Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері

Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері.

      Волонтер-ерікті, еркін адам. Волонтерлер, менің білуімше, халыққа көмектесуші, жауапкершіліктері мол адамдар. Көбіне бұл қатарда студенттер мен еліміздің белсенді жастары болады. Олардың басты қызметі: кез келген істі, жұмысты жұмыла көтеру, қол ұшын созу.

      Волонтер — адамның қалауы бойынша өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. Еріктілер — өзінің атқарған ісі үшін ешкімнен төлемақы күтпейді, себебі бұл іс — еріктілердің жүрек қалауымен атқарған істері. Еріктілер қоғам үшін атқаратын қызметтерін азаматтық борышы деп санайды. Өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, жәрдем ету — ақысыз, жан рахаты үшін атқарылады деп санайды. Жалпы, елімізде волонтерлік қызметке қатысты халықтың арасында айқын түсінік қалыптаспаған. Волонтерлік термин ретінде көп адамға таныс болғанымен, оның мән-мағынасы, қоғамға пайдасы жайлы толық түсінік жоқ. Менің ойымша, еліміздегі, яғни, Қазақстандағы волонтерлік істі әлі дамыту қажет.
      Қалай дамыта аламыз? Мысалы, біріншіден, Волонтерлік — әркімнің міндеті деп қабылдайық. Шынына келсек, әр азамат волонтер болуы керек. Көмек¬ке мұқтаж адамдар өте көп. Мәселе материал¬дық көмекте емес. Жылы сөз айтып, қолдағаныңның өзі волонтерлік. Бұл да үлкен сауап. «Бәрі жақсы болады» дегенді естігісі келетіндер қаншама. Жауапкершілік те әр адамның міндеті. Бұл тек волонтерлердің ісі деп қарайтын мәселе емес. Әр азамат тұрып жатқан жеріміздің бізге тек уақытша берілгенін есінен шығармағаны жөн. Қоғам¬ның, балаларымыздың алдындағы жауапкершілікті сезінуіміз керек. Жердегі қоқысты көтерген¬нің өзінен елімізге кішкентай болсын пайдасын тигізер деген ойдамын. Сондықтан волонтерлер деп жауап¬кер¬шілік пен міндетті шектемеген жөн. Бұл барлығымыз бірге, жұмылып кірісетін жұмыс. Екіншіден, волонтерлік іс хоббиге айналса, осы салада үлкен өзгерістердің болары анық. Сарапшылар зейнетке шыққаннан кейін айналысатын шаруасы болмайтын адамдардың тез қартайып кетуі жиі кездесетінін айтады. Осы кезекте зейнет жасына жеткеннен кейін уақытын қалай өткізуді білмейтін азамат, азаматшалардың да әлеуетін осындай жолмен игі істерге жұмылдыруға болады. Мысалы, ағылшын тілінің мұғалімі ретінде зейнетке шыққан азаматтар бос уақытын жастарға өз білгенімен, білімімен бөлісе алады. Сол сияқты өзге де қоғамға пайдалы мамандық иелерінің әлеуетін мүмкіндігінше пайдалануымыз қажет. Үшіншіден, кемі екі жыл волонтерлік қызметпен айналысқан адамдар үшін жоғары оқу орнына түсер кезде, жұмысқа қабылданар сәтте жеңілдіктер қарастыру немесе жеке кәсіппен шұғылданатын тұлғалар үшін волонтерлікпен айналысқаны, әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін сыйлық беру сынды мәселелерді іске қосуға болады. Осындай қадамдар арқылы да елімізде волонтерлік қызметке қызығушылықты арттыра аламыз.
      Қорытындылай келе, қиыны мен қызығы мол бұл сала, маған үйреншікті болып көрінгенімен, өзгелерге қиын болары сөзсіз. Әсіресе, көмекке мұқтаж жандарға, өзгеге материалдық жағынан көмек беруі қиын болары сөзсіз. Сол үшін мен «Ерікті болу – ерлікпен тең» деп айтар едім.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *