Кемеңгеров Қошмұхамбет-редактор, публицист

Қошке Кемеңгерұлы – редактор, публицист

XX ғасырдың 20-шы жылдары мемлекеттік тілдің ауқымды мәселелерін қозғай отыра, оның терминологиялық қорының қалыптасуына зор үлесін қосқан көрнекті қаламгерлердің бірі, өткен ғасыр басындағы ұлттық ағартушылық бағыттың өкілі Қошке Кемеңгеров жайында не білеміз?

Олай болса, кезекті мақаламызда ұлы түлғаның өмірімен таныс болайық!

Кемеңгеров Қошмұхамбет Дүйсебайұлы 1896 жылы 15 шілдеде бұрынғы Ақмола облысы,Омбы уезі, Беке болысындағы Қаржас ауылында дүниеге келген.Деректерге сүйенсек,Қошке-Арғын тайпасына жататын Қаржас руының Құлеке тармағынан,Ақша ұрпағына жатады.

Алғаш рет ауылдағы Белгібай молдадан дәріс алып,мұсылманша сауат ашқан.Кейінірек Қошкені әкесі Омбы приход школына береді.Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады.Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түсіп,мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады.1917-1918 жылдары заман қатал, саясат болса,құбылмалы еді.Дүрбелең оқиғалар тұсында,1917 жылдың сәуір айында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашып,оның төрағасы етіп Сәкен Сейфоллаұлын тағайындады.1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналыс құрса,1917-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды.Алғашқы бас қосуларды ұйымдастырған 1918-1919 жылдары “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді.Өз кезегінде Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем беріп, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыстар жасаған.Қошке осы ұйымның алқасына кіріп,оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды.Газет бетінде большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылып,алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды.1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түсіп,мұнда тек 1 курсты ғана оқып,1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беріп жүрген кез еді.Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищсінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов:“Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, — деп еске алады.

 Ал пьесаларына кезек берсек,Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді.Әрі екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады.

Ұстаздық еңбегі кімді де болсын,тебірентпей қоймас.1920 жылдары Ташкент тарихында тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды.Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқып,сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған.Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы бар назарын шындап ғылым жолына қойды.Бұл орайда ол түріктануды таңдап,1928 жылы 23 қазанда Қошке Шығыстану факультетінің түріктану кафедрасына аспирант болып қабылданды.Аталған факультеттің аспирантурасында Қ.Кемеңгерұлымен қатар Мұхтар Әуезовте оқыған.Қошке тіл маманы ретінде Юдахин, Поливанов, Шмидт тәрізді тәлімгерлерімен қазақ тілінің күрделі мәселелері жөнінде айтысып,пікір алмасып отырған. Мысалы, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы орнықты пікір білдіріп, бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан.Қошке осы Ташкентте жүріп, қазақ тілі білімінің проблемалары жөнінде бірқатар зерттеу еңбектерін жазды.Қ.Кемеңгерұлының ғылыми еңбегінің қатарына 1927 жылы Г.Архангельскийдің құрастыруымен орыс тілінде жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” да кіреді.Қошке Кемеңгерұлы 24-30-жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды.

Қуғын-сүргін құрбаны болған Қошке.

1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы “Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады.

Осы сәттегі көңіл күйін,тартқан азабын ол “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға, Әділдік таба алмадым амал бар ма?” деп сипаттаса, немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында “Құс – ауға, балық торға кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара” деп жазыпты.1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырып,20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. 1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтап,заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді.Алайда айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады.Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмей-тек бір Аллаға ғана аян еді. Осылайша,Қошке әділет пен ерлік,азаттық жолында қаза тапты.

 

Дильназ Мухаммедова

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 1 курс студенті

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *