«Журналист» – ұлылар қолтаңбасы, бабалар жолы, даналар ізі

                                       

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті –«Журналист боламын!» деп жалындап тұрған жас өрендердің қанатын қатайтып, биікке самғауына зор мүмкіндік сыйлайтын еліміздегі жалғыз қара шаңырақ. Өйткені, қара шаңырақ студенттерге терең білім берумен қатар, журналистиканың басты қағидасы – сауатты жазуға шыңдайтын шеберлік мектеп. Оған дәлел – 30 жылдан астам ғұмыры бар студенттердің оқу-тәжірибелік «Журналист» газеті. 

«Журналист жаза білуі керек. Жақсы жаза білген журналист, жақсы сөйлей де алады»,- деп жатамыз. Студенттердің шығармашылық қадамдарының негізінде әлі күнге дейін шығып тұрған «Журналист» газетінің де мақсаты – студенттерді жақсы жазуға машықтандыру. Студенттердің шығармашылығын өрлететін мұндай газетті еліміздің басқа оқу орындарынан таба алмайсыз. Себебі, мұндай басылым тек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғана бар. Бүгінгі таңда біз үлгі тұтып жүрген атақты журналистердің өзі алғашқы қадамдарын «Журналист» газетінен бастаған. Аталмыш газет Журналистика факультетінің 1-курс студенттерінің шығармашылық негізінде әлі күнге дейін тыныстап тұр. Шығармашылық жолға жетелейтін «Журналист» газетінің биыл 2 нөмірі жарық көрді. Газеттің 15 жылдан бергі редакторы болып келе жатқан Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Римма Серікәліқызы Жақсылықбаеваның жетекшілігімен студенттер де газеттің шығуына белсенді түрде араласты. Жауапты хатшы әрі дизайнерлері Журналистика факультетінің 1-курс студенттері Алибек Таңнұр мен Аман Ақнұр болып, бір жағынан газеттің жарыққа шығуына белсене атсалысты, екіншіден, өмірлеріне қажетті мол тәжірибе жинақтады. Бұдан бөлек, газет бетіне өлең, мақала жазу арқылы бәріміз де жазуға төселіп, қаламымыз машықтанды. Студент кезден үлкен мақсатқа жетелейтін «Журналистің» әр қадамына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да өз тізгінін үзбейді деген сенімдеміз. 

 

САДЫРҚАН Дана,

Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *