Біздің қоғамға не жетіспейді?

Қоғам – адам адам баласының өмір сүріп, дамыйтын орын. Қазіргі заманда көптеген технологиялар дамып, өмір деңгейі ағысымен жүріп жатыр. Ол дегеніміз адам санасының дамуы.

Қазақ жеріндегі қоғам менің ойымша өте төмен деңгейде. Неге? Өйткені, қоғамда көптеген адамдар бар, ал Қазақстанда барлық адам бір типті, ол дегеніміз барлығының қызығушылығы, ісәрекеті бірдей. Әлбетте көпке топырақ шашқым келмейді бірақ 3/1 %-ті бір типті. Менің ойымша егерде Қазақстандағы экономика дамуы үшін, басты фундамент қоғам ішіндегі адамға байланысты. Жастар, өгде жазтағы азматтар мен азаматшалар , қарттарға байланысты. Жастарға тоқтала кеткем, киіну стильі, сөйлеу мәнері, үлкендерді сыйлау, тәлімтәрбиеге мән беру керек деп ойлаймын. Және басты айта кетерлік жайт ол үлкендердің кішілерге үлгі болуы, қазақта керемет сөз бар <үлкенге құрмет, кішіге ізет> демек бізді құрметтеген адамды бізде дәл солай құрмет ізетпен қарауымыз керек деген ойдамын. 

Екінші мәселе ол бізде білікті маман тапшылығы. Қазіргі қоғамда парақорлық, жоғарыдағы бастықтармен де үлкен мәселелер қозғалып жатыр. Ол мәселелерді шешу үшін білікті деген маман керек. Басқа елдегі экономикаға назар аударар болсақ парақор адамдарды қатаң түрде жазалайды. Мүмкін біздің елге де сондай қатал әрі әділ жасшы керек шығар.

Үшінші мәселеге келер болсақ, аурумен күресуші техникалар жатіспеуі. Қоғамда көптеген ауыр аурумен ауыратындар бар, ол ауруды емдеу үшін көптеген препораттар мен техникалар қажет. Көбісі осы мәселе үшін шет елге аттанып жатады, егерде қаражаттары жетпей жатса көбісі қоғамнан көмек сұрап жатады, әлбетте қоғам қол ұшын созады. Технологиялардың, керекті препораттың жетіспегенен жылына көп адамның ауруы ушығып, қатерлі дертке әкеледі немесе 100 – деген адамның өліміне әкеліп соғады. Бұл мәселелерді шешу үшін өз нұсқам бар, басқа шет елден импорт арқылы техникалар алдырту

Төртінші мәселе нашақорлық пен кедейлік. Кедейлік өкінішке орай жыл сайын артып келеді. Көшеде қайыр тілеп отырған адамдарды күнделікті өмірде көріп жатамыз, өкінішке орай ондай жайттар әлем бойынша ең ауқымды әрі шешілмеген мәселе болып табылады. Көптнген балалар  үйі, қарттар үйі қазіргі таңда өте көп, оның бірден бір себебі нашақорлық немесе ащшы суға салыну. Осы нәселелерді шешу жолдарын ұсынсам, үйсіздерге арналған орталық ашу керек.

Ойымды қортындылай кетсем Қазақстан ішінде әрдәйім тату, бейбітшілік болу үшін, әр адам өзінен бастау алу керек. Сол кезде біздің қоғам қалыпты деңгейге келеді, қазақстан деген атқа лайық сол кезде ғана боламыз.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *