Зұлмат: Қазақ жеріндегі ашаршылық жылдарға шолу

  • Қазақ халқы егемендігіне ие болғанша,талай қиындықты бастан кешірді.Соның ішінде қанша адамның өмірін жалмаған,халқымыздың санын азайтқан-ашаршылықтың орны айрықша зор болды.

 

XX ғасыр басында үш рет орын алған ашаршылық қазақ халқының басына орын алған кесапат болды. Яғни,13 млн қазақтың 3.2 млн ғана тірі қалған.

1917-1919 ж.ж Түркістан Республикасына қарасты Сырдария және Жетісу облыстарында көшпенді халықтың млионнан астамы, яғни 1 ширегі қаза болды.Кеңес одағының құрылуы кезіндегі соғыс пен малдың тартысқа түсуі көшпелі халықтың ашаршылыққа ұшырауына себеп болды.Бұл қазақ даласындағы ашаршылықтың бастамасы еді.

Азамат соғысы аяқтала салысымын,қазақ халқын тағы бір сынақ күтіп тұрды.Ол-ашаршылық. 1921-1922 жылдарындағы ұзаққа созылған қыс,жауынсыз жазға ұласты.Осынын әсерінен қазақ даласын құрғақшылық жайлап,салдары ашаршылыққа әкеп соқтырды..Ашаршылық бастауын Еділ бойынын аудандарынан бастады.1921 жылдың күзіне қарай ашаршылық 1-млн 700-мың адамның өмірін жалмаған.

1932-1933 жылдардағы ашаршылық-қазаққа жасалған нағыз қастандық.Ашаршылықтың төресі болған уақыт.Билік басында тайрандаған Сталиннің бұйрығымен Голощекин қазаққа «кіші қазан» төңкерісін ұйымдастырды.Қолдағы барын тартып алып,жеуге тамақ қалдырмай,босқындардың емделуіне тиым салды.Кеңес үкіметінің қазақ халқын жойып жіберу мақсатында ойластырылған арам пиғылынын әсерінен 60-80% бауырымыз қыршын кетті.1929 жаздағы санақта тіркелген 40 млн-нан астам малдан,1933 жылы жазда 4 млн ғана бас қалған!Үш кезеңге бөлінген ашаршылық қазақты жойып жіберудің нақ алдында тұрды.Өзімен бірге қазаққа талай қасірет әкелді.Яғни,ата-Үш кезеңге бөлінген ашаршылық қазақ халқының басына орнаған кесапат еді. Анасы көз жұмып аш жалаңаш қалған балалар ендігі өмірін өз үйінде емес, жетімдер үйінде өткізді.Жетімдер үйінің бастауы осы кезең болған.Оған қоса,бұрын сонды болмаған сүзек,тырысқақ,оба,дінгене секілді жаман атты жұқпалы аурулар тарала бастады.Ашаршылық, эпидемия, ауруханада орынның жетіспеуі өлім санын одан әрі көбейтті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ке жуығы көз жұмды.Әрі,малдың 80%-і қырылды.Ауылшаруашылығының 80%-і Кеңес одағының тәркілеуіне ілікті.1922 жылы жылқы 63%-ке, ірі 50%-ке, ұсақ мал 65%-ке азайды. Егіс алқабы 62%-ке қысқарды.

 

Қазақ қанша қасіретті бастан кешірді.Ашаршылық қанша шаңырақтын бақытын шарпып өтті.Ашаршылық-тарих бетіне тасқа қашалғандай өз орнын қалдырды,әрі әр адамның жүрегіне де қорқыныш болып сақталды.Бұл қорқыныш әр уақытта басымызға орнауы мүмкін. Соңдықтан әр күнімізге шүкіршілік айтып,алдымыздағы асымызды қастерлеу қажет.Қолдағы барды қадірлеп,тарихты жаңғырта берсек-қазақ халқын ешкімде,ешқандай аштықта жоя алмайды!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *