Имиждік мақала:Іс-тәжірибе есеп беру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
«7М01106- Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» мамандығының
1 курс магистранты
Жалғас Серікбол өткізген практикалық сабағының
ЖОСПАРЫ
Өткізілген уақыты: 07.03.2023 ж. сағат: 12:00-12:50
Өткізу орны: ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, 121 аудитория.
Сабақ өткізілген топ: «6В01101-Педагогика және психология» мамандығы,3 курс.
Сабақтың формасы: жарыс-сабақ.
Сабақ тақырыбы:«Ұйымдарға кеңес беру деңгейлері.Басшыларға кеңес беру.Персонал-технологиялар: таңдау,оқыту.
Сабақтың мақсаты:
- студенттерге тақырыпқа сәйкес жаңа ақпаратпен таныстыру;
- студенттерге алған білімдерін қолдануды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1.Жаңа ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасау және оны жаңа жағдайларда қолдану қабілетін дамыту;жеке білімді жүйелеу;
2.Білім, қабілет пен дағдыларды игеру деңгейін анықтау.
Көрнекі құралдар:суреттер,слайд,нотбук,смайликтер,түрлі-түсті фломастерлер.
№
п/п |
Кезең атауы | Кезең сипаттамасы | Кезеңнің мақсаты | Уақыт\мин. |
1. | Ұйымдастыру | Студенттерді түгелдеу. | Жұмысқа дайындық | 3 |
2. | Сабақтың басы | 1.Семинар сабағын ұйымдастыру және өткізу туралы оқытушының кіріспе әңгімесі:тақырып аталады, оның мақсаты анықталады.Көп тілді амандасу әдісі арқылы студенттермен сәлемдесу.
2.Сергіту сәті:«сиқырлы көзілдірік»жаттығуы.Студенттер шеңбер бойымен орналасады. Кез – келген студент ұнамды комплимент,мақтау айтады.Ал қалған студенттер ол кімге қатысты екенін табады. Мақтау алған студент ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды көңіл-күй,мақтау алмайынша, ойын аяқталмайды. |
Жаттығудың тапсырмасы – студенттердің бірін-бірі түсінісуі арқылы қарым-қатынас деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін дамыту. |
5 |
3. | Студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау. | Студенттердің бастапқы білім деңгейі тексеріледі.Жаңа тақырып бойынша шатасқан сөздер арасынан студенттер Flippity платформасы арқылы тақырыпқа сәйкес,студенттер шатасқан әріптер арқылы жаңа сөздерді табады. «Ойлар бұлты» әдісі жұргізіледі. | Студенттердің сабаққа дайындығын анықтау. Ойлар бұлты-сабақ тақырыбын көргенде не ойлады ең алдымен соны айтады,ассосоция . |
12 |
4. | Теориялық шолу | Студенттерге семинар тақырыбы бойынша теориялар ұсынылады,ғылыми ақпараттар берілді. | Теориялық шолу жасалынып,ақпарат ұсынылғаннан кейін практика жүзінде толық іске асыра алады. | 10 |
5. | Практикалық кезең | Студенттерді «жұлдыша»әдісі арқылы топқа бөлу. «Ортадағы қалам»әдісін жүргізу.1топ-Персоналдарға кеңес берудің замануи әдістері.
2-топ-Ұйымдарға психологиялық кеңес беру барысында жаңа қызметкерге кеңес беру және менеджерге кеңес берудің маңызы сұрақтары аясында ой бөлісу. Автокөлік”ойыны-Ұйымдарға кеңес беру.Телебағдарлама жаттығуы. |
Танымдық қызығушылық пен тәуелсіз пайымдау қабілетін дамытуға ықпал ету. Ойынның мәні-тақырыпқа сәйкес,автомобиль құрылымын проекциялау, оның бөліктерін (қосалқы бөлшектерін) зерттелетін материалға бөлу. |
25 |
6. | Студенттердің қорытынды білім деңгейін бақылау. | Wordwal платформасы арқылы Кім мықты?жаттығуын өткізу,платформа көмегімен айналмалы спиннер арқылы студенттер кездейсоқ таңдалған карточкаларға өткен тақырыптар аясындағы сұрақтарға жауап береді. | Сабақтың мақсатына жету дәрежесін белгілеу. |
10 |
7. | Семинар қорытындысы бойынша оқытушының түйіндемесі. | Мұғалім студенттердің жіберген қателіктерін көрсетеді, сабаққа баға береді, келесі сабаққа тапсырма береді. | Студенттердің өзіндік жұмысқа деген ынтасын дамыту. | 5-10 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Балғымбаева, З. М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы / З. М. Балғымбаева, Н. С. Ахтаева. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 102 с.Хуторской А. В. Педагогическая инноватика: методология, теория, практика. Научное издание. — М.: Изд-во УНЦ ДО. 2008—222 c.
- Мальцева Т.В. Профессиональное психологическое консультирование {Электронный ресурс}: учебное пособие/ М.: Юнити-Дана, 2012.- 143 с.
Педагогическое консультирование: учеб. пособие для студ. вузов / М. Н. Певзнер, О. М. Зайченко, С. Н. Горычева; под ред. В. А. Сластенина, И. А. Колесниковой. -М.: Академия, 2006. -320 с.
3.Хухлаева О. В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции: учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по спец. 031000 – Педагогика и психология; Междунар. Акад. наук пед. образования. -3-е изд., стер. -Москва: Академия, 2006. -2
Интернет ресурстары:
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718