Миссия

Сейдахметова Мөлдір

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. 4курс студенті.Журналистика және Жарнама бөлімі.

Миссия

Балалық шақ, Орта жас, Жастық шақ және қарт кезең.Адамның өмірі осы жолдардан өтеді осылай өседі.Біздің жаратушымыз күллі әлемнің раббысы Аллах. Яғни Алла бізді өз мейірімімен махаббатпен жаратты.Ол қалады, біз дүниеге келдік. Негізі қызық бізде әрқашан таңдау бар. Алла  сондай  әділетті бізді жаратып ал таңдау еркін  өзімізге қалдырған. «Тағдыр жазылып қойған» демек Миссиямыз анық ал қалау мен таңдауы өзімізде. Неге миссия? -Миссия сөзін міндет мақсат деп алсақ та болады.Бізді  әке-анамыздың  ақ некелерінен  дүниеге келтірді. Аллах екі жұпты яки ата-анаға, ата-анадан баланы белігілі бір мақсатпен дүниеге келтірді.Ислам  хадистерінде де жазылғандай мақсатсыз адам желкенсіз кеме тәрізді.Біз адамдар өмірлік мақсатымыз бен арманымыз болмаса ол қойылған миссиямызға ұмтылмасақ өміріміз де мәнсіз болуы сөзсіз. Неге қазіргі таңда мансап, даму, өзіңді жетілдіру бірінші орында болып кеткен.Ол аздай әлеуметтік  желілерде мансап әлде махаббат деп оны екі тарапқа бөліп жарыса фото суреттер мен видео жазбалар жасап жатқандар аз емес.Екеуі де маңызды, екеуі де біздің өмірімізде орын алатын жағдайлар.Миссияны қоғам сценарийі мен  шатастырып алмайық.Қоғам  сценарийі « Адамдардың сөзден сөзге, адамнан адамға қалыптастырған заңдары» Бала өссін, оқу бітірісін, қолына дипломын алып сол мамандығымен жұмыс жасап, отбасын құрып, ұрпақ әкелуі керек…Бұл қоғам «сценарий».Ішкі миссия да қарастырсақ. Адам  Миссисы (мақсаты)  өз қабілетімен +  балалық шақтан ата-ана тәрбиесінен қағыс алады. Бала армандауы мүмкін косманавт болмаса дәрігер боламын деп, бірақ ол жолға түсуі екі талай,  дүние айналып кетсе де ол адам түптің түбінде өз қабілетіне сай өз ісін миссиясын табады, және соған жетуде түрлі баспалдақтардан өтуге  тура келеді. Осы тұста басында айтып кеткендай таңдаудың да маңыздылығын білдіртіп тұр. Біздің миссиямыз қаншалықта үлкен соған лайықты түрде жауап аламыз. Алла Әркімге  өз қалағанын, сұрағанын береді.Бала өздігінен Косманавт болып кетпейді ол оқиды, зеріттейді, жұмыс жасап әр түрлі сын тараулардан өтеді.Мақсаты косманавт  болатын болса ол қалауын міндетті түрде  алады. Миссиямызды әрқашан туралап отырсақ тура жолда жүрсек бізді ешкім жолымызды бөгемейді.Алла Тағала адамды ешнәрсеге күштемейді. Жақсылыққа да, жамандыққа да. Не десе де, адам жаны тәнінен  гөрі маңыздырақ.Тәннің ғұмыры шектеулі, ал жан мәңгі өмір сүреді. Сондықтан барлық таңдау өзімізде, дұрыс  мақсат қойып  өз жан  қалаумызды орындап жауапкершілікті арттырайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *