“Шырақ” қысқаметражды мультфильмі

 

Шырақ

«Шырақ»-отбасындағы қарым-қатынас пен рухани құндылықтарды насихаттайтын мультфильм. Негізгі идеясы- отбасындағы ата-ана мен балалардың бірге уақыт өткізуі, сүйіншілікпен, мейіріммен араласуы маңызды екенін жеткізу. Қазақ кино индустриясындағы ерекше форматта шыққан қысқаметражды мультфильм. 3D форматындағы анимация, жоғары сападағы кейіпкерлер бейнесі, бейненің атмосферасын толығымен жеткізетін әуен мен дыбыстар бұрын соңды мультсериалдарда болмаған өзгеше ерекшеліктерді алып келді. Мультфильмдегі “Шырақ” қараңғыда айналасын жарыққа бөлейтін шам. Басты кейіпкер Шырақ болғанымен, негізгі идеяны жеткізетін кейіпкерлер отбасындағы адамдар. Қазір қоғамда ата-ана өз жұмысымен әлек болғанда баланы телефонмен алдандырады. Қалада жарық сөніп қалғаннан кейін, осы Шырақтың айналасында жиналған отбасы мүшелері жүрекке ерекше жылулық сезім ұялатады. Мульфильмнің сюжеті кез келген адамның бала күнінде отбасымен өткізген жылы кештердің барлығын еріксіз есіне түсіреді. Отбасы мүшелері бір-бірімен сөйлесіп, ерекше уақыт өткізіп, қоғамда ұмыт болып бара жатқан рухани құндылықтарды жеткізеді. Мультфильмнің негізгі месседжі — отбасылық құндылықтар, мейірімділік, сүйіспеншілік және өзара көмек.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *