Сайрам-Сансыз баптар мекені

 

Сайрам — Сансыз Баптар Мекені

Абдихалилова Дилмира Октамжанқызы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Жетекші:

Исах Жұлдыз Ержігітқызы

Аннотация. Бұл мақалада Сайрам қаласының орналасуы, тарихи, әйгілі ғалымдардың еңбектерінде қала туралы жазылған ой-пікірлері қарастырылған.

Біздің әрқайсымыздың жаңа жетістіктерге қол жеткізуге, жұмыс күндерінен демалуға, сізді бағалайтын, жақсы көретін және әрқашан күтетін өз орнымыз бар. Егер біз алыс елде болсақ та, біз әрқашан үйге, өміріміз басталған Отанға, ең қымбат және ұмытылмас сәттер қалған жерге оралғымыз келеді. Мен Қазақстан деп аталатын әдемі елде дүниеге келдім. Мен өзімді патриот деп атай аламын, өйткені Мен өз Отанымды шынымен жақсы көремін. Мен үшін бұл жер бетіндегі ең жақсы жер, өйткені менің туыстарым, маған өмір сыйлаған ата-анам, мен осында өстім және тұрамын. «Отан» нені білдіреді? Бұл сөздің әркімнің өз анықтамасы бар. Біреу үшін бұл сіз туылған ел, біреу үшін бұл туыстары мен жақын достары тұратын қала немесе ауыл, онда балалық шақ және онымен байланысты ең ерекше сәттер өтеді. Бұл әрқайсымыз үшін таптырмас орын және Жердегі ең жақсы орын.  Біздің елде орасан зор ормандар мен өрістер, таңғажайып сәулет, ескерткіштер, тарих бар, таңғажайып табиғат бар.

Мен Түркістан облысы Сайрам ауданында дүниеге келдім. Түркістан өлкесі ежелгі заманнан-ақ еліміздің тарихында өзіндік өрнегімен ерекше орын алып келген. Бұл өлке – Ұлы Жібек Жолы жүріп өткен білім мен ғылым орталықтарының түйіскен жері, әйгілі Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи бабаларымыздың отаны. Түркістан (Ясы), Сауран, Сығанақ, Тараз сияқты Сайрамда Ұлы Жолы бойында салынған айтулы қалалардың бірі. Басқасын ауызға алмағанның өзінде, бұл шаһар Заратустраның парсылар газетінде әйгілі «Авестасында» «Сайрим» деп жазылады. Ендігі бір деректерде «Сарием», ал Сайрам тарихынан шежіре тарататын «Рисалада» Исфиджаб, Мадинатул Байза деп айқын көрсетілген.

«Сайрамда бар сансыз бап…» демекші, кезінде Ескі Сайрамда 50-ден аса мешіт, 40-там астам имам болғандығын 1893-1894 жылдарда Сайрамға сапарлаған әйгілі ғалым В.В.Бартольд өз жолжозбасында еске сала кетеді. Сыртқы сымбаты сұрықсызданып тұрғанымен, ішкі сыры мен құпиясы әлі күнге дейін бізге беймәлім Мәртөбе, Ұлытөбе, Төрткүлтөбе, Қаратөбе, Қарауылтөбелер, Қожа Ахмет Ясауидің ата-анасы Ибрагим ата мен Қарашаш анаға арналып салынған қасиетті кесенелер, басқа да әулиелі орындардың бәрі осында. Өкінішке орай кейбіреулері тозып, кейбіреулері қайта қаланып дегендей, уақыттың қатал сынына шыдап келуде. Мұсылман дүниесінің ең үлкен Құран кітабы да осы Сайрамнан табылған. Яссауидің бұрын-соңды жарық көрмеген, жарияланмаған 50 хикметі де 2011 жылы осы өңірден табылды. Көне Сайрамның ғұмыр жасын анықтау үшін ауы-аймақ көлемін түгелімен аударып, төңкеріп тастаудың қажеті жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, Сайрам шаһары Ұлы Жібек Жолының бойында, көне жәдігерліктің көзі де өзі ретінде аман-есен тұр. Көне де ескі екендігіне көз жеткіземін деген адамға Мұрағат ғимаратының есігі ашық, Шымкенттен бар жоғы отыз-ақ шақырым жерде.

Аудан орталығы — Ақсу ауданы оңтүстікке қарай 24км, жерде орналасқан. Сайрам Исфижа жазба деректерде VІІғ. Бас кезінде Сюань-Цяньның сапарнамасында ел “Ақ өзендегі қала” деген атаумен еске алынған . Кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғ. деректерінде “Сайрам – Исфижап аталып жүрген және Ақ қаланың (Ал-Мадинат, Ал-Байда)” атауы болған. Исфижап – аталуы соғды тілінде “Ақ–су” мағынасын білдіреді деген де пікір бар. Исфижап қаласына осы облыстың барлық жер — суы Шығыста Талас – Шуға дейін, Солтүстік – батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр. Исфижап округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Барадн мен Беруней қалаларын Жетісудың Тараз, Қулан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. Әбу-Райхан Беруний “Қонуний Масъудий” кітабында әлемді жеті белдеуге бөледі де Исфижапты Самарқанд, Шаш, Ферғана, Хорезімдердің қатарында бесінші белдеуге кіргізеді және өз картасында көрсетеді.

Ежелгі Сайрам қаласы – керуен жолында орналасқан Азиядағы ұлы саяси мәдени оқиғалардың орталығы. Ежелгі Құшар, Эфталид, Бактриана, Сагдиана, Парфия мемлекеттерінің тарихы және әрбір тарихи кезеңдегі ұлы әскери қолбасшылар Кир, Ксеркс, Ескендір Зулқарнайын (Александр Македонский) Шыңғыс хан, Әмір Темірдің жорығы Сайрам тарихымен тығыз байланысты. Қала өз заманына қарай жақсы бекітілген. ХV-ХVІ ғ . тарихшы Рузбихан Исфагани былай жазады. Қаланың негізгі бөлігі қоршалған дуалдардың биіктігі сонша икемделген адамның қолы жете бермейтін, оның анала қазылған ордың тереңдігі сонша, одан аттауға, жақындауға қазақтың аяғы да бармас еді, — дейді. Жазба деректер бойынша ескі қаланың бір-біріне қарама қарсы салынып қаланы көктей өтетін тура көшелермен жалғасып тұрған төрт қақпасы болған. Сайрамның Солтүстік қақпалары Бел (Бекілік) – қақпа немесе Белдарбаза аталған олардың қос босағасында сыртқа жұмырланып шығыңқы тұрған қос мұнара болған. Оңтүстіктегі қақпалары – Базар дорбаза , шығыс қақпалары – Қарамұрт дарбаза , ал батыстағы қақпа – Шымкент дарбаза аталған.

Сайрамның сүниттік –мұсылмандық, ғылыми және мәдени орталық болғаны туралы көптеген атақты ғалымдар жазып кеткен. Олардың ішінде әлемге әйгілі ғалымдар мыналар:

  • Әбу-Райхан Беруни (ХІ ғасыр)-“Қонуний Маьудий”.
  • Махмұт Қашқари (ХІ ғ)- “Диван-Лұғат ат түрк”.
  • Әбу- Исхақ әл-Истахрий (ІХ-Х ғ.) –“Тарих кітабы”.
  • Ал Мақдисий (Х ғ.) – “Ахсан ат тақасим”.
  • Мухаррири номаълум (Х ғ.) –“Худуд әл-алам”.
  • Мухаммад Жадид ат Табарий (ІХ-Х ғ.) —Тарихи табарий”.
  • Ал-Масъюдий (Х ғ.) – Муруд аз захаб”.
  • Мақтымқұлы (ХҮІІІ ғ.) — өлеңдері
  • Шайх Сүлеймен Бұхари (ХІ ғ.) – “Луғати чиғотой ва турки усмоний”.
  • Еқут Хамавий ( ХІІІ ғ.) –“ Муьжамул булдон”.
  • Захриддин Бабыр ( ХҮІ ғ.) – “Бабырнама”.
  • Әбдіраззақ Самарқанди (ХҮ ғ.) – “Матлан Саьдайн ва мажбай бахрайын”.
  • Ибн әл- Асир (ХІІІ ғ.) –“Бахр асрор”.
  • Мұса Сайрами (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –“Тарихи эминия”.
  • Юсуф Сареми (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –лирикалық өлеңдер (ғазал)
  • Шарафаддин Әли яздий (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ.) –“Зафарнама” және басқа шығармаларда Сайрам қаласы туралы құнды мәліметтер қалдырған.

Бұлардан басқа көптеген орыс, қытай, византиялық, ирандық ғалымдар да Сайрам жөнінде жазған. Күні кешеге дейін қала бекініс ролін атқарды және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады.

Қазіргі таңда Сайрам инфрақұрылымы дамыған қала.  Мұнда мектептер, ауруханалар, мәдениет ошақтары сияқты көптеген қоғамдық маңызы бар мекемелер, сондай-ақ көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Сайрамның басты көрікті жерлерінің бірі  Қожа Ахмет Ясауидің анасының, яғни, Қарашаш ана кесенесі. Ал қаланың солтүстік шығыс шетінде Қожа Ахмет Ясауидің әкесі – Ибрахим ата кесенесі орналасқан. Бұл кесене 1880 жылы қайта тұрғызылған. Сонымен қатар, Сайрамда мешіттер, мұражайлар, саябақтар мен театрлар сияқты басқа да көптеген көрікті жерлерді көруге болады.  Қала сонымен қатар ет, сүт және дәнді дақылдардан жасалған тағамдармен ұсынылған ұлттық тағамдарымен танымал. Сайрам – әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын бай тарихы мен мәдени мұрасы бар қала.  Мұнда табиғаттың сұлулығын тамашалауға, тарихи көрікті жерлермен танысуға және жергілікті тұрғындардың қонақжайлығынан ләззат алуға болады. Ендеше, елмін деген жамағаттың, менмін деген азаматтың құлағына алтын сырға – сансыз бапты Сайрамды да санатына қосайық, қатарынан қалдырмайық.

 

Қарашаш ана кесенесі

 

Ибрахим ата кесенесі

Махмұт-Шейх баба кесенесі

Абдул-Әзиз баб кесенесі

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Егемен Қазақстан газеті (2013ж)
  • Оңтүстік Қазақстан газеті (2013)
  • Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік (2012)
  • https://kozhalar.kz/
  • https://el.kz/
  • https://kz.otyrar.kz/

 

 

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Абілхан Сандуғаш:

    Жарайсың, керемет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *