Философия және Саясаттану факультеті
Қазіргі таңда елімізде жоғарғы білім беретін ЖОО-дары айтарлықтай көп.Солардың ішінде 90 жылға жуық тарихы бар,еліміздің көшбасшы университеттерінің бірі, мен білім алып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің,Философия және Саясаттану факультеті жайлы айтпақпын.Ең әуелі,өзімді таныстырып кеткенім жөн болар.Мен Нурбосынқызы Альбина Философия және Саясаттану факультетінің,Дінтану мамандығының 1-курс студентімін.Жалпы,біздің университетімізде 16 факультет бар.
Әрбір факультеттің өзіндік ерекшелігі,орасан зор тарихы бар.
Философия және саясаттану факультетінің тарихына келер болсақ, өзінің бастауын 1947 жылы психология және логика кафедрасының ұйымдастырылуынан, содан соң 1949 жылы университетте философия және экономика факультетінің ашылып, 1951 жылы философия-экономика факультетіне біріктірілуінен бастайды. Философиядан кадрларды Кеңес Одағының орталық оқу орындарында ғана дайындау қажет деп шешкен СОКП ОК шешімі бойынша 1954 жылы жабылған философия-экономика факультеті 1968 жылы қайтадан ашылды. Соңғы жылдары психология, саясаттану, әлеуметтану сияқты жаңа кафедралар ашыла бастады. 1991 жылы философия және экономика факультеті екі факультетке, философия және саясаттану, экономика және әлеуметтану факультеттеріне бөлінді. 1997 жылы әлеуметтану бөлімі философия және саясаттану факультетінің құрамына енді.
Философия және саясаттану факультеті – Қазақстан Республикасындағы философия және саясаттану факультеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ipi білім беру орталығы болып табылады. Факультет университеттің дамуымен бірге Қазақстандық, философиялық, әлеуметтанулық, психология-педагогикалық, саясаттанулық ғылымдарымен, мәдениет және жалпы білім беру процесстеримен катар жүрді. Факультет өзінің бар болуына барлық уақытысында қоғамдық өміріндегі әр түрлі салаларға арналған ең жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды даярлаған.
Факультетімізде 6 кафедра,келесідей 10 мамандықты оқытып,білікті мамандарды дайындайды:
• 5В020100 – Философия
• 5В020600 – Дінтану
• 5В050300 – Психология
• 5В050100 – Әлеуметтану
• 5В020400 – Мәдениеттану
• 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
• 5В010300 – Педагогика және психология
• 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
• 5В050200 – Саясаттану
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілген болатын.Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қаз¥У – әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталык Азиядағы жалғыз жоғарғы оқу орны.Сондықтанда, осы орайда факультетіміздің ғылыми-зерттеу қызметі жайлы айта кеткен жөн болар.Әлеуметтік философия кафедрасы қазіргі замандық әлеуметтік философия, саяси философия, құқық философиясы, білім философиясы, ғылым мен эпистемология философиясы, ислам философиясы, қазақ философиясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми-зерттеу іс-шараларының түрлері мен формалары әртүрлі. Әлеуметтік философия кафедрасының ғылыми-зерттеу шараларының ерекшелігі бірнеше ғылыми бағыттарды синтездеу: А.Х. Қасымжановтың философиялық мұраларын зерттеу. Қоғам мен адамның рухани өзін-өзі анықтау мәселелерін зертте. Әл-Фараби мұраларын зерттеу Қазіргі әлеуметтік философия мәселелерін және әлеуметтік эпистемология мен компаративистік зерттеу әдістерін қарастыру. Әл-Фараби идеяларының методологиялық-жалпыгуманитарлық мәнін қарастыру және оның шығармашылығын түрлі ғылыми зерттеулер мен инновациялық білім процесстерінде қолдану деңгейін қадағалау. Жаһандану дәуіріндегі қазақ ұлттық идеялары мен отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Әл-Фараби мұраларын қазіргі замандық ғылыми-әлеуметтік жағынан зерттеу. 2008 жылдан бастап әлеуметтік философия кафедрасында әл-Фараби орталығы жұмыс жасап келе жатыр. Орталық жетекшісі – профессор Алтаев Ж.А. Орталықтың негізгі жұмыс жасау бағыты Әл-Фараби идеяларын қазіргі уақытта толығымен зерттеу т.б.
Қортындылай келсек,ҚазҰУ студенті болу-мақтан тұтып ,биік атаққа лайық болумен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қазіргі таңда әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар қоғамға ерекше сұранысқа ие болуда.Қазіргі таңда біздің факультетіміз осындай білікті мамандар даярлауда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
www.kaznu.kz
Дінтану мамандығының 1-курс студенті
Нурбосынқызы Альбина
Жетекші аға оқытушысы:Мұқан Нұрзат
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718