Химия мұғалімі болуға Yessenov University шақырады!
Мұғалім ол – ұлы мамандық иесі. Ұлағатты ұстаздардың еңбегі мәңгі есте сақталады. Себебі ол бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оның екінші ата-анасына айналады.
Ұстаз баланы тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатады. Дегенмен бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Біз де өзгереміз. Мұндай өзгеріске балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де дайын болуы керек. Жас ұрпақпен жұмыс істей отырып, мұғалімдер оқушылармен байланыс орнатуға және олардың тікелей жұмыс міндеттерін мүмкіндігінше тиімді орындауға көмектесетін белгілі бір жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы тиіс.
Химия пәнінің мұғалімдерін дайындау Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov university) белсенді түрде іске асырылады. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша өз үлесін қосып келе жатқан Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістер жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда университетіміз – мемлекеттік аттестациялау мен аккредитациялаудан өткен заманауи ірі университет. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov university) – аймағымыздағы білім мен тәрбие берудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы. Университетте мұнайгаз өнеркәсібі, жол көлігі, машинажасау салалары үшін, сондай-ақ педагогика, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау, қаржы, геология, экология, жылуэнергетика, құрылыс мамандарын дайындау іске асырылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттерін көздейді. Ақпараттық қоғам жағдайында болашақ химия мұғаліміне ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-телекоммуникациялық технология (АТТ) құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне танымдық жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Олай болса, бұл қоғам кез келген болашақ химия мұғалімінен өз пəнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық-əдіснамалық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық, əдістемелік тұрғыдан ақпараттық сауатты жəне ақпараттық технология (АТ) құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отырған қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану», – деп атап көрсеткен. Қазіргі уақытта əрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған міндетттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ақкенже Чаншарқызы Бусурманова,
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
“Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасының доценті, х.ғ.к.,
Ақтау қаласы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718