Журналистика – идеологиялық ілім.

Өзіміз білетіндей, журналистика ілімі төртінші биліктің қатарына қосылады. Ол дегеніміз, бұқара халық пен билік арасындағы көпір деген ұғымды білдіреді. Журналистика – қоғам айнасы, ел тұрмысының, хәл-ауқатының көрінісі.

Идеологиялық ілім және халықлен байланысты қоса отырып, шығармашылық тұрғыдан қызмет ететін сала. Журналист қызметі жылдан-жылға өрістеуде. Бүгінгі таңда идеологиялық маңызды күшке ие.

Журналист әлемдік мәдениетті, маңызды қоғамдық қозғалысты игереді. Бұл да шығармашылық пен саясаттың ерекшелігі. Қазіргі өркениеттің маңызды түркісі.  Журналист қызметі дамуының тарихи тәжірибесі әр елде әр түрлі.

Журналист мамандығы – адам қызметінің жоғарғы өрісі. Журналистердің басқалар сияқты кәсіпке байланысты тілдері мен көркем сөздерінің жиынтығы бар, олар сөздің тиімділігімен ерекшеленеді, айтатындарын нақты стилдер жүйесінде халыққа жариялап отырады. Сондықтан мамандықтың ішінде журналистер – ерекше публицистикалық, стилді, көпшілікке бағытталған, сөз өлшемі мен мәнерді қатар тұткан, ақпаратты халыққа көзбен көргендей жеткізіп, авторлық және қоғамдық – әлеуметтік мәселелерді шынайы түрде қозғай алатын мамандар.

Журналистика абыройлы, халықтық қызмет. Әуелі халықтың жағдайын ойлайтын, ылғи бұқараны жақтап, оның игілігіне қызмет ететін сала. Ел-жұртты белсенділікке шақырып, басты мәселелерді көтеруге, оның шешімін табуға ықпалын тигізеді. Өзекті мәселелерді көтеріп, оны билік басындағы құзырлы органдарға жеткізе отырып, әділ шешімін табуға көмектеседі. Халық жанында жүріп, оның игілігі үшін әрекет ететін болғандықтан, журналистика қоғамдық-саяси маңызы бар сала. Осыған сәйкес, журналистика халықтық сипатқа ие болады, халықты жақтайды, қорғайды, заңдық тұрғыдан, әлеуметтік тұрғадан қолдау көрсетеді.

Қорыта айтқанда, журналист болу үшін үлкен жүрек пен өткірлік керек. Көзге көрінген мәселелерді тап баса айта алып, билік басындағыларға қаймықпай  жеткізе алуға қабілетті болуы қажет.  Әрдайым халық жағында болып, игілігі үшін әрекет етуі керек. Таңдаған кәсібі халықтық екенін, халықтың жанашыры екенін бір сәт естен шығармауы тиіс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *