Қара шаңырақта өткен ауқымды іс-шара

Алаш деген сөзді естігенде ең алдымен ойыңа қазақтың зиялы қауым өкілдері есіңе түседі. Атап айтқанда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхаммедов және т.б. Осы тұлғалардың салып кеткен сара жолы келер ұрпағына яғни біздерге зор игілік болып жабысты. Қазақ барда алаш бар. Алаш атын, тұлғаларымызды жалпақ жұртқа әрқашан дәріптеп жүреміз. Дәлірек айтқанда оларға арнап түрлі зерттеулер жүргізіп, кино түсіріп, кітап жазып тарихтан аттарын өшірмейміз. Сол жолда университет табылдырығын аттаған жас буынға АЛАШ тарихын санасына сіңдіру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Асс. Профессоры, ментор, тарихшы Тасилова Назия Айтбайқызының ұйымдастырылуымен студенттер арасында “Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз’’ атты ауқымды іс-шара өтті.

 

Аталмыш шараға журналистика факультетінің студенттері белсенді қатысты. Бойларындағы бар өнерін ортаға салып көпшілікті тәнті етті. Өнерлерімен ғана тәнті етіп қоймай білімдерімен де көптің ықыласына бөленді. Атап айтар болсақ өздерінің ұйымдастыруымен бес арысқа арналған қойылымдары жоғары деңгейде көрермен назарына ұсынылды. Қойылымның басталуы, негізгі сәттері, өрбуі айқын көрсетілді.

Алматы ақынға кенде қала емес, сондада факультеттің студенттері өздерінң бойындағы табиғат берген дарынын Алаш ордалықтарды дәріптеу жолында жүрек жарды жырларын арнады. Дана Садырқан, Ұлдана Нурадин, Бауыржан Альмира, Айнұр Анламасова сынды ақын қыздарымыз жан дүниені нұрға бөлейтін киелі жырларымен тәнті етті.

Сабыр Шұғыла, Жеңісбекқыз Аягөз “Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра’’ деген ұстаныммен қазақтың қара домбырасынан күмбірлете әсем күйлерін төкті.

Шараға қатысқан құрметті қонақтарымызда болды. Олар: т.ғ.к.,доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, т.ғ.к, аға оқытушы Арынов Жұмақан Мақанұлы. Қонақтарымыз өздерінің ақыл кеңестерін студенттерге айтып, шараны жоғары дәрежеде өткізгендері үшін өз алғыстарын білдірді.

Жастарға тәлім беретін осындай шаралар ұлт үшін жанын қияр азамматардың зор ықыласына бөленері һақ. Жүрек түкпіріндегі жатқан ұлтына деген құрмет, еліне деген сүйіспеншілік әрбір азаматта бар. Тек соны шынайы іс-әрекеттермен жасап ұлттық мүдде жолында күресу керек. Міржақып Дулатұлы айтып кеткендей:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

Біздің артта қалдырған игі істерімізбен, тағылымды мұраларымызды келер ұрпақ пайдаланып  оларда елдің дамуына өз үлестерін қосуға тиісті. Біз сонда ғана алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз.

                                                                                         Ербол МЕДЕТБЕКҰЛЫ

                                                           ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ

                                                                                              1 КУРС СТУДЕНТІ

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *