Қазақстандағы қаржылық сауаттылық дамыған ба?

   Қаржылық сауаттылық – адамның әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға әкелетін қаржылық мінез-құлық саласындағы білімдердің, дағдылар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Негізгі қаржылық ұғымдарды түсіну дәрежесі және өмірлік оқиғалар мен экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қысқа мерзімді шешімдер мен ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау арқылы жеке қаржыны басқару мүмкіндігі мен сенімділігі. Қаржылық сауаттылық адамның жалпы әл-ауқатына әсер етеді. Яғни, адам негізгі және озық экономикалық ұғымдарды жақсы түсінген сайын, өзінің өмірін қалай жақсартуға болатынын түсінеді.

   Қаржылық сауаттылықтың негізгі тақырыптарына: жинақтау, жылжымайтын мүлік, бюджеттеу, салықтар мен зейнетақылар, сақтандыру, оқу ақысы мен шоттарды төлеу, автокөлік сатып алу және басқа да ірі сатып алулар кіреді. Әрбір ересек адам білуі керек неғұрлым жетілдірілген тақырыптарға инвестиция, пассивті кіріс және жинақ, сондай-ақ несиелер мен басқа да қарыз міндеттемелері кіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық сауаттылық әлі күнге дейін даму үстінде.

   Егерде бизнес бастап немесе табысты айлық көзінен ақшаңызды жинағыңыз келсе, өз қаржыңызды басқару принциптерін ұстаныңыз.Міндетті түрде сіз қаржылық есепті жүргізуге тиіссіз,  түскен ақша мен жұмсалған ақшаның есебін жүргізіп отыру — қаржылай сауатты адамның пайдалы әдеті. Сонымен қатар ең басты талап ол- бюджетті жоспарлау. Бюджетте өз шығындарыңызды талдап және өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді анықтағаннан кейін ғана жоспарлау тиімді.Қаржылық сауаттылығыңызды дамытқыныз келсе мынадай кітаптарды оқуға болады: «Богатый папа,бедный папа», «Путь к финансовой независимости», «Думай и богатей», «Сам себе финансист» және тағы да басқа.

  Қазіргі заманда қаржылық сауаттылық жоғары бағаланады. Ең алдымен, бұл сіздің жеке әл-ауқатыңызды және өмір сүру деңгейін жақсарту құралы. Неғұрлым көп білсеңіз, соғұрлым көп әдістерді қолдана аласыз. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді жақсартқыңыз келсе, көбірек ақша тапқыңыз келсе, оған аз физикалық күш жұмсайсыз, онда сіз қаржылық сауаттылықты арттырудан бастауыңыз керек.

 

Сайляу Айнұр Талғатқызы

Тұран университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *