патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын, өз елін, жерін сүйюге тәрбиелеу.

Қазіргі таңда  білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жаңаша көзқарасқа бетбұрыс алған бағыт-мектепке дейінгі тәрбие мәселесі. Бойында ұлттық санамен психология  қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасы мен балабақшаның, барша халықтың міндеті. Өсіп келе жатқан ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тәрбиелеу ісі педагог-тәрбиешілердің еншісінде. Содай тәрбиенің бірі мектепке дейінгі тәрбие. «Тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қолданылады, бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз-бүкіл тәрбие процесінің 90 пайызы»-деп ұлы педагог Макаренко айтқандай, тәрбие бастауы балабақшадан бастау алады. Мектеп жасына дейінгі кезең адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы аралықта мектеп жасына дейінгі балалардың игерген рухани байлығы, білімі, дағдысы, қабілеті өмір бойы із қалдырып, оның өз деңгейінде дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себепті де балабақшада берілетін тәрбиемен білім нәрін ұсынатын тәрбиешілерге үлкен талаптар қойылады.  Жұмысымды алғаш бастаған күннен  бастап тәрбиеленушілермен оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты іздену арқылы  шығармашылықпен өткізуді  алдыма мақсат етіп қойдым. Шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Бала дамуындағы ойынның маңызы» деп алдым. Өйткені баланың өсіп, өнуінде ойынның мәні зор, әсіресе, мектеп жасына дейінгі бала өмірінде ойынның атқаратын қызметі өте айрықша. Ойын — теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мектепке дейінгі педагогика саласындағы күрделі мәселенің бірі. Ойын бала үшін оларды дене жағынан жетілдіретін тек қимыл, қозғалыс, іс-әрекет қана емес, оларды ой еңбегіне баулу, таным түсінігін дамытып, дұрыс көзқарасқа икемдеудің де құралы болып табылады.

Қай заманда, қай халықтың өмірінде болсын, мектепке дейінгі жастағы бала мүмкіндігіне, шамасына қарай ойын ойнайды. Осы бір шақты ескергендіктен, мектепке дейінгі шақты «ойын баласы» деп халық тегін айтпаған.

Ойын бала өмірінің қажеттілігінен туады, мектепке дейінгі баланың қажетін өтейді. Бала үшін ойын іс-әрекет, қимыл кұралы болумен қатар, олардың танымын, түсінігін және білімін жетілдірудің ең негізгі жолы болып табылады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі саналады.

Көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко ата-аналарға арнаған лекцияларында ойын тақырыбына арнайы тоқталып, ересек адамдар үшін жұмыстың, қызметтің, іс-әрекеттің мәні қандайлық болса, бала үшін ойынның мәні де дәл сондайлық, одан артық болмаса, кем емес деген тұжырым жасады. Сондай-ақ бала ойында қандай болса, кейін ер жетіп, еңбекке араласқанда, көбінесе жұмыста да сондай болатындығын ескертті.

Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін    жаттықтырады, қоршаған заттар  мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып,  еңбек дағдысына үйрене бастайды.   Былайша  айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагогтар жақсы ойын — жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын — жаман жұмыс сияқты деп карап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені әрбір жақсы ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Демек, ойын мен жұмыстың ұқсастығы — жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рақатқа бөлейді.

Баланың ойынында да, тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс, әсіресе, бұл ережелі және сюжетті-рольді ойындарда ерекше талап етіледі. Осы жағынан алып қарағанда, ойынның мәні жұмысқа ұқсап тұрады.

 

 

Ойын мен жұмыстың негізгі айырмашылығы мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені белгілі. Бірақ, солай бола тұрғанымен ойын баланың өсіп-өркендеуінде, дамуында өте ерекше роль атқарады, өйткені ойын болашақ еңбек адамының тиісті сапалық қасиеттері мен әдеттерін, дағдыларын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын—қоғамның болашақ құрылысшысына, аза-маттарына тән, оларға қажетті сапаларды меңгеруіне жол ашады. Сол себепті совет әдебиетінің ұлы классигі М. Горький ойынның бала тәрбиесінде атқаратын қызметі мен орнын жан-жақты сипаттай келіп, ойын — баланы қоршаған әлемді, өзі өмір сүріп отырған ортаны дұрыс түсінуіне және оны өркендетудің жолын ұғынуына мүмкіндік беретіндігін кеңінен түсіндірді.

                                             ІІ. Негізгі бөлім

Ойынның маңызы

Ойын бала үшін әрі іс-әрекет, әрі тәрбие құралы болып табылады. Ол баланың өсіп, дамуымен тығыз байланысты. Ойынды ұйымдастырып, жетекшілік жасап, оған педагогикалық басшылық  берудің кілті тәрбиешінің қолында. Бұл   салада тәрбиеші — үлкен тұлға. Егер тәрбиеші ойынның мазмұны мен ұйымдастырылуына терең мән беріп, педагогикалық   жағынан,  сауатты түрде бағдарлай  білсе,  ол  мектеп жасына дейінгі жас ұланды тәрбиелеудің нағыз құралына айналады. Демек, ойын арқылы тәрбиеші баланың сана-сезіміне,    еркіне, мінез-құлқына әсер етіп, ертеңгі еңбеккерге ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін берудің келесі мәселелерін шешеді.

Ойын мен еңбектің өзара байланыстылығы сол, ойын баланың қажеттілігінен туындайды. Әр түрлі ойыншықтар жасау кезінде еңбектенеді. Пластилиннен бұйымдар жасау, тәрбиешінің басшылығымен құрастырып, құрал-жабдықтар жасап, оны ойын кезінде пайдалану арқылы өздігінен, өз бетінше еңбектенуге үйренеді. Жасаған ойыншықтары, оған жұмсаған еңбек дағдылары ойынға ауысады.               А. С. Макаренко ата-аналар мен тәрбиешілерге үнемі ескертіп, бала ойынына зер салу, оны бақылау ең басты мәселе деп көрсетті. Ойынға бала құрғақ ұмтылып, оның рухани өмірі ойыннын соңында босқа өтіп жүрмесін. Баланың ойынға құмарта қызығуы олардың сезімін тебірентумен қатар, одан рақат табатындай, қиындықты жеңіп, іске, ойлай білуге үйрететіндей болсын деген ой ұсынды.

Сонымен, А. С. Макаренко ойынның ерекше бағалы болуының мәні баланы еңбекке, белсенділікке тәрбиелеуі деп көрсетеді.

 

Ойынның психологиялық

                                және физиологиялық негіздері

         Ойынның психологиялық негіздерін теориялық жағынан зерттеу біздің елімізде 30-жылдары көрнекті, психолог   Л.С. Выгодскийдің еңбектерінен  бастап өріс алды. Балалар ойыны гуманизмге толы,  біздің балалар ойынындағы оларға   жат нәрсе — қаталдық   пен зорлау,   олар әрқашанда   әлсізді қорғап, қамқорлық пен мейірімділік жасайды. Әрине, бұдан біз ойын үстінде бала мүлде талас-тартысқа түспейді дей алмаймыз. Бала қашан да бала, олар таласады, ұрсысады, төбелеседі де, бірақ сол талас-тартыстың шығу себебі — әділет үшін күресу,   жолдастарын қорғау, ұжымның мүддесі үшін, ойынға бөгет жасаған, кедергі келтірген тосқауылды жою.

Балалар ойынының мақсаты — ойыннын, сюжетін өрістету арқылы сол ойналатын ойынның жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ұжымдық ойын балалардың өзара сөйлесуін, пікірлесуін,   ойынның мәнін   нақтылауын талап етеді, мұның өзі баланың тілін дамытуға,  ақыл-ойын  өрістетуге әсерін тигізеді. Тіл мен ойдың бірлігін өсіреді.

Бөбекжайымыздың алдына қойған мақсаты туған жерін, халқын сүйетін, тарихын, мәдениетін, әдеп-ғұрпын жақсы білетін ұрпақ тәрбиелеу, яғни:

— балалардың денсаулығын нығайту, танымдық қасиеттерін арттыру, ойын арқылы ойлау іс-әрекеттерін қалыптастыру;

—  қарапайым математикалық түсініктерді үйретуде жаңа әдіс-тәсілдер қолдану.

Баланы жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде балабақшамызда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерімен ертеңгіліктер өтілуде. Соның бірі тәжірибенің өрісін кеңейтуде бірден бір әдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған қалалық семинар болды. Білім берудің базалық мазмұнынын жүзеге асыруда балаға тұлғалық бағдарламалық және жеке ерекшеліктеріне қарай өзара қарым қатынас жасауда бөбекжайымызда жыл сайын қалалық семинарлар өткізіледі.

Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері, дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық талантын кеңейтеді.

Ойын туралы жүргізілген ғылыми зерттеулерге сүйеніп, біз ойынның жалпы бағдары туралы мынаны айтуымызға болады.

Сәбилер тобында сюжетті ойындар рольдерге бөлініп те, бөлінбей де ойналады. Алғашқы кезде ешқандай да рольдерге бөлінбей, бала тек үлкен адамдардың іс-әрекетін қайталау түрінде ғана ойнайды. Мұндай ойынның мазмұны еңбек әрекеттерін қайталау ғана болады. Сол себепті ойын бірлескен түрде емес, көбінесе жеке-дара түрде өтеді.

Ал рольдерге бөлініп ойнау кезінде адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынасты көрсетуге тура келеді. Мұнда олар бәрінен де бұрын өзіне таныс құбылыстар мен іс-әрекеттерді көрсетеді — ауруларды емдейтін дәрігер, балаларын тамақтандыратын анасы сияқты екі адам арасындағы қарапайым іс-әрекеттерді бейнелесе, бара-бара бірнеше адам арасындағы қарым-қатынасты, күрделі іс-әрекеттерді көрсете бастайды. Мысалы, түрлі мерекелерді бейнелейді. Бірнеше адамды және олардың іс-әрекеттерін көрсетуге талпыну кезіндегі ойын ұжымдық  мазмұнға ие болады. Ойынға қатысушылар өздерінің атқаратын рольдеріне қарай бір-бірлеріне әсер етіп, қарым-қатынас жасайды. Сонымен бірге ойынның сюжеті кеңейіп, қамтитын іс-әре-кеттің аумағы өседі. Мұның өзі ойынға арналған уақыт мөлшерінің ұзаруына да әсер етеді.

Ойынның мазмұнын талдаған ғылыми еңбектерге зер салғанда, біз мынаны көре аламыз — сәбилер тобындағы балалар отбасында да, бөбекжайда да өздеріне таныс өмір құбылыстарына байланысты ойындармен шұғылданады. Естиярлар тобындағылар сәбилерге қарағанда ойын мазмұнын тереңдей түседі. Ойында қамтылатын мәселелері де кең: шофер, сатушы, дәрігер, тракторист, хат тасушы, ұшқыш т. б. Ересек балалар тобындағылар ойынында қоғамдық  құбылыстар бейнеленеді: мектеп, дүкен, саяхатқа шығу. Бұлардың ойын мазмұны күрделі болып келеді. Ойынның сюжеті күрделеніп, соған орай мазмұны жетіліп, тереңдеп бірнеше күнге созылатын кездері де болады. Ересектер тобындағы балалар өзара не ойнайтындарын шешіп, келісіп, рольдерін бөлісіп алады. Ойын барысында өздері ойнаған, келіскен мәселелері жөнінде тиісті түзетулерді өздері жасайды. Мұның өзі ойын мазмұнын тереңдетіп, оны кеңейтіп отырады. Ойын барысында бала өзара қарым-қатынаста болады, ұйымшылдықтарын көрсетеді. Басқа бір мәселеге, көлденең ойынға қызыққанымен өзі атқарып тұрған ролін тастап кетпейді. Тұрақтылық,    ұстамдылық,  сабырлылық  көрсетуіне тура келеді.

Ересектер тобындағы балалардың ойынын бақылағанда байқалатын басты ерекшелік — олар қызықты деп құмартпағанымен қажет деп саналатын рольдерді міндетті түрде атқарады. Мысалы, аспаз жұрттың бәрі мәре-сәре болып жатқанда асханадан кете алмайды. Күзеттегі матрос, жұрт, қонақ болып қуанып жатқанда, өзінің міндетін атқаруда болады.

Баланың сүйікті кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер ролін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың жеке басының қалыптасуына ықпал жасайды.

                                                 Ойынның түрлері

 

Осы аталған әр ойынның өзіне тән ерекшеліктері және мақсаттары бар.  Мысалы, дидактикалық ойында ақыл  — ой  жұмысы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойын балабақшада барлық пән бойынша пайдаланылады. Мысалы тіл дамыту пәні бойынша баланың тілін дамытуда ауызша сөйлеуге үйретуде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және граматикалық ерекшеліктерін, яғни үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін, тілдің дыбыстық мәдениетіне, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорды байыту, тілін дамыту, айналадағы қоршаған ортадан көрген, күнделікті өмірден түйгенін, өз ойын жүйелі, әңгімелеп айта білуге  үйретіледі. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні бойынша дидактикалық ойындар балаларға геометриялық пішіндерді ажырата білуге, санауға, салыстыруға, ойша есеп шығаруға, жыл, ай, апта, күндерін, тәулік мезгілдерін ажыратуға үйренеді.

Қимылды ойындар көбінесе дене шынықтыру сабақтарында және серуен кезінде қолданылады. Бұл ойынның мақсаты балалардың денесін шынықтыру, қозғалыстарын жетілдіру, дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру. Дені сау, ішкі жан дүниесі кең адам – бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, істеген ісінен, жұмысынан ләззат алады, өзін — өзі одан әрі жетілдіруге, дамыта түсуге тырысады, жан дүниесінің сұлулығын аша біледі.

Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы дамиды, іс — әрекетін жоспарлай білуге дағдыланады. Белгілі бір құрылысты немесе заттарды құрастыра отырып, олардың қандай жүйеде, қалай болуы қажеттігін күні бұрын ойластырады. Құрастыру арқылы геометриялық денелерді, құрылыс заттарының көлемі, сапасы, пішіні және кеңістікте орналасу қатынастарын тануға қабілеттері артады.

Мектепке дейінгі балалар ойынына тән нәрсе — бала    ойынының негізінен сюжетті ойындар болып келуі. Олар әр түрлі рольдерді ойнайды, адамдардың өміріндегі әр алуан оқиғаларды бейнелейді. Сол себепті ойынның сюжеті өте бай да әр алуан, қызықты да көңілді болып келеді.

Балалар ойнаған қай ойында болмасын, еңбек   тақырыбы,    еңбек  мәселесі бірінші орында тұрады.  Бұлай болуы заңды да, өйткені еңбек — біздің елімізде атақ әперетін, даңқ  шығаратын  құрметті іс. Соған орай балалар өздері көріп жүрген күнделікті еңбекті көрсетіп, өздері бақылаған әке-шешесінің, тәрбиешінің, аспазшының, шофердің еңбектерін бейнелейді. Балалар адамдар арасындағы қарым-қатынасты да балаға деген, қарттарға деген қоғамдық әлеуметтік өмірді ойын арқылы сипаттап береді.

Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні

Қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ.  Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар.

                                                                     

 

 

 Балалар ұлттық ойындар үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені жөн. Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік – жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата – баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз ұлттық ойындар. Ұлттық ойындардың түрлері: «Ханталапай», «Орамал тастамақ», «Алтын сақа», «Сақина салу», «Аударыспақ», «Ақсерек, көксерек».

Адам бойындағы әдептілік, инабаттылық қасиеттер бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересктерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. Қай елдің ұлттық ойыны болмасын, сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Сырттай қарағанда оңай тәрізді көрінген ойын бала үшін іс – жүзінде күрделі нәрсе. Айталық ойынға қатысатын балалармен тіл табысу, ұнамсыз роль тигенде өзін ұстай білуі сияқты нәрселердің көп мәні бар. Сондықтан тәрбиеші балаларға ұлттық ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай жағдайда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Тәрбиеші ұлттық ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге ықпал етсе ғана баланың өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға қол жеткізеді. Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, жаны қалайтын қызығушылығы болады.  Соны дер кезінде байқап, жан – жақты дамыта тәрбиелеуге көңіл бөлген ата – ана да, тәрбиеші де көп нәрсе ұтады. Баланың бойындағы қандай да болмасын қасиеттер қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені белгілі. өйткені бала  өмірде көргенін, ойға түйгендерін қайталайды. Ендеше балалардың әдепті, қайырымды, адамгершілік қасиетінің зор болуы үлкендердің өнегесіне, тәрбиешінің күнделікті қарым – қатынасы мен тәрбие жұмысының ұтымды жүргізілуіне байланысты қалыптасады.

Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта жетіле түседі. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ендеше адамдыққа баулу жұмысының ережесі ерте бастан – балабақшадан бастап нақтыл мақсатты көздеуі шарт. Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, жаңа озық тәжірибелерін дер кезінде насихаттап, оларды бойына дарыту тәрбиеші педагогтардың міндеті.

 

ІІІ. Қорытынды

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын арқылы баланың тіл байлығы, актерлік шеберлігі, шығармашылығы дамиды, шапшаңдыққа ептілікке бейім болады.

 

  

          Балабақшада ойынға жетекшілік, басшылық жасаудың жолдары мен тәсілдерін талдаған кезде ойынның мәні мен негізін және ойынға қатысушы балалардың психологиясын ескеру талап етіледі.

         Тәрбиеші ойын жөнінде кеңес бергенде әр түрлі тәсілдерді қолдануына болады: еске салу, ұсыныс жасау, кеңесу т. б., бірақ бұйрық түрінде тапсырма бермеген жөн. Ойынға қызықтыру түрінде баланың ықыласын арттыру болуға тиіс. Балалар ойынды өз беттерімен ерікті түрде құрастырса ғана олар бар пейілін салып ынталы ойнайды. Сонда ғана ол шын мәніндегі ойын болып шығады.

 

Ұсыныс, пікір

  1.  Ең алдымен сіз балаға ойын барысында атқарылатын рөлін түсіндіріп, соған лайықты болуын қадағалаңыз. Балалардың ұжымдық ойынын қолдап, оны ұйымдастыруға көмектесіңіз.
  2. Ойын үстінде балалардың арасында талас тартыс та, ұрыс та шығуы мүмкін. Сол мезетте ұрыс-керісті қойғызып, тату түрде ойнауына мүмкіндік туғызыңыз. Мұндай кезде сізден сезімталдық, ұқыптылық, тез аңғарғыштық талап етіледі. Мәселені әділетті түрде балаладың өздері шешуіне жәрдемдескен жөн.
  3. Ұжымдық ойынды 4-5 баладан ойнату керек екендігін естен шығармаңыз, сонда ғана ойынның бар шарты сақталады. Ойын кезінде баланың әділетті, шыншыл, батыл, өжет болуын көрсетелік сәттерді тиімді пайдаланып, мақтап, мадақтауды ұмытпаңыз.

 

Ойын мен еңбек, конструкция баланың қиялын, тапқырлығын, икемділігін, ойын, түсінігін, іскерлігін өрістетеді. Әрине, мұның бәрі баланың жасына байланысты.  Ойынға басшылық. жетекшілік жасау кезінде шама келгенше баланың дербестігін, өздігінен ізденуін өрістетуге ұмтылу қажет; мақсат белгілеу; ойлануға мүмкіндік беру; кеңесу; сурет – альбом көрсету т.б. Бұл – көңілдегі ойдың жүзеге асуының жәрдемі мол тәсіл. Сонымен, ойынға басшылық, жетекшілік жасауда баланың қызығушылығын жас ерекшелігін ескере отырып ойын мазмұнын шығармашылық, ұжымдық бағдар алуын көздеген жөн. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *